3 гимназиясы мм бақытгүл Темірболатқызы Шукоева қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі



бет9/9
Дата07.02.2023
өлшемі104,29 Kb.
#65720
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Күтілетін нәтижесі: бақылау жұмысында суммативті (жиынтық) баға қойылады. Мұғалім де, оқушы да не үшін «5», не үшін «4», не үшін «3» алғанын және қандай критерий бойынша бағаланғанын біліп тұруы керек. Тіпті бағалау критерийлерімен ата-ана да таныс болуы керек. Сонда бағалау әділ болады да, оқушылардың білім алуға деген қызығушылығы да артады.
Жоғары айтылғандай гимназиямызда емтихан тапсырмалары да дескриптор мен критерий арқылы бағаланды. Үлгі ретінде Орта мектеп түлектерінің қорытынды аттестаттауға емтихан материалдарын ұсынып отырмын. Емтихан үш тапсырмадан тұрады (тест сұрақтары 25; оқылым (мәтін) 170-200 сөзден тұрады, оның 5 жауап нұсқалары болады; айтылым (монолог)). Әр тапсырманың уақыты және бағалау критерийлері белгіленеді. Екі ай бұрын емтихан тапсыратын оқушылар тапсырмалар мен критерийлермен таныс болады. Емтиханда мұғалім оқушыға баға қойған кезде, ол бағаны не үшін қойған, әр тапсырмада неше ұпай жинағаны бәрі анық, әділ болады.
Қорытынды
Білім ордасы оқушыларға тек қана білім беріп қана қоймай, сонымен бірге оқушылардың білімін бағалау, оқушыларды алға ұмтылуға ынталандыру орталығы болып табылады. Ал, оқушының дұрыс қалыптасуындағы шешуші рөлді бағалау атқарады деп ойлаймын.
Бағалау - одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин 
«Бағалау» термині жақын отыру дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін -өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет 
Қазіргі бағалау түрлі нысанда,түсінікті, психологиялық тұрғыдан жайлы, екіқұрамды : жиынтық және формативті болуы керек. Жиынтық бағалаудың немесе оқытуды бағалаудың мақсаты оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Оны мұғалім тест, емтихан т.б. түрде өткізіп, өзі бағалайды. Формативті бағалау әр сабақта және күнде жүргізіліп тұрады. Оқыту үшін бағалау бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді әздеу және түсіндіру үдерісі. Бұл ретте мұғалімдер жалғыз бағалаушы тұлға болмайтындығына назар аударылады. Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартылуы мүмкін және мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, оқушылар белсенді қатысуы керек.
Формативті бағалау мұғалімдерге сыныптағы оқушылардың үлгерімін бақылап отыруға мүмкіндік береді. Сонымен, бағалау жүйесінің негізгі мақсаты - білім сапасын арттыру болып табылады. Ал қазіргі заманғы білім сапасы дегеніміз ол білім алушының келешектегі өзінің әртүрлі жеке мәселелерін шешуге керекті, қажетті құзіреттіліктерін қалыптастыратын білім беру нәтижесі.


Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

  2. Безукладников К.Э. «Организация деятельности учащихся на уроках в школах» реализующих программы международного бакалавриата», Пермь, 2010, ПМГУ;

  3. Шнейдер М.Я. «Оценка качества образования в школах Международного бакалавриата», Вопросы образования, 2005, № 1.,С. 2–28.

  4. Красноборова А.А., «Критериальное оценивания как технология формирования учебно-позновательной компетентности учащихся», Нижний Новгород, 201


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет