Жоғарыда келтірілген мәліметтердің қайсын алсаңыз да болжамдар айта келе дәлелдеуге келгенде тығырыққа тіреледі. Қай заманның ғалымын алсаңыз да тіршіліктің эволюциясын өзінше дәлелдегісі келеді, бірақ өзі он сегіз ғаламды жаратқан Бір Һақ бар екеніне сенеді. Ғылым бұл да бір бизнес, өкінішке орай тіршілік эволюциясына келгенде көз бояушылық орын алады. Алла Тағала, жоқтан бар жасаған, қоршаған ортаның Адам үшін қызмет жасауын негіздеп, ондағыларды пайдалана отырып Өзінің бар екенін сендіреді. Жүректері жабық, көздері көріп тұрса да көр соқырлар оған сенгілері келмей өздерінше дәлел іздеп қанша ғасыр әуреленіп келеді. Қазіргі иновациялы, заманауи техникалардың дамуының нәтижесінде ғалымдар Алланың бар екеніне, табиғаттың барлық жаратылысының иесі бар екеніне, оған біздің жауапты екенімізді түсініп отыр. Соңғы пайғамбар Мухаммад с.а.с. арқылы біздерге тіршіліктің барлық болмысын, ондағы біздің алатын орнымызды, табиғаттан алып отырған барлық ресурстарды қолданысқа келтіру, адамның қасиетін көрсетіп берген. Табиғаттағы өлі мен тірінің арасында көзге көрінбейтін бір-бірімен тығыз байланыс бар екені санасы бар адамға еш дәлелсіз көрініп тұр.