№3 дәріс биосфера эволюциясы

бет1/7
Дата07.11.2022
өлшемі1,54 Mb.
#48029
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
3 лекция (копия)

№ 3 дәріс БИОСФЕРА ЭВОЛЮЦИЯСЫ

  • ЖОСПАР:
  • Алғашқы Жер қабығының, атмосфераның, гидросфераның құрылуы. Заттекетердің геологиялық айналымының пайда болу.
  • Биологиялық алдындағы (химиялық) эволюция. Тіршіліктің өмір сүруіне қажетті: аминоқышқылдар мен қарапайым пептидтердің, азотты негіздер мен қарапайым көмірсулардың қарапайым органиалық қосындыларының жинақталуы мен синтез процессі.
  • Ежелгі биосфера. Заттектің биологиялық айналымының пайда болуы. Оттекті атмосфераның құрылуы.
  • Эукариоттың пайда болуы. Органикалық әлемінің қазіргі биоәртүрлілігі.

Тірі организмнің анорганикалық материядан пайда болуы жайында тікелей экспериментті түрде алынған материал болмағандықтан мұны шешу ғалымдарға оңай түскен жоқ. Идеалистер ең алдымен діни ұғымдарды таратуға ұмтылды. Тірі организмдер құдайдың құдіретімен пайда болды деген терминді ұсынды. Өсімдіктерді, жан-жануарларды, адамдарды өлі инертті заттардан қазіргі біздің көріп жүргеніміздей толық бейнелі түрінде құдай жаратты деді. Ол жайында көптеген болжамдармен көзқарастар бар.

Аристотель

Ертеде ғылыми деректердің аздығынан тіршіліктің пайда болуы туралы түрлі көзқарастар қалыптасты. Ежелгі грек философы Аристотель (б.з.д. IV ғ.) бит — еттен, қандала — жануар шырынынан, шұбалшаң — балшықтан пайда болады деген көзқарасты ұстанды.

Грек философиясының негізін салушылар Фалес және т.б., органикалық дүниенің негізін қоршаған ортадағы әр түрлі заттардан іздеді. Фалес ондай негізгі зат су деп есептеді және содан өздігінен тіршілік пайда болды деп корытынды жасады. Орта ғасырларда да ғылыми деректердің жинақталуына қарамастан тіршіліктің пайда болуы жайлы түрлі көзқарастар орын алды. XVII ғасырдың орта шеніне дейін тіршілік өздігінен өлі табиғаттан пайда болады деген көзкарасты қолдаушылар көп болды. Кейінгі кездегі микроскоптың ашылуына байланысты ағзалардың құрылысы жайындағы деректер нақтылана түсті. Осыған сәйкес тіршіліктің өлі табиғаттан пайда болуына күмән келтіретін тәжірибелер жасала бастады.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет