3 дәріс тақырыбы. Қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктердің жалпы сипаты. Фонетикалық ерекшеліктер. Диалектілік қос сөздердің жасалу ерекшеліктеріне байланысты типтері. Мақсаты



бет1/2
Дата17.11.2022
өлшемі21,16 Kb.
#50939
  1   2
Байланысты:
3 дарис диалект


3 дәріс тақырыбы. Қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктердің жалпы сипаты. Фонетикалық ерекшеліктер. Диалектілік қос сөздердің жасалу ерекшеліктеріне байланысты типтері.


Мақсаты: Жергілікті диалектілер мен кәсіби диалект сөздер қолданысы туралы және теорияның өкілдері мен олардың пайымдаулары жөнінде жан-жақты мағлұмат беру.
Дәріс жоспары:
1. Диалектілер жалпы жасалуы мен әдеби тілге қатысы
2. Жергілікті диалектілер
3. Кәсіби диалект сөздер
Көрнекі материал түрлері: презентация, схема
Дәріс типі (түрі): конференция дәріс
Диалектілер жалпы жасалуы мен әдеби тілге қатысы жағынан және ұлттық тілде қолданылымына қарай: жергілікті диалектілер және әлеуметтік диалектілер болып екіге бөлінеді.
Жергілікті диалектілер дегеніміз – белгілі бір аймаққа қызмет ететін, грамматикалық, лексикалық, фонетикалық ерекшеліктері бар жалпыхалықтық тілдің бір бөлігі. Бұларда территориялық шектеулер болады. Ал әлеуметтік диалектілер – белгілі бір қоғамдық топтарға қызмет ететін немесе кәсіп иелерінің тілінде болатын ерекшеліктер. Мұнда территориялық шектеулер болмайды. Әлеуметтік диалектілер де жергілікті халық тілінің бір бөлігі. Мұның үлкен тобын кәсіптік сөздер құрайды.
Кәсіби сөздер жергілікті жерде әр алуан кәсіптің, өндірістің туып, дамуымен қалыптасады, соларға байланысты заттардың, өндіріс, еңбек құралдарының, еңбек өнімінің процесінің атауларын білдіреді. Мұндай сөздер белгілі кәсіппен шұғылданған адамдардың арасында қолданылады да, көбінесе, солардың өздеріне ғана түсінікті болады. Қазақ тілінде кәсіби сөздердің мынадай түрлері бар:

  1. Балық шаруашылығына байланысты кәсіби сөздер: бекіре, сазан, табан, айнакөз, итбалық, қауақ, лақаш, лақа, табан балық, қарагөз (вобла) т.б.

  2. Мақта шаруашылығына байланысты кәсіби сөздер: жегене, жегенелеу, көсек т.б.

  3. Қызылша шаруашылығына байланысты кәсіби сөздер: ас қызылша, еркек қызылша, қант қызылшасы, сірне жүйек т.б.

  4. Темекі шаруашылығына байланысты кәсіби сөздер: булықтыру, бүркеніш, жал, қурай, темекіші, созақ т.б.

  5. Бау-бақша және суармалы егіс шаруашылығына байланысты кәсіби сөздер: алқа, шабдалы, әнжіл, ақаба, кесе т.б.

Қазақ тілінде кәсіби сөздерді кәсіби-өндірістік мәніне қарай үлкен екі салаға бөлуге болады:
1. Шағын кәсіпке (балташылық, ұсталық, өрімшілік, тоқымашылық, зергерлік, ою-өрнек т.б.) байланысты сөздер. Мысалы: темір ұстасының құрал атаулары: тарақ балта (жүзі кедір-бұдыр балта); керме ара, пышқы, шербек, аталғы (ойық жүзді шот), ыңғуыр (ағаш оятын құрал), үскі (кереге көгін тесуге арналған біз) т.б.
2. Ірі кәсіпке байланысты сөздер. Оған мал, астық, балық, аңшылық, бау-бақша, күріш, темекі, мақта, қызылша шаруашылығына байланысты сөздер жатады. Мысалы. қоза, шиіт, ақ шиіт, терімші, арам шақа (мақта бермейтін бұтақ), балдақ (мақтаның сабағы), көсек (мақтаның қабығы), құлақ (мақта қауашағының бір бөлігі), пәрік (мақта жапырағы), өсім су, ызғар су, шиіт майы т.б.
Кәсіби сөздер таралу сипатына қарай да екіге бөлінеді:
1. Жалпыхалықтық сипаттағы кәсіби сөздер: жүгері, қарбыз, қауын, арпа, бидай, сұлы, мақта, шортан, жайын, ау, қайық, сүзгі, тор т.б.
2. Диалектілік сипаттағы кәсіби сөздер: үлкен арық атаулары: айғыр жап, әнер, жан арық, желке арық, қазына арық, оман арық, өстен арық т.б.; кішкене арық атаулары: бал арық, бау арық, жап, жандарма, желі, жоя, жүйек, қарық, қол арық, қол жап, қолшық, құлақ арық т.б.
Кейде бұларды прогрессивті және регрессивті кәсіби сөздер деп те атайды. Прогрессивті кәсіби сөздердің әдеби тілде баламасы жоқ, жалпыхалықтық сипат алмаған сөздер. Бұған балық, егін, мақта т.б. шаруашылығына байланысты сөздер жатады. Прогрессивті кәсіби сөздер әдеби тілден орын ала алатын, оны толықтыратын сөздер. Мысалы: сақман, сақманшы, пісте, көшет т.б. Ал регрессивті кәсіби сөздердің әдеби тілде баламасы бар, сол себепті әдеби тілге ене алмайтын, әдеби тілді керісінше, шұбарлайтын сөздер. Мысалы: қияр (бәдірен, бадыран, огурцы, огурец, әгүршік), асқабақ (аскелді), жүгері (дүмбіл, борми), шелек (бақыр, бедре), қызылша (ләблеме) т.б.
Тілде жергілікті диалектілер мен кәсіби сөздерден басқа жаргондық сипаты бар сөздер де болады. Жаргондар мен арголар – тілдің пассив лексикасының бір тобы. Жаргон, арго (француз тілінен алынған термин) – шағын ғана әлеуметтік топтарға қызмет ететін, сол топтардың ұнатуына сай алынған арнаулы сөздер мен сөйлемшелер. Кейде бұларды таптық диалектілер дейді. Жаргон – үстем таптың жоғарғы топтарына тән болса, арго – төменгі әлеуметтік топтарға тән құбылыс. Арго жасырын әрекетті, құпия сырды бүркемелеу мақсатынан туған. Арго мен жаргон лексикасының бір-бірінен сәл-пәл ғана айырмашылығы бар: жаргондарда экспрессивті-эмоционалды реңк, яғни қосалқы бояу, өңдеп әшекейлей түсу (коннотация), сондай-ақ кемістіңкіреуші, жағымсыздандыра түсу мағына (пепоративті) мағына басымырақ болады. Сондай-ақ жаргон мен аргоның өз алдына грамматикалық құрылысы мен сөздік қоры жоқ екенін есте ұстау керек. Арго да, жаргон да жалпыхалықтық сипаттағы сөзді өз қажетіне қарай бейімдеуден барып пайда болады. Қазақ тілінде шын мәнінде «жасанды» тіл дәрежесіне көтерілген арго, жаргондар жоқ деуге болады.
Жаргонның түрі көп. Мысалы: буржуазия жаргоны, дворяндар жаргоны, әскери жаргон, кеңсе жаргоны, аралас жаргондар т.б. мысалы: орысша басты «голова» – котел, котелок, черепок, корзина, тыква, арбуз, глобус, кастрюля, коробочка т.б. дейді. «Жақсы» дегенді «отлично», «прекрасно» - законно, шикарно, шик-модерн, клево, кайф, лафа т.б. Оқушылар арасында – тикай – қаш, делц – аз-аздан, канай отсюда – кет осы жерден т.б. Студенттер тілінде – хвост – қарыз, кент – жақын таныс, сачок – жалқау, препат- оқытушы, антика – шетел әдебиеті мұғалімі, стипуха – студентақы т.б.
Жаргондарды «тұздық» (былапыт, боғауыз) сөздер немесе «соленная речь», ал ағылшын тілінде слэнг деп атайды.
1. Еріндік о ~ ұ, ө ~ ү немесе ұ ~ о, ү ~ ө дыбыстарының алмасуы;
2. Езулік дыбыстардың алмасуы:
а) езулік ашық а, е дыбыстарының езулік қысаң ы ~ і дыбыстарымен алмасуы;
ә) езулік жіңішке ә – е дыбыстарының алмасуы;
б) жуан а – ы дыбыстарының жіңішке ә, е, і дыбыстарымен алмасуы.

    1. Еріндік қысаң ұ ~ ү дыбыстарының және езулік қысаң ы ~ і дыбыстарының алмасуы

    2. И дифтонгоидының орнына жалаң ы, і дыбыстарының келуі

О ~ Ұ, Ө ~ Ү дыбыстарының алмасуы туралы ең алғаш рет С.Аманжолов сөз еткен болатын, кейін келе Ж.Досқараев пен Н.Сауранбаев та аталған дыбыс алмасуларының кездесетінін дәлелдеген. С.Аманжолов Қазақстанның батыс өңірінде қолдану – құлдану, сорақы – сұрақы, қорытынды – құрытынды, сонар – сұнар, ойран - ұйран, шойнақ – шұйнақ, шошқа – шұшқа т.б. сөздерде о - ұ дыбыс алмасуы кездесетінін айтқан. Ал С.Омарбеков ө ~ ү, о ~ ұ дыбыстарының алмасуы Маңғыстау аймағында кездесетінін мысалдармен дәлелдейді: көмескі – күміскі, өгей – үгей, дөнен – дүнен, қорылдау – құрылдау т.б. Бұл алмасулар тек сөздің алғашқы буынында ғана ұшырайды, – дейді. Зерттеуші О.Бөрібаев та «о» дыбысының алмасуына тоқтала келіп, С.Аманжолов пен С. Омарбековтің пікірлерін қостайды.
Диалектологтар О.Нақысбеков пен Х.Кәрімов Ж.Досқараевтың бұл құбылыс оңтүстік аймақта кездеспейді деген пікірін сынай келіп, Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында кездесетінін нақты мысалдармен көрсетеді. О ~ ұ, ө ~ ү дыбыстарының алмасуы осы кісілердің еңбегінде жан-жақты сөз болған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет