1.6. Кәсіптік қызметтің бағыттары: білімдік (педагогикалық) спорттық (жаттықтырушылық) ұйымдастыру - басқару сервистік - қолдану жобалық - есептеу өндірістік - технологиялық тәжірбиелік – зерттеу Кәсіби қызметтің мазмұны: Дене шынықтыру және спорт бойынша бакалаврдың кәсіби қызметінің мазмұны дене шынықтыру мен спорт саласындағы келесі бағыттардан тұрады: педагогикалық (білімдік); жаттықтырушылық (спорттық); ұйымдастыру-басқарушылық; өндірістік-технологиялық; сервистік; жобалық; тәжірибелік-зерттеушілік; дене шынықтыру және спорт саласындағы ғылыми-зерттеулерден тұрады.
• мұғалім, жаттықтырушы ретінде педагогикалық-білімдік қызмет жеке тұлғаның дене шынықтыру мәдениеті саласында ғылыми-практикалық білімдердің көзқарастық жүйесін (мотивациялы-құндылықты және денсаулық сақтау қатынасын) қалыптастыруға бағытталған;
• педагогикалық-білімдік, тәрбиелік, спорттық-сауықтыру, жаттықтыру, ұйымдастыру, дене шынықтыру бойынша әдістемелік және нұсқаушылық, туризм, ғылыми-әдістемелік, спорттық-төрешілік, психологиялық-педагогикалық сапалар жұмыс істеуге мүмкіндік береді:
• ДШ және С мұғалімі - жаттықтырушысының жеке тұлғаны тәрбиелеумен, қиындықтарды жеңумен, ерік күшін тәрбиелеумен, құндылықты бағдарды қалыптастырумен, спорттық этиканы және т.б. сақтаумен байланысты болып келеді
• Педагогикалық спорттық-сауықтыру қызметі келесі үдерістермен байланысты: - Дене тәрбиесі мен спорт түрлері бойынша оқу және оқу-жаттығу үдерісін дайындықтың барлық деңгейлерін ескеру арқылы тиімділігін бақылау мақсатында жоспарлау және ұйымдастыру;
- ДШ және спортпен шұғылданушы спортшылар мен командалардың, тұлға сапаларының психологиялық диагностикасын өткізуді, дайындық жағдайын басқаруды, спорттық-нормативті құжаттар жасау арқылы психологиялық дайындықты ұйымдастыру;
Жалпы қабылданған әдістер мен ғылыми-әдістемелік жасалымдарды пайдалану арқылы инновациялық әдістер мен технологияларды оқу- жаттығу үдерісіне енгізуде тән саулығын, дене дайындығын, спорттық жетістіктері мен жоғары білікті спортшылардың дене тәрбиесін, спорттық жаттығуларын жетілдіру;