3 дәріс тақырыбы. Қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктердің жалпы сипаты. Фонетикалық ерекшеліктер. Диалектілік қос сөздердің жасалу ерекшеліктеріне байланысты типтері. Мақсаты



бет2/2
Дата17.11.2022
өлшемі21,16 Kb.
#50939
1   2
Байланысты:
3 дарис диалект

Ұ ~ о, ү ~ ө дыбыстарының алмасуы Қазақстан жерінде кең дамымаған құбылыс. Алайда кейбір өңірлерде аздап болса да ұшырасады. Мысалы, Қостанай өңірінде: мұрсат ~ порсат, бұрау ~ борау, шұрайлы – шорайлы; Семейде: сұлтан ~ солтан, Сұлтанғазы ~ Солтанғазы, бұғақ – боғақ, күнделік ~ көнделік, күнделікті – көнделікті, сұпы – сопы, Ақсұпы – Ақсопы; Алматыда: ұқсау ~ оқшау, ұждан – ождан т.б.
Жоғарыда аталған дыбыстардың алмасуы негізінен Қазақстаннан тыс жерлерде тұратын қазақтар тілінде кездеседі екен. Мысалы, Орынбор қазақтарының тілінде: ұрпақ – орпақ, ұқсату – оқсату, шұрайлы – шорайлы; Қарақалпақстан қазақтарында: мұржа – боржа, моржа; Өзбекстанның Тамды ауданында тұратын қазақтар тілінде: сұрау – сорау, түнеру – төнеру, мұржа – боржа т.б.
Диалектолог С.Омарбековтің айтуынша, еріндік ашық дауыстылардың еріндік қысаң дауысты дыбыстармен алмасып келуі Маңғыстау өңірінде де кездеседі. Олар тек алғашқы буында ғана ұшырасады, – дейді. Мысалы: ұрпақ – орпақ, ұнжырға – онжырға, бүгелек – бөгелек, түнеру – төндеру т.б. Алайда зерттеуші О.Нақысбеков Жамбыл облысының Шу аймағында марқұм – марқом сөзінде бұл алмасудың соңғы буында ұшырасатынын айта келіп, мұны тіл тарихымен байланыстырады. Сондай-ақ диалектолог Ж.Болатов та Шығыс Қазақстан мен бұрынғы Семей облысында (Бұл аймақтарда Қытайдан, Монғолиядан көшіп келген қазақтар өте көп тұрады. Ұ-ның орнына о дыбысын қолдану соларға тән болып келеді) ұ о, ү ө дыбыстарының алмасуы кең таралған, – дейді.
Сабақ қорытындысы
Бақылау сұрақтары:
1 Диалектолог С.Омарбековтің пікірі жөнінде не білесіз?
О ~ ұ, ө ~ ү дыбыстарының алмасуы.
3. Кәсіби диалект сөздер туралы не айта аласыз?

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет