Сүйекті жемістердің кең тараған ауруы ащы жемісті шірік болып табылады, ол қоңыр дақтар түрінде жеміс бетінде және жұмсағының тереңінде таралады.
Сүйекті көкөністерді буып-түю және сақтау. Сүйекті жемістерді торларға және себеттерге 6 кг дейін және жәшіктерге 8 кг дейін салады. Шие, қара шие, майда өріктер мен алхорыны ыдысқа төгіп салады. Ірі өріктерді жәшіктерге салғанда астына ағаш қиқымдарын сеуіп үстінен қағаз салып қояды. Шабдалыларды екі қатар етіп салады. Әр жемісті жартылай жұқа қағазбен орайды. Сүйекті жемістерді 0°С температурада және 85-90% салыстырмалы ауа ылғалдылығында сақтайды.
Жидектер Құрылымы бойынша жидектер үш топқа бөлінеді. Нағыз жидектер ішінде тұқымды, шырынды жұмсағы бар бір жемістерден тұрады (жүзім, қарақат, мүкжидек). Күрделі жидектер бір жерде жиналған бірнеше майда жемістерден тұрады (таңқурай, сиыр бүлдерген). Жалған жидектер бетінде майда тұқымдар бар бір жидектер (қой бүлдірген, құлпынай).
Жүзім (виноград). Жүзім құрамына жеңіл сіңетін қанттар (глюкоза, фрктоза-12-22%), органикалық қышқылдар (шарап, алма – 0,6%), ароматты және илік заттар, құнды минералды тұздар (калий, калций, темір, марганец, фтор, йод тұздары), С дәрумені кіреді. Жүзім жемістері жақсы дәмге және жоғары құндылыққа, емдік қасиетке ие. Тағайындалуы бойынша жүзімнің ампелографиялық сұрыптары асханалық, шарап және кептірілетін болып бөлінеді. Жүзімнің асханалық сұрыптары – бұл тәтті, шырынды, ароматты, ірі жемісті жидектер. Асханалық сұрыптардың кең тараған түрлері: Чауш, Шасла, Белая, Изабелла, Хусайне (дамские пальчики) және т.б. Шарап сұрыптары құрамында белгілі бір мөлшерде қант және қышқылдар болу керек, сонымен қатар шарапқа дәм мен аромат беретін заттар болу керек. Кептірілетін сұрыптар жоғары қант мөлшері мен аз қышқылдылықпен тығыз жұмсағымен ерекшеленді. Сапасы бойынша жүзім І және ІІ сұрыпқа бөлінеді. І сұрыпты жемістер ампелографиялық сұрыпқа тән, жетілген сұрып түсіне сай болу керек, ал ІІ сұрыпты жүзімнің түсі әр түрлі реңді.