3. Эксперимент бағдарламасы



бет1/7
Дата06.01.2022
өлшемі25,65 Kb.
#12822
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
БАКАЛАВР


3.Эксперимент бағдарламасы

3.1. Эксперименттің негізгі идеялары, мақсаттары және бастапқы теориялық-әдістемелік ережелері

Эксперименттің негізгі идеялары:

- Экперимент өткізу техникалық және кәсіптік білім негізінде (колледжден кейін) орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыруға мүмкіндік береді және осылайша, ҚР өндірісі мен өнеркәсібі қажет ететін жергілікті тұрғындар арасындаи қолданбалы бакалавларды (кіші инженерлерді) дайындау мәселесін шешуге мүмкіндік береді;

- Жұмыс істеп тұрған ЖАТК базасында эксперимент жүргізу келешекте басқа өңірлердің жетекшісі және дайындық мемлекеттік және (немесе) мемелекеттік емес колледждер базасында техникалық бейіндегі ұқсас оқу орындарын құруға оң ықпал етеді,және осылайша ҚР «Білім туралы»Заңын орта білімнен кейінгі бөлігі бойынша толық іске асыруға мүмкіндік береді;

Эксперимент мақсаты- қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған өңірлік ЖАТК оқу орнының негізінде, жоғары техникалық колледждің экспеименттік оқу бағдарламасын орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік бағдарламасы аясында эксперимент жүргізілетін ұйымдардың, яғни ЖАТК қаражаты есебінен іске асыру.

Бұл ретте, бастапқы теориялық-әдіснамалық ережелерге: ҚР Конституциясыеың,ҚР «Білім туралы» заңдарының ,МЖБС және т.б.негізгі принциптерінің негізінде ҚР Білім және ғылым министрлігі мен оның тиісті департаменттері әзірлейтңн және тапсыратын заңға тәуелді нормативтік –құқықтық актілер,тұжырымдамалары,ережелер,нұсқаулықтар ,білім берудің жалпы білім беру стандарттары,типтік оқу жоспарлары жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет