1917 жылғы дағдарыс. Шілдедегі І-ші жалпықазақ съезі. «Алаш» ұлттық-саяси партиясының құрылуы. Ә.Бөкейханов партия лидері. Алаш партиясының бағдарламасы. «Алаш» партиясының бағдарламасының «Қазақ» газетінде жариялануы. Алаш және большевиктер. Бүкіл Ресейлік Құрылтай жиналысына сайлау. Алаш партиясының жетістіктері. "Үш жүз" партиясының құрылуы. «Үш жүз» партиясының басшылары және олардың ұстанған саяси бағыты. «Үш жүз» партиясының жетекшісі.
Бірінші жалпықазақ съезі - 1917 жылы 21-26 шілде аралығында Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана облыстарынан және Бөкей ордасынан 20-дан астам қазақ өкілдерінің қатысуымен Орынбор қаласында өткен сиез. Ол Х.Досмұхамедұлының төрағалығымен, А.Байтұрсынұлының, Ә.Көтібаровтың, М.Дулатовтың, А.Сейітовтың хатшылығымен өтті. Бірінші жалпықазақ сиезінің күн тәртібіне сол тарихи кезендегі елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне Қатысты төмендегідей 14 мәселе қойылды: 1. Мемлекеттік құрылыс. 2. Қазақ автономиясы. 3. Жер мәселесі. 4. Халық милициясы. 5. Земство. 6. Оқу мәселесі. 7. Сот мәселесі. 8. Дін мәселесі. 9. Әйел мәселесі. 10. Бүкілресейлік құрылтай жиналысы. 11. Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесі. 12. Қазақ саяси партиясы. 13. Жетісу оқиғасы. 14. Киевте өтетін Бүкілресейлік федералистер сиезіне және Санкт-Петербургтегі оқу комиссиясына Қазақтан өкіл жіберу.