Шеберлік кілті-тәжірибелі тәлімгерден
Тәлімгер-өмірлік тәжірибесі мол, нағыз еңбекқор, ізденімпаз, ұшқыр ойлы маман. Нағыз мықты тәлімгер ғана салауатты да, саналы, рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыра алады.
Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау — әр мұғалімнің борышы. Ол — өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады. Қазіргі жас буын — еліміздің келер күнгі келбеті. Бұл жөнінде тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру»,- деген тұжырым жасады.
Ұстаз өзінің адамгершілік этикалық парызын орындауға тиіс. Білімді түрлендіруде, білім беру үрдісін реформалауда зерттеуші мұғалім жаңа формация мұғалімі ретінде орталық тұлға болып табылады. Қазіргі заман мұғалімі – рухани дамыған əрі əлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі əрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты» болады деген.
Менің жетекші-тәлімгерім Сабырова Акбота Уалиевна өзінің жылдар бойы жинаған тәлім-тәжірбиесімен бөлісіп келеді.
Адамның адамшылдығы… жақсы ұстаздан болады, - деп, Абай атамыз айтқандай, Ақбота Уалиевна білікті, білімді ұстаздардың бірі .Оқытумен тәрбиенің тиімді жолдарын іздестіріп, өз ісінің қас шебері болып кеткен ұстаз деп білемін. Маған сабақ берудің әр түрлі тиімді тәсілдерімен бөлісіп, әр қашанда мені қолдап, маған үлгі өнеге бола білген ерекше жандардың бірі. Маған әдістемелік көмегін тигізіп,бағыт-бағдар көрсетіп отырады. Онымен қоса өз тәжірбиесінен өткен, ұстаздықтың қыр-сырын маған үйреткен.Ол сияқты ұстаз, әлемдегі ең жоғарғы санатты оқытушылармен тең келері сөзсіз, өйткені, ол жан тәнімен өз жұмысына , мамандығына толықтай зер салып өз білімін одан әрі тереңірек ұштатып білім алуда , және де өз білімімен бөлісуде.Акбота Уалиевна сияқты ұстаздар өмірімізде көп болса , мемлекетіміз көркейе түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |