3 І тарау. Қазақ халқының ұлттық ойындарының тарихи дамуы



бет1/7
Дата02.11.2023
өлшемі71,8 Kb.
#121399
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Ұлттық ойындардың пед-псих-қ негіздері


Қазақтың ұлттық ойындарының қалыптасуы мен ерекшеліктері

Мазмұны


Кіріспе......................................................................................................................3
І тарау. Қазақ халқының ұлттық ойындарының тарихи дамуы.............
1.1 Қазақ халқының ұлттық ойындарының ғылыми зерттелуі
1.2 Қазақ халқының ұлттық ойындарының түрлері...............................................
ІІ тарау. Қазақтың ұлттық ойыны – тәрбие құралы.......................................
2.1 Қазақтың ұлттық ойындарының тәрбиелік мәні
2.2 Қазақтың ұллтық ойындарын жеке дара қарау...............................................

Қорытынды................................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер.....................................................................................

Кіріспе
Курстық жұмыс тақырыбының зерттеу өзектілігі:
Ұлттық ойындарды тәрбие үрдісінде пайдаланудың өзектілігі
қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тәрбие беру - қазіргі міндеттердің бірі. Жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен жеке тұлғалық қатынасын (этикалық, эстетикалық, адамгершілік тұрғысынан) тәрбиелеу мақсатын халқымыздың мәдени рухани мұрасының, салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына дарыту арқылы жүзеге асыруға болады. Осымен байланысты бағдарлама халқымызға тән әдептілік, қонақжайлық, мейірімділік, т.б. сияқты қасиеттер, табиғатқа деген қарым-қатынасындағы біздің халыққа тән ерекшеліктер. Жас ұрпақ өз халқының мәдениетімен, асыл мұраларымен ұлттық әдебиеттер арқылы танысып келеді. Халық ойынды тәрбие құралы деп таныған. Ойынды қолдану жас ұрпақтың ой-өрісін жетілдірумен бірге, өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу құралы.Бірақ оны жүргізуге арналған нақты әдістемелік құралдар жоқтың қасы. Зерттеу жұмысында орыс тілінде жазылған әдебиеттер қолданылды. Соның нәтижесінде қазіргі таңда тақырыптың өзектілігі туындап отыр.
Халық педагогикасының адам, отбасы, өскелең жас ұрпақты тәрбиелеу туралы арман-мақсаттарын, орныққан пікірлерін, ұсыныстарын қамтып көрсететін идеялар мен салт-дәстүрлері өткен мен қазіргінің арасындағы байланысты көрсетеді.Ол тарихи даму барысындағы әлеуметтік мәні бар ақпаратта (білім, білік) т.б. жиналып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады.
Ертеден келе жатқан еңбек тәрбиесінің әдіс-тәсілдер құралы, сөз жоқ, еңбек болып табылады. Еңбек адамның қалыптасуы мен тәрбиеленуінде бір ұрпақтан екінші ұрпаққа өмірлік тәжірибе береді және халықтың даму барысында шешуші рөл атқарады. Еңбек ету кезінде адамның дене, ақыл-ой, эстетикалық дамуы мен еңбек тәрбиесі қатар жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет