3 дәріс Тақырыбы: Қатты дене механикасы. Тұтас орта механикасы. Тербелiстер мен толқындар. Негізгі сұрақтар



бет3/4
Дата29.09.2023
өлшемі106,6 Kb.
#111849
1   2   3   4
Бернулли теңдеуi
Идеал сұйықтың қозғалысын (ағысын) сипаттайтын өрнектi 1738 жылы Д.Бернулли (1700-1782) тұжырымдады. Бернулли энергияның сақталу заңын пайдалана отырып, сұйық қысымының жылдамдыққа тәуелдiлiгiн анықтады. Жалпы түрде алғанда
.Горизанталь құбыр үшiн Бернулли теңдеуi: .
- бұл өрнек Торричелли формуласы деп аталады.


Пуазейль формуласы
1841 жылы француз физигi Пуазейль ламинарлық ағыстың жылдамдығын анықтайтын заңды ашты: түтiкпен ағып жатқан сұйықтың ламинарлық ағысының орташа жылдамдығы сұйықтың қысым градиентiне, түтiк радиусының квадратына тура, ал сұйық тұтқырлығына керi пропорционал болады:
.
Сұйық ағыны деп бiрлiк уақытта құбырдың көлденең қимасынан өтетiн сұйықтың көлемiн айтады.
- Пуазейль теңдеуi.
Түтiкпен ағып жатқан сұйықтың ағыны сұйықтың қысым градиентiне, түтiк радиусының төртiншi дәрежесiне тура, ал сұйық тұтқырлығына керi пропорционал болады.
Сұйық қабаттары бiр-бiрiне қатысты қозғалғанда қабаттар арасында үйкелiс күшi пайда болады. Бұл iшкi үйкелiс күшi деп аталады. Ішкi үйкелiс күшiн анықтайтын формуланы Ньютон ашты. ,
Егер тұтқыр сұйық iшiнде шар тәрiздес қатты дене қоғалады десек, онда Стокс заңы бойынша кедергi күшi мынаған тең болады: .
мұндағы: - сұйықтың тұтқырлық коэффициентi, - шардың радиусы, - оның қозғалыс жылдамдығы.


Механикалық тербелiстер
Бiрдей уақыт аралығында қайталанып отыратын процестi тербелiс деп атайды.
Синус (косинус) заңы бойынша уақытқа тәуелдi өзгеретiн тербелiстi гармониялық тербелiс деймiз. Ол мына формуламен сипатталады.
,
мұндағы: х – жүйенiң ығысуы. Ығысу деп жүйенiң тепе-теңдiк күйiнен кез-келген ауытқуын айтады.
Нүктенiң гармониялық тербелiсi деп ауытқу шамасына пропорционал күштiң әсерiмен тепе-теңдiк қалыптың маңында тербелетiн және тербелiстiң орташа мәнiне қарай бағытталған тербелiстi айтамыз.
Тербелiп тұрған дене басқа денелермен байланыста болып, денелер жүйесiн құрады да тербелмелi жүйе деп аталады.
Физикалық маятник
Ауырлық центрiнен өтпейтiн кез-келген оське қатысты тербелiс жасайтын қатты дененi физикалық маятник деп атайды.
Физикалықмаятниктiң еркiн тербелiсiн сипаттайтын дифференциалдық теңдеу:
.
Тербелiс периоды: , циклдiк жиiлiгi: ,
Математикалық маятник
Созылмайтын, салмақсыз жiпке iлiнген материялық нүктенi математикалық маятник деп атайды.
Математикалық маятниктiң еркiн тербелiсiн сипаттайтын дифференциалдық теңдеу:
.
Тербелiс периоды: , циклдiк жиiлiгi: .
Математикалық маятниктiң тербелiс периоды тек маятниктiң ұзындығына және еркiн түсу үдеуiне тәуелдi болады.
Серіппелi маятник
Массасы жүк iлiнген, қатаңдығы -ға тең серппеден тұратын жүйенi серiппелi маятник деп атайды.
Серiппелi маятниктiң еркiн тербелiсiн сипаттайтын дифференциалдық теңдеу:
.
Тербелiс периоды: , циклдiк жиiлiгi: .
Серппелi маятниктiң тербелiс пероды жүктiң массасына тәуелдi болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет