1.2 Қазақ халқының ұлттық ойындарының түрлері Көкпар. Ойынның шарты: Көкпаршылар алаңды айналып тұрады.Қолында көкпары бар төреші оның лаң ортасында тастап, «баста» деп әмір береді. Лап қойған жігіттер лақты бас салады. Белгіленге межеге көкпарды кім бұрын әкелсе; сол жігіт жеңімпаз атанып, тиісті сыйлығын алады.
Аударыспақ Ойын шарты: Топ-топ болып жиналған жігіттер аламаннан суырылып шығып, бір-бірін аттан аударып тастауға тырысады. Кімде кім қарсыласын ерден жұлып алса, халайық қошаметтеп, жеңілгенін қыран-топан күлкімен шығарып салады.
Қазақ күресінің ойын шарты: Бұл ойын туралы сөз ете отырып, ертерете Наурыз тойында жігіттерді күреске қыздар да шақырғанын еске саламыз. Ойынның шарты бойынша, егер жігіт жеңсе, сол палуан қызға үйленуге хақы бар. Ал қыз жеңіп кетсе, жігітке өз қалауын орындатады. Өзара белдесіп, Наурыз күні үйленген жастарға халқымыз мейлінше сый-құрмет көрсетіп, «той тойға ұласты» деп, той шығынын көптен-көмектеп өздері-ақ көтерген. Бұл ойынның бастау көзі тереңде жатса керек. Ежелгі сақ елінде жігіт өзіне ұнеған қызды күрес жеңсе ғана үйленіп, жеңілсе қыздың тұтқынына айналған. Неменсе, орта ғасырда өмір сүрген Түркістан билеушісінің Ангиарм атты көрікті қызын ешбір палуан жеңе алмаған соң, күйеуге тимей отырып қалған.
Қыз қуу. Ойын шарты: Астында әдемі жабулы сәйгүлік мінген, басында қарқаралы бөрік бар, кемер белдікті, қынамалы қызыл қамзолды, үстінде етегі бүрмелі торғын көйлек көйлек киген ьойжеткен отраға шығады. Топ-топ болып тұрған жігіттерден өзі ұнатқанын қамшымен түртеді де шаба жөнеледі. Қыз түрткен жігіт атын тебініп алға шығады да, қыз соңынан қуа жөнеледі.
Балтам тап. Ойынның шарты:Дөңгелек отырған топтың ішінен бірінші ойнаушы «Балтам тап» деп қасындағы көршісін иыққа нұқып қалады . Ол «Қашан алдым балтаңды» деп әлгі оиыншының өзін нұқиды.Ойын бастаған адам «Сен, алмасаң , кім алды» жаңағы ойыншыны тағы түртеді. «Мына балтам алмаса» деп ол өзінің екінші жағындағы ойншыны нұқиды.Ол қайтадан «Мына балтам алмаса?» деп өзінің көршісін түртеді .Осы тәртіппен ойын соңғы манағы бастаушыға жеткенде,ол: «Сен салар да мен салар ,атқа жемді кім салар деп» екі жақтағы көршілерін нұқып қап өзі ойыннан шығады Ойыннан шықанн жастар бір ән немесе күй тартып береді.
Асық ату. Ойынның шарты:Екі бала орталарына көмбе белгілеп , сол көмбеге асық қойып , оны үш адым жерден сақамен атады. Тигізсе алады.Тигізген жақ мүлт кеткенше ата береді . Ұтылған бала орнына асық қойып отырады.Тигізе алмаса кезекті екінші балаға береді. Сөйтіп екі жақ асықтары біткенше ойнайды.
Ай керек. Ойынның шарты: Бұған қыз бен ұлдар аралас қа,тысады .Жас шамаларына пәлендей шек қойылмайды . «Ай керекке» көрші ауылдың балалары келеді.Әбден жиылып болған соң бірі ұйымдастыруға шығып балалардың санын бірдей ғып екіге бөліп тізеді .Аралары екі-үш арқанның ұзындығынан жақын болмайды.Сонан соң екі жақтың да сақадай-сай болғанына көзі жеткен ұйымдастырушы ойынды бастауға рұқсат етеді
Жасырынбақ. Ойынның шартысы: Жасырынбақта белгілі көмбе болады да , сол көмбеде көзі байланған бала қалып , қалғандары әбден тығылып болғанда ғана оның көзін дегі шыт шешеіледі .Сонан соң ол жан-жағын абайлап ап көзін байлау үшін қасында қалғанды іздейді .Егер оны тауып алса жеңгені. Ал , қалған балалар жәй тығылады да, олардың бітіретіні қара – құрықты көбейтіп, негізгі адамнан іздеушіні адастыру.
Соқыртеке. Ойынның шарты: Соқыртекеде жиылғандар іштеріндегі біреуінің көзін көрместей ғып байлап , оны соқыртекеге ұқсатады .Сонан соң әрқайсысы оны бір түртіп айнала қашады.Егер көзі байланған адам тез және сезімтал болса өзін түрткелі келе жатқанды ,не маңындағы таяу біреуді тап беріп, ұстай алады да, оның көзін енді өзі таңады.Егер бірде-біреуін ұстай алмаса ,іздеумен жүрумен –ақ діңкесі әбден бітеді.Қалғандары бұған қуанбаса ренжімейді
Күзет. Ойынның шарты:Күзет көбінесе қойлы ауылда өтеді Бұған көбінесе қыз-келіншек шығады.Қойды ит-құстан аман алып қалу үшін күзетшілер от жағып ән салып әңгіме-дүкен құрып отырады.Қой шетінде иттері жатады.Осылайша күзетке шыққандар қырағылық пен батылдық мектебінен өтеді.
Ақ сүйек. Ойынның шарты:Бұл ойында балалардың жас шағы жағы көп шектелмейді.Балаларға да, тіпті жас келіншек пен бозбалаларға да оған қатысуға болады. Жұрт әбден жиналғаннан кейін ойын басы жұртты екіге бөледі.Ойынның аяғында нәтижесі шығарылады. Қай жақтың адамы ақсүйекті көмбеге көп әкелсе ,Жеңіс сол жақтікі болады.Жеңілген жақ ән салып , би билеп береді..
Бәйге. Ойынның шарты:Бәйгенің басты шарты –жүйрік жылқыны таңдай білу.Ата-бабаларымыз сәйгүлікті жазбай таныған ғой. Екінші шарт- ол бәйге атын баптау,жарату.Бәйгеде н дәмесі барлар бұған айрықша назар аударғандары жөн. Қазақта бапкерлер бәйге атын ай бұрын жаратады .Ендігі бір қажетті шарт-бәйге атына мініп шабатын шабантозды іріктеу.
От ойыны.Ойынның шарты:Бұл ойынды жастар түнді бетке ала жиналады.Бірнеше арқа отынды ортаға үйіп өрттейді.Алақандарын отқа төсеп қызуымен беттерін сипайды.Оттың жарығын айнала жастар билейді.Жайлаудың түнгі салқынында от табына қарсы отырып әңгімелесу де қызық. Ортадағы от сөнсе бастағанда қалғандары құшақ –құшағын салып жатады.Бұл түнгі ән де өзгедей — қызық естіледі.
Арқан тарту.Ойынның шарты:Бірі- жиналған жастар екіге бөлінеді.Сандары бірдей болады.Сонан соң жазыққа шығып ап арқанды екіге бүктеп дәл ортасын белгілеп Белгі тағады.Сонан соң екі топ оны екі жаққа тартады .Арқанға белгі тығылған жердегі көмбеде қазы тұрады .Қашан жеңген жақ арқанның ұшын қазының алдынан әкеткенше ол қозғалмайды.Сонымен тартыса-тартыса бір жақ жеңіп,жеңілген жақ оған бодан болады. Екінші бір түрі- тойларда келе жатқан келіннің алдына арқан керу.Олар арбамен, атпен келе жатса да арқанды аттамай тосқандарды ақысын береді.
Тобық. Ойынның шарты: Құда мен құдағи, нағашы мен жиендер кәртейгендеұмытшақ болып кетпес үшін, сақсергек болуалары екі адам әдемілеп мұжып, бір жеріне белгі салады. Сонан соң біреуі оны тағады. Екншісі оны сұрауға тиісті. Сонда соң береуі оны тығады. Екіншісі оны сұрауға тиісті. Сонда сұраған жаққа тобықты тыққан адам қолма-қол тауып беруі керек. Ол үшін лағашқы келісімде тобық не алақанда, не белгіленген бір жерінде болуы керек. Басқа жерден берсе есепке алынбайды. Ұтылады. Бұнын уақыты не бір айға, не бір жылға белгіленеді. Белгіленген уақытында сұрамаса, тобықты тыққан жақ жеңеді.
Белбеусоқ. Ойынның шарты:Белбеусоққа көбінесе ересектер қатынасады, келіншектер де, үйленген жігіттер де қатысуға болады.Мұнда жиылғандар алқа қотан дөңгелене отырады .Сонан соң шираитылған шүберек белбеуді қолына ұстаған біреуі отырғандарды айналып жүріп біреуінің артына білдіртпей қойып кетеді.Артынада белбеу қалған адам қолма-қол білсе ,атып тұрып ананы қуады .Ол орнына отырғанша, егер жетсе, есілген белбеумен ұрады.Енді кезек таяқ жеп ұтылғанға келіп белбеуді сол тастайы.
«Хан» ойыны. Ойынның шарты:Алдымен асықты шашады да, сонан соң саусақпен шертіп тигізгенін алады.Мұнда да көздеген асық атқанына ғана тию керек ,қасындағысының шырқын бұзса шашылады . Мұнда да — ұпай жеңіс асықты кімнің көп алуымен есептелінді . Ойын қашанда таза ,жылы жерде өтеді. Балалардың астында киіз не сырмақ болады .Қазір бұл да ұмыт болған ойындардың бірі. Бұған мұрагер ретінде кей ауылды жерлерде қақпақыл ғана там-тұмдап ұшырасады
Садақ, садақ ,қуыршақ Ойынның шарты:Бұны балалар кәдімгі садаққа ұқсатып тұрып жасайды.Шылғи қайыстан адырна тағады .Жебелерінің ұшына қаңылтырдан үп-үшкір ғып істік орнатады .Содан соң тігілген нысананы атып өнерлерін сынасады .Бұл қазақта өте ертеден келе жатқан ойын.
Тепе-теңдік. Ойынның шарты:Ойынды бастауға кезек алған бала тақтайдың үстіне шығып , салмағын тепе-теңдік жағдайға келтірген соң , ол қолындағы тостағандағы құмды сол қолдағы тостағандағы құмды сол қолдағы бос тостағанға шашыратпай құюы керек .Ойынды екінші рет қайталағанда бұл жаттығуды тақтайдың үстімен жүріп бара жатып орындау керек.
Лақша секіру. Ойынны шарты:Балалар басқарушының бұйрығымен өздері секіретін арықтың жағасына қатарға тұрады .Ойынды қатардың бірінші тұрған ойыншысы бастайды .Ол ойын басқарушының белгісінен кейін қолындағы сырығымен секіретін орыннан он метрдей жерге барып жүгіріп келіп,сырығын ордың жағасына тіреп шамасы келгенше ордың ар жағына тіреп шамасы келгенше ордың ар жағына түсуі керек
Салт аттылар. Ойынның шарты: Ереже бойынша әр жұп бірінің бірі мойнына мінеді де «салт аттылар» тобын құрайды. Себебі, күш сынасатын аттылардың астыңғысы аттар да, мойында отырғандар «аттылар» болып саналады. Енді ойын басқарушының берген белгісімен ойын басталады. Ортаға екі командадан бір-бір «салт-атты» ортаға шығады. Ойын бойынша «аттылар» бір-бірін аттан түсіріп тастауы керек. Ойын барысында қай топтың «аттылар» көп құласа, сол команда жеңіліс табады.Соңынан ойын басқарушы жеңген топты жариялап, оларға алдын ала әзірлеп қойған сыйлығын тапсырады..
Көпір. Ойынның шарты: Қалған балалар осы қақпадан бір-бірлеп өтуге тиісті. Көпірден өткен кезде ұсталған бала өзін ұстаған ойыншымен орындарын ауыстырады. Ойын шарты бойынша басқа ойыншылар көпірдің астынан білдірмей өтуге тырысады. Ойын соңында көпірдің астынан көп өтіп, қолға түспеген балалардың аттары аталады.
Құмар. Ойынның шарты: Ойыншылар дастарханды жағалап, жайғасып отырғаннан кейін кезек-кезек төрт асықты иіреді.Егер иіруші: төрт бүк, не төрт шік, не төрт алшы, не төрт тәйке түсірсе, әйтеуір кез-келген біреуі түссе жүлденің жартысын алады. Егер иірген кезде төрт түрлі түссе, онда тігілген жүлдені түгел алады. Осылайша ойын жалғаса береді.Көнге тігілген жүлде біткен сайын қайтадан тігіліп отырады. Әдетте көнге асық тігіп ойнаса, өткен замандарда қозы, лақ, қой тігіп те ойнаған екен.
Омпы. Ойынның щарты: Ойыншылар арасы 20 адым екі көмбе сызады да көмбенің тең ортасына сызық бойына ойыншылдардың әрқайсысы екі асықтанкөнге тігеді.Тігілген асықтың тап ортасына сызық бір асықты омпысынан тұрғызды. Балалар бірінің артына бірі қатарға тұрады да, кезек-кезекқолдарындағы сақаларымен, он адым жердегі омпыны атып түсіруге, сөйтіп асық ұтып алуға кіріседі.
Таяқ жүгірту. Ойынның шартысы: Ойнаушылар өздері тұрған жерден он шақты атым жердегі белгіленген жарқабақ қарға қолдарындағы таяқтарын кезек-кезек лақтырады. Лақтырылған таяқ жарқабақ қардан өтіп ұшы қар бетінің екінші жағынан көрінуі керек. Әр ойыншының таяқтарының шыққан жеріне белгі қойылады да, содан қай алыс түскен таяқтың иесі жеңімпаз атанады. Ойынды осы ретпен бірнеше рет қайталауға да болады.
Бұғнай. Ойынның шарты: Ойын жүргізуші ойнаушыларды айнала отырғызып, «бірінші бұғнай», «екінші бұғнай», «үшінші …» тағысы тағы, ең соңына дейін отырғандарды санап шығады да , «пәленнінші бұғнай» деп дауыстайды. Аты аталған бұғнай орнынан атып тұрып ,келесі біреуін шақыруы керек. Әдетте, малдас құрып отырған қыздар бірден тез тұра алмай қалады,ал кейбір сақ отырған ойыншылар аты аталмай тұрып кетеді. Осындай орынынан уақытында тұра алмай қалады және аты аталмай атып тұрып кеткен ойнаушыларға жаза қолданылады ,ондай адам көпшіліктің ұйғаруымен ортаға шығып айып тартады, яғни өнер көрсетеді.
Қара күйе. Ойынның шартысы:Көпшілік қауым сызықтың бойында қатарынан тұрады . Сөйтіп олардың әрқайсысы тасты лақтыра бастайды.Тасы ең жақынға түскен ойыншы тастарды жинап ,басқаларына үлестіріп береді. Үш рет ең алысқа тасы түскен ойыншы жеңімпаз деп есептеледі. Сөйтіп ол уақытша ойыннан шығады.
Жаяу тартыс. Ойынның шарты:Ойынға қатысушы екі жігіт ортаға шығады .Екі басы біріктіріп түйілген арқанды әлгі екеуі екі жаққа қарап тізесімен екі қолына тұрып ,бірін бірі күні бұрын белгіленген жерге бейін тартып жеткізулерді керек .Қайсысы сүйреп жеткізсе сол ойыншының ұтқаны болып есептелінеді .Енді келесі екеуі шығады .Ойын осылайша алма кезек жалғаса береді.
Бұрыш.Ойынның шартысы:Ойын жүогізушінің бұйрығымен белгілі бір ара қашықтығы сақтап 4 бала төрт бұрышқа тұрады .Ойын жүргізушінің мақсаты – осы төатеунің ортасына жүріп олар екі екіден орындарын ауыстырып тұрған кезде ,тезірек бос орынға тұра қалу. Ойын анығырақ болу үшін әрбір ойыншының тұрған жерін бормен немесе таяқпен сызып белгілеп қою керек .Орнынан айырылған ойыншы жүргізушіні ауыстырады ,сөйтіп ол да бос орын іздей бастайды .10 ойыншы болғанда екі топқа бөлініп ойнауға болады.
Жаяу көкпар.Ойынның шартысы: Балалар көмбедегі белгіленген түзу сызықтың бойына қаз-қатар тұрады .Ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша көмбеден бір мезгілде тұра ұмтылған балалар 10 адымдай жерде жатқан көкпарды қай бұрын жеткені алып қашады.Қолында көкпары бар бала арасы бір шақырымдай екінші көмбеге бұрын жетуге тиіс .
Қамалды қорғау. Ойынның шартысы:Ойнауға тілек білдіргендер үлкен шеңбердің бойына қатарға тұрады.Шеңбердің ортасына «қамал»,яғни мосыны немесе орындықты қояды, ал бір ойыншы оны қорғайды.Шеңбер бойындағы тұрған ойыншылар қамалды доппен атқылай бастайды ,ал қорғаушы болса допты қамалға тигізбеуге тырысады .Кімде кім допты қамалға тигізсе сол ойыншының орнына тұрады.
Кірпіше қарғу. Ойынның шартысы:Ойынды қатардағы ең соңы бала бастайды .Ол еңкйіп тұрған алдындағы баланың арқасына қолын тіреп ,аяғын тигізбей ,үстінен қарғып өтеді.Содан кейін өзі алдына келіп тұрады ,өзіде еңкейіп тұрады .Қарғи алмаса ойыннан шығып қалады. Кезек бастапқы қарғыған балаға келгенде ойын бітеді. Күзетшілер Ойынның шартысы:Басқа балалар бір-бірлеп күзетшілер тұрған қақпадан білдіртпей өтіп кетуге тиіс.Күзетшілердің сыртынан айналып кетуге болмайды .Егер күзетшілердің біреуі өтіп бара жатқан ойыншыны сезіп қалып ,қолын тигізсе ,сол ойыншыны күзетшілікке тұрады.
Алтыбақан. Ойыннң шартысы:Алтыбақанды құру үшін әрқайсысы ұзындығы 3-4 метрдей 6 сырық ағашпен мықты арқан керек.Мосыға ұқсатып үш-үштен ағашты бір жақ басынан байлап ,жерге қадайды,ортасына көлденең тағы бір сырық қояды Ойнау шылар аяғын тірейтіндей етіп арқан байланады.Бір-біріне қарама-қарсы отырып тербеліп алтыбақан тербеушілер ә н басатайды.
Айгөлек. Ойынның шартысы:Жастардың бас-аяғы түгел жиналып болғаннан кейін өзара келісімдері бойынша тең болып екі топқа бөлінеді .Әр топтың ойыншылары ара –қашықтығы 20-30 адымдай жердегі өздері белглеген көмбелеріне барады .Әр тоатың өз ойыншысы бір қатарға ттұрып , бір-бірінің қолдарынан мықтап керіп ұстап тұрады.
Дойбы. Ойынның шарты:Дойбы ойнау үшін ешкінің бақайшығын әдемілеп тазалап оның он екісін қызыл қынаға бояп алған шалдар оны арнайы дорбаға салып сақтайды .Астындағы тақтайын да қолдан жасайды.Шалдар деп отырғанымыз дойбыны көбіне қарттар ойнайды.