3 дәріс Ттақырыбы: Ежелгі Шығыс елдеріндегі және антика әлеміндегі тәрбие және мектеп Дәрістің мазмұны


Тақырып: Ежелгі мектеп және тәрбие



бет2/2
Дата15.12.2023
өлшемі34,9 Kb.
#138567
1   2
Байланысты:
Пед. тарихы 3-4 лек

Тақырып: Ежелгі мектеп және тәрбие.
Дәрістің мазмұны:

  1. Ертедегі Грециядағы тәрбие жүйесі.

  2. Ертедегі Грецияда педагогикалық теорияның пайда болуы.

  3. Ертедегі Римде тәрбие мен педагогикалық ой-пікірдің дамуы

Ежелгі Греция — көптеген құлиеленуші мемлекеттерді— полистерді біріктіретін ел. Греция тарихында екі мемлекеттің (полистің) — Афина және Спартаның ерекше мәні, ықпалы зор болды. Олардың әр қайсысында ерекше тәрбие жүйесі қалыптасты, оның ерекшелігі мынадай жағдайларға байланысты болды: бір жағынан, құлиеленуші құрылыстың жалпы зандьшықтарымен, екінші жағынан, сол елдің даму ерекшеліктері мен байланысты. Ежелгі Грецияда тәрбиенің екі жүйесі қалыптасты: спартандық және афиналық. Кейбір жалпы ерекшеліктерімен қатар бір-бірінен елеулі айырмашьшықтары да болды.
Спартандық тәрбие жүйесі. Спарта мемлекеті Ежелгі Грециядағы ең алғашқылардың бірі болды. Спартандық құлиеленуші мемлекеттің негізгі шаруашылығы егіншілік еді. Құлдар мұнда мемлекеттің жекеменшігіне айналды. Спартандық жөне афиналық жүйенің айырмашылығы бұл мемлекеттердің экономикалық жене саяси дамуының және мәдениеті жағдайыньң кейбір ерекшеліктерімен байланысты. Бұл екеуі де құлиеленуші мемлекеттер болғандықтан, қоғамдық тәрбие жүйесі тек құлиеленушілердің балаларын оқыту мен тәрбиелеу ісіне мән берді. Бүл мемлекеттерде құлдар барлық адамзат құқықтарынан айырылған болатын.
Сондықтан да Спарта мемлекетіңде құлдардың көтерілісі жиі болып тұрды.
Осындай жағдайда ерекше спартандық мемлекеттік тәрбие жүйесі қалыптасты, оның мақсаты - спартак балаларын әскери даярлығы күшті, шыныққан, табанды, болашақ құлиеленушілер етіп тәрбиелеу болды. Мемлекет балаларды туғаннан бастап, отбасы тәрбиесін бақылап отырды. Ақсақалдар жаңа туған баланы тексеріп, тек дендері сауларын ғана әкесіне қайтарып берген, ал аурулары мен әлсіздерін өлтіріп отырған мекемелерінде дене тәрбиесі және әскери жаттығулармен айналысуына ерекше мән берілді.
Балалардың денесін шынықтыру, аштыққа, суықтыққа, шөлге, қиындыққа шыдамды етіп үйрету көзделді. Жас спартактарды жүгіруге, секіруге, найзаласуға, күресе білуге, жекпе-жек тәсілдерін меңгеруге, әскери әндер айтуға үйретгі. Дене тәрбиесімен қатар саз, ән айту және діни билер қатар жүргізілді. Саз және ән айту әскери сипатта берілді. 18-20 жаста эфебия деп аталатын ерекше топқа аударылды, онда әскери қызметін атқарды. Спартада қыз балаларға да әскери дене тәрбиесі берілді. Оның мақсаты — ерлер әскери жорықтарға қатысқан кезде әйелдер ерлердің орнына әскери міндеттерін атқару үшін қажет.
Афиналық тәрбие жүйесі. Афинаның жағрафиялық жағынан ыңғайлы орналасуының арқасында ежелгі Шығыс елдерімен сауда-саттық ісі ерте дамыды. Егін шаруашылығынан басқа онда кейбір қолөнер кәсібі жан-жақты дами бастады.
Афинада мәдениет өз дамуының жоғары дәрежесіне жетті. Афина мемлекеті Спарта мемлекетінен өзінің қоғамдық қүрылысы, мәдениет деңгейі жағынан өзгеше болды. Сонымен қатар тәрбие жөне білім беру жүйесінде де ерекшеліктер кездеседі. Афина тербиесі мен білім беру жүйесінің мақсаты әскери жауынгер даярлау ғана емес, одан гөрі білімді, қабілетті, жан-жақты үйлесімді дамыған жастарды тәрбиелеу еді.
Афиналық тәрбие жүйесі б.з.д. V-VІ ғ. төмендегіше қалыптасты: 7 жасқа дейін ер балалар мен қыз балалар анасының басшылығымен үйде тәрбиеленді, оларға бекітілген құлдар тәрбие ісін де көмек көрсетті. Қыз балалар 7 жасқа толғаннан кейін анасының басшылығымен үйде отбасы тәрбиесін жалғастырды (олар негізінен үй шаруашылығына үйретілді). Ер балалар 7 жастан бастап, үйде жекеменшік мектептергс қатынасады (мемлекеттік мектептер болмады): 7 жастан 14 жасқа дейін грамматист мектебке (оқу, жазу, санау) және кифарист мектебіне (саз, ән-күй, тақпақ айту), 14 жастан полестра мектебіне (күрес мектебі) қатынасады, онда 2-3 жыл жаттығулармен айналысады. Полестра мектебінде жаттыгулардан басқа оқушылармен саяси жөне адамгершілік тақырыптарында әңгімелер өткізіледі: Ауқатты отбасылардан шыққан жастар кейіннен мемлекет басқару лауазымдарына даярланады, гимназияда білімдерін жалғастырады, онда философия мен саясатты оқып үйренеді. 18 жастан 20 жасқа дейін олар әскери қызметке даярланады, онда әскери дайыңдығын арттырумен қатар, өздерінің саяси білімін жалғастырады, елдің заңдарын оқып үйренеді.
Афиналық тәрбие жүйесінде дене тәрбиесі ақыл-ой, адамгершілік және эстетикалық тәрбиемен қатар ерекше рөл атқарды. Сонымен қатар Спартада да, Афинада да құлиеленушілердің балалары дене еңбегіне қатыстырылмады. Қарапайым ата-аналардың балалары өз әкелерінен қандай болмасын қолөнердің түріне үйреңді. Спартада да, Афинада да құлдардың балалары білім алуға мүмкіншілігі болмады.
Ежелгі Римнің көп ғасырлық тарихының дамуында отбасы мен мектеп тәрбиесі және білім берудің өзіндік тәжірибесі қалыптасты. Ұзақ уақыт Рим отбасында рулық қауымның тәрбие дәстүрі сақталған болатын, соған қарамастан үй тәрбиесінің сипаты ең алдымен Рим қоғамының әлеуметтік баспалдағынан отбасының қандай орын алатындығына байланысты еді.
Римде әйел белгілі құқыққа ие болды (мәселен, тұқым қуалау саласында), бірақ ерлер өз балалары мен әйеліне толық үстемдік етті.
4-5 жасқа дейін балалар мен қыздар отбасында бірге тәрбиеленді, содан кейін оларды бөліп тәрбиеледі. Қыздар анасының, қызметшілердің бақылауында болды. Олардың негізгі жұмысы тігіншілікпен айналысты, сонымен қатар саз өнеріне, биге үйретті, ауқатты үй ішінде грек тілін оқыды. Ер балалардың тәрбиесімен ер адамдар шұғылданды: әкелері, тәрбиешілер, кейде Грециядан шақырылғандар. Ер балаларды ерлердің айналысатын кәсібіне, ең алдымен қаруды қалай ұстай білуге үйретті.
Ауқатты емес үйдің балалары бастауыш білімді элементарлық мектептерде алды, олар ақылы, жекеменшік мектептер болды, оларға қыздар да қабылданды. Ауқатты ата-аналардың балаларын, тәртіп бойынша, үй мұғалімдері оқытты, ең алдымен грек тілі мен әдебиетіне үйретті.
Грецияның әсерімен грамматикалық мектептер пайда болды, онда 12 жастан 16 жасқа дейін бай, ауқатты ата-аналардың балалары оқыды. Оларға грек тілін, шешендік өнерін, әдебиет пен тарихтан кейбір мәліметтер берілді.
Римде шешеңдік мектептер ашылды, онда ауқаттылардан шыққан жастар жоғары ақыға грек тілінен, шешендік өнерінен, заңтанудан, математикамен, философиядан білім алды. Оларды жоғары мемлекеттік қызметке даярлады.
Рим империясының пайда болуымен (б.з.д II ғ.) императорлар грамматикалық пен шешендік мектептерді мемлекеттік мектептерге айналдырылды, олардың міндеті — императорлық өкіметке берілген шенеуніктерді тәрбилеу. Христиан діні мемлекеттік дінге айналған кезде мұғалімдік қызметке дін өкілдері тағайындала бастады. Отбасындағы және мектептердегі тәрбие бірте-бірте діни сипатқа ие бола бастады.
Марк Фабий Квинтилиан - белгілі Рим шешені және педагог, Римдегі ең таңдаулы шешендік мектептердің бірінің негізін салушы, көп кешікпей оның есімі кеңінен таныла бастады және мемлекеттік қайраткер болды.
Өз мектебінің тәжірибесі және көне дүниенің педагогикалық ой-пікірінің жетістіктері негізінде Квинтилиан «Шешеннің тәрбиесі туралы» алғашқы арнаулы педагогикалық еңбекті жазды, онда кейбір жалпы педагогикалық мәселелер сөз болды.
Квинтилиан адам табиғатының дамуындағы оның рөлі туралы мәселені түсінуге өз үлесін қосты. Ол адамның табиғи көрсеткіштеріне үлкен мән берді, балалардың табиғи қабілеттерін өте жоғары бағалады, тым жас кезінің өзінде қабілеттіліктердің дәрежесін анықтауға болатындығына ешқандай күмән келтірмеді (кішкентай балалардың ойының алғашқы белгілері — есі, тез және дәл қабылдауы және қабылдағанды ұзақ сақтау, балада еліктеуге ұмтылудың ерте дамуы), сонымен қатар тәрбие арқылы көп нәрсеге қол жеткізуге болатындығын түсінді.
Квинтилиан Рим қоғамының билігінің жоғары деңгейіндегі отбасы тәрбиесін сынға алды, балалардың жағымсыз адамгершілік қасиеттерін және үлкендердің жағымсыз мінез-құлқын қатты сынады, жеке тұлғаның қалыптасуында балалардың жас ерекшеліктерін бағаламағаны үшін ата-аналарға ескерту жасады.
5 тен 7 жасқа дейін Квинтилиан Аристотель сияқты мектепке даярлыққа ерекше мән берді. Оның айтуынша, балалар 7 жасқа дейін екі тілді меңгеруге тиісті — ана тілін және грек тілін, әуелі грек тілін, содан кейін ана тілін. Квинтилиан балаларды мадақтап отыру мен кеңес берді, өз құрбыларымен бірге оларды жарысқа шақырып отыруға, марапаттаудың қажеттігін айтты.
Рим педагогі балалардың сауаттылығын дамыту үшін оқытуға әдістемелік кеңестер берді. Ол оқыту үрдісін көрнекті құралдар арқылы өткізуге ерекше назар аударды, оқытуда біржүйелік және бірізділік қағидаларды сақтап отыруға құнды кеңестер берді. Квинтилиан болашақ шешенге дамыған ес, көркем сөз, жақсы дауыс ырғағы, мәнерлі сөз, мимика қажет деген еді.
Шешенді тәрбиелеудің негізгі құралы Квинтилиан өлеңдерді жаттау екеніне, оның адамгершілікке тәрбиелеуге көмектесетіндігіне тоқталды. Логикалық ойлауды, ойдың бір жүйелігін, бірізділігін тәрбиелеу мақсатында ол математиканы оқытудың қажеттігіне, оқытуды теориялық үйретуге, еліктеуге және жаттығуларға негіздей отырып, құру керектігіне мән берді.
Педагогикалық ой-пікірдің даму тарихында Квитилиан дидактика мен әдістеменің негізін қалаған, мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеудің талаптарын біржүйеге келтірген алғашқы арнаулы педагогикалық еңбектің авторы ретінде ерекше орын алады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет