Әдіснамалық ереже:
1401000- «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриаттың осы интеграцияланған білім беру бағдарламасын әзірлеу үшін «Құрылыс және коммуналдық шаруашылық» кәсіби қызмет түрі шеңберінде келесі қажетті біліктіліктер анықталады:
-1401042-«Сылақшы»
-1401242 – «Кең бейінді құрылыс шебері»
-1401274 «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану қолданбалы бакалавры».
Өңірлік салалық ерекшелігіне байлансты таңдаулы оқу орны жүзеге асыратын осы мамандықтың басқа да біліктілігіне ұқсас тәсілді пайдалана отырып, интеграцияланған білім беру бағдарламалары әзірленеді.
Аталған білім беру бағдарламасының мазмұнын қалыптастыру кезінде құрылыс, сәулет және жылжымайтын мүлікпен байланысты өңірдің ең қажетті мамандықтар рейтингісінің нәтижелері ескеріледі. Құрылсшы- жзаппай талап етілген мамандық,оның өкілдері еңбек нарығында тұрақты сұранысқа ие. Мамандық жылдан жылға жетілдіріп келеді,оған құрылыс прцесін жетілдететін және орындалатын жұмыстардың сапасын арттыратын жаңа технологиялар енгізілуде.
Мемлекет қолжетімді тұрғын үй саясатын барынша қолдайды,құрылыс қызметінің қарқынды өсуі жүріп жатыр. Жұмыс мамандықтарына,сондай-ақ жұмыс процесін дұрыс ұйымдастыруға қабілетті кіші инженерлік буын кадрларына деген қажеттілік даусыз.
Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды анықтау базалық және кәсіби құзіреттерді анықтауды көздейді.
«Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша базалық құзіреттер мамандық үшін жалпы анықталған әлеуметтік жауапкершілік, жұмысты ұйымдастыру, жұмыс орнындағы басқа адамдармен өзара қарым-қатынас, сонымен қатар қоршаған ортаға жауапкершілік мәселелерін қозғайды.
Кәсіби құзіреттіліктер еңбек процесінің контекстімен арақатынаста қалыптасады және нақты кәсіби қызметте маман орындайтын кең және егжей-тегжейлі функциялар ретінде анықталады.
Кәсіби құзіреттіліктерді қалыптастыру кезінде кәсіби стандарттар және/немесе таңдалған біліктіліктер бойынша басқа да нормативтік құжаттар пайдаланылады.
Базалық құзіреттер жалпы мамандық бойынша анықталады және жалпы гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық және жалпы кәсіптік модульдердің тізбесін қалыптастырады. Кәсіптік құзіреттер негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің таңдалған біліктіліктерді бөлінісінде арнайы модульдердің тізбесі айқындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |