3 дәріс. Тақырыптың аталуы: Психологиялық даму заңдылықтары Дәріс жоспары



бет5/5
Дата06.06.2023
өлшемі25,45 Kb.
#99101
1   2   3   4   5
Василий Васильевич Давыдов — педагогикалық психология саласындағы дамытушы оқыту теориясының негізін қалаушы, осы бағытта орта мектептерде жаңа білім беру бағдарламасын жасап, эксперименттік сыныптар ашқан. Ол А.Н.Леонтьевтің іс-әрекет теориясы шеңберінде ғылыми-зерттеулер жүргізген көрнекті кеңес психолог-ғалымы болып табылады. 2) Даниял Борисович Эльконин (1904-1984) – мәдени-тарихи теорияны дамытушылардың бірі, оқытудың белсенді әдістерінің теориялық негіздемесін құрастырған. Ол – жас ерекшелік психологиясына елеулі үлес қосқан кеңес дәуірінің белгілі психологы. Оның балалардың мектептегі жасын кезеңдерге бөлуі жалпы кеңестік тұлға периодизациясының негізгі нұсқасына айналды. Жастық кезеңдер: сәби жасы (1 ай -1 жас), ерте балалық шақ (1-3 жас), мектепке дейінгі жас (3-6 жас), бастауыш мектеп жасы (7-10 жас), орта мектеп жасы (11-15 жас), жоғары мектеп жасы (16-17 жас).
Оқушының психикалық жаңа құрылымдары – оқушының белсенді іс-әрекет барысында оқу субъектісіне айналуында қалыптасатын психикалық дамудың (ақыл-ой, адамгершілік) жаңа ерекшеліктері.
Сергей Леонидович Рубинштейн (1889-1960) – белгілі кеңес психологы және философы. Оның көзқарасы бойынша, адам және психика алдымен практикалық іс-әрекетте қалыптасып, көрініс табады. Сондықтан олар негізгі іс-әрекет түрлеріндегі көрінісі арқылы зерттелінуі қажет.
Алексей Николаевич Леонтьев (1903-1979) – 1920 жылдары Л.С.Выготский және А.Р.Луриямен бірге мәдени-тарихи теорияны құрастырған кеңес психолог-ғалымдарының бірі. Ол осы теорияға сүйене отырып, іс-әрекеттің жалпы психологиялық теориясын егжей-тегжейлі зерттеген. А. Н.Леонтьевтің іс-әрекет тұжырымдамасы психологияның басқа да әр түрлі салаларындағы көптеген зерттеулердің дамуына түрткі болды.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары.
1. Жетекші іс-әрекет деген не?
2. Жетекші іс-әрекеттің түрлері.
3. Бала психикасының қалыптасып дамуындағы жетекші іс-әрекеттерге тоқталыңыздар.
4. Л. С. Выготскийдің жоғарғы психикалық функцияларды дамыту теориясы.
5. Л. С. Выготскийдің жақын даму аймағы теориясы.
Әдебиеттер:
1. Ж.Қ.Дүйсенова, Қ.Н.Нығметова Балалар психологиясы , Алматы, 2012 ж.
2.Мухина В.С. Детская психология.
3.Люблинская А.А. Детская психология М.,1971.
4.Мұқанов М. Жас және педагогикалық психология. А., «Мектеп» 1981ж.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет