3 гимназиясы мм бақытгүл Темірболатқызы Шукоева қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі


Бағалау және баға - оқу үдерісінің бөлінбес құрамдас бөлігі



бет2/9
Дата07.02.2023
өлшемі104,29 Kb.
#65720
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Бағалау және баға - оқу үдерісінің бөлінбес құрамдас бөлігі
Әдістемелік тақырыбым:
Оқушылардың танымдық іс - әрекетін дамытатын құралдың бір түрі – суммативті және формативті бағалау.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында: "Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек. Оқытудың, әр оқушының білімі мен қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау қажет"деп көрсетілген.
Кіріспе
Бүгінгі күні оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау – оқу үдерісінің маңызды да салмақты бөлігі болып табылады. Сол себептен, бүгінгі күннің талабына сай жаңаша бағалау жүйесі қажет етіледі. Бұл бағалауда оқушылар өзін-өзі бағалау, бірін-бірі бағалау, топтық бағалауда, оқу үдерісінің белсенді қатысушы бола алады. Дәстүрлі бағалауда оқушының жетістігі басқа оқушы жетістігімен салыстырмалы түрде бағаланып келді. Мұғалім оқушыға жауап бергені үшін немесе сабақ оқымағаны үшін баға қоятын. Сонда оқушы қаншалықы әділ баға алғанын білмейтін. Бағалаудың жаңа әдісінде оқушы бағаны қандай критерийлер бойынша алғанын, келесі сабақтарға қандай критерийлерге көңіл бөлу керектігін ұғынады. Бұл жүйеде оқушының нәтижесімен бірге іс-әрекеті де бағаланады. Одан басқа оқушыларды бағалауда мұғалім түрлі әдіс – тәсілдерді қолдана алады. Біріншіден, оқушының қызығушылығы артады, екіншіден, мұғалімнің жұмысы да жеңілдеуі де мүмкін. Көптеген мектептерде төрт баллдық жүйеге негізделген бағалаудың дәстүрлі жүйесі сақталып келеді: 2 («қанағаттанарлықсыз»), 3 («қанағаттанарлық»), 4 («жақсы») 5 («өте жақсы»). Теория жүзінде 1 (бірлік) баллы бар болғанымен, тәжірибе жүзінде тіпті қолданылмайды. Баға әр уақытта субъективті. Бағалаудың бұл түрі мұғалімнің толық билігіндегі құралы болып табылып, білім беруде авторитарлық әдіс қолданылады. Осыған орай, мұғалім талассыз бедел мен ақиқат иесі болып табылмақ. Алайда бұл іс жүзінде шындыққа сай келе бермейді. Бес баллдық бағалау шкаласы басқа да таза нормативтік бағалау құралы сияқты дәлдігі жетіспейтін құрал ретінде ұсынылатындығы күмән туғызбайды. 
Жоғарыда аталған кемшіліктерді болдыртпау үшін, бүгінгі күнде халықаралық деңгейде бағалаудың жаңа түрлері анықталды. Негізінен бағалаудың екі түрі көрсетілген: оқыту үшін бағалау (формативті) және оқу үшін бағалау (суммативті). Тағы бағалаудың ішкі, сыртқы және мұғалімнің бағалауы сияқты түрлері кең тараған. 
Оқыту үшін бағалау ─ бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі. Оқыту үшін бағалауда оқушылар өздерін-өздері, сыныптастар бір-бірін, критериялі бағалау арқылы жүргізіледі. Өзін-өзі бағалау нәтижесін мұғалім бақылау арқылы жиынтық баға ретінде оқу журналына баға қояды.  Оқуды бағалаудың мақсаты, керісінше, оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Ал оқу үшін бағалау оқушыларға қорытынды, немесе формативті бағалау нәтижесінде жиынтық бағаны қояды. Жиынтық немесе суммативті баға бағалаудың ішкі түрі, оған бағалау сараптық жұмыс, бақылау жұмысы, диктант, мазмұндама, шығарма, өзіндік жұмыс, мәтінмен жұмыс жатады. Ал сыртқы бағалауға ОЖСБ, ҰБТ, олимпиадалар, ғылыми жобалар, т.б. Бүгінгі таңда бағалау барысында критерийлік және өзін-өзі, бір-бірін, тобын бағалау жүйесін қолдануды өзекті деп санаймын. Формативті бағалау ата-аналар, мұғалім және оқушыларға ашық, түсінікті және нақты болады. Оқушы өзін-өзі бағалаған кезде өздері нәтижеге мүдделі болады. 
Деңгейлік курсты бітірген соң, «Бағалау» тақырыбында жұмыс істеудемін. Осы тақырыпта гимназиямызда коучингтер өткізілді. Коучингте алған теорияны практика жүзінде іске асырып, оқушылармен тікелей жұмыс жүргізудемін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет