Бiртектi қатты денелердiң ауырлық центрiне қатысты инерция моменттерi 1. Жұқа дискiнiң:
2. Стерженнiң:
3. Цилиндрдiң:
4. Шардың:
5. Материялық нүктенiң айналу осiне қатысты инерция моментi:
.
Дененiң кез-келген оське қатысты инерция моментi Штейнер теоремасы бойынша анықталады.
,
мұндағы: - ауырлық центрiмен айналу осі арасындағы ара қашықтық.
Тұтас орта механикасы Сұйықтардың тепе-теңдiгiн қарастыратын механиканың бөлiмiн – гидростатика деп атайды. Сұйықтар мен газдарды сипаттайтын ең негiзгi шамалардың бiрi - қысым.
Қысым деп бетке түсетiн күштiң осы беттiң ауданына қатынасына тең шаманы айтады. Өлшем бірлігі . .
Паскаль заңы: Сұйық ішіне түсiрілген қысым барлық бағытқа бiрдей берiледi. Сұйық iшiндегi қысым: . Бұл қысымды кейде гидростатикалық қысым деп атайды.
Сұйықтардың қозғалысын зерттейтiн механиканың бөлiмiн – гидродинамика деп атайды.
Сұйық бөлшектерiнiң қозғалысы - ағыс, ал сұйықтың қозғалысы- ағын деп аталады.
Кез келген нүктесiндегi сұйықтың жылдамдығының шамасы мен бағыты өзгермейтiн ағысты стационар ағыс деп атайды. Ағыс сипатына байланысты екіге бөлiнедi.
Егер сұйық қабаттары бiр-бiрiмен араласпай, бiр-бiрiне параллель қозғалатын болса, мұндай ағыс – ламинар (қабатты) ағыс деп аталады.
Егер сұйық қабаттары бiр-бiрiмен араласып иiрiлiп қозғалатын болса, мұндай ағыс – турбуленттi (иiрiмдi) деп аталады. Сығылмайтын тұтқыр емес сұйықты идеал сұйық деп, ал сығылатын тұтқыр сұйық реал сұйық деп аталады.
.
Осы өрнектi ағынның үздiксiздiк теңдеуi деп атайды. Ыдыстың көлденең қимасының сұйық ағысының жылдамдығына көбейтiндiсi тұрақты шама болады. Сұйық ағысының жылдамдығы ыдыстың көлденең қимасына керi пропорционал.