Қазревком міндеттері: 1. Контрреволюция мен интервенцияға қарсы күресу. 2. Өлкеде мемлекеттік, шаруашылық, мəдени құрылыс үшін жағдай жасау. 3. Кеңестердің Құрылтай съезін əзірлеу. Қазревком қазақ жерлерін біріктіру жөнінде жұмыстар атқарды. Қазревкомның органы – “Ұшқын” газеті шығарылды. 1920 жылғы 9 наурызда өзін “Қазақ елінің үкіметі” деп атаған Алашорданы тарату туралы Қазревком шешімі қабылданды. 1920 жылғы 20 тамызда “Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы” декрет шықты. Астанасы – Орынбор қаласы (1920-1924жж). 1920 жылы 4 қазанда Орынборда Қырғыз (Қазақ) АКСР Кеңестерінің Құрылтай съезі өткізілді. РКФСР құрамындағы Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы жарияланды. Қазақ халқының ұлттық мемлекетінің шаңырағы қайта көтерілді.