Тәрбие сағатының тақырыбы: 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні!



Дата27.09.2023
өлшемі15,89 Kb.
#110460

Тәрбие сағатының тақырыбы: 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні!
Тәрбие сағатының мақсаты:

  • «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні» мейрамының маңызын түсіндіру;

  • Оқушыларды елімізде тұрып жатқан өзге де халықтардың озық мәдениетімен, өзіндік үлгі-өнегесімен таныстыру.

Тәрбие сағатының міндеті:



  • Оқушыларды еліміздегі өзге де ұлттарды құрметтеп, оларға тағзым етуге тәрбиелеу;

  • Оқушыларды татулыққа, бірлікке тәрбиелеу.

Тәрбие сағатында қолданалынатын көрнекіліктер: бейнематериал, плакат, суреттер.



Ұйымдастыру:
Кіріспе: 5 - минут

  • Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар!

  • Бүгінгі күндеріңіз қалай өтті? Сабақтардан да шаршаған боларсыздар. Соған орай көңіл-күйімізді көтеріп, бір-бірімізге бір ауыз жылы лебіз айтып өтсек. Бәріміз орнымыздан тұрамыз.

Оқушылар орындарынан тұрып, бір-біріне жақсы тілектер айтады.

  • Көңіл-күйімізді көтеріп алдық, енді бір сұрақ қойсам. Алдымызда қандай мереке жақындап келе жатқанын білесіңдер ме?

  • Дұрыс айтасыздар оқушылар! Алдымызда еліміздің айтулы мейрамы, татулығымыз бен достығымыздың көрінісі – «1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні» келе жатыр. Мен бүгінгі сабақта балдық бағалау жүйесін қолданғым келеді, әр орындалған тапсырма үшін топтарға 1-5 арасында бал беріледі. Сабақ соңында жеңген тобымызға сый береміз. Естеріңізде болса мен өткен тәрбие сағатында осы тақырыпқа байланысты тапсырмалар берген болатынмын, сол тапсырмаларды кім орындап келді?

Берілген тапсырмалар:
Сынып 6 топқа бөлініп, әр топ өзіне берілген ұлт туралы ақпарат жинап, сурет салып алып келу. (Халықтың тарихы, тілі, ұлттық киімі мен ұлттық тағамдары)
Үйге берілген тапсырманы қорғау: 10 минут

  • Жақсы оқушылар, үйге берілген тапсырманы айтып болсақ, тақтаға назар аударсақ. Бүгінгі тақырыбымызға байланысты қысқаша бейнеролик көрейік.

Бейнематериал: https://youtu.be/sHNx8jrYoDs (1 минут, 10 секунд)

  • Осы бейнероликтен не түсіндіңіздер оқушылар?

Оқушылар өз ойларын айтады. (3-4 минут

  • Осы мейрамға байланысты қысқаша ақпарат алып келдім, кім дауыстап оқығысы келеді?

Оқылым: (4-5 минут)
Қазақстан халықтарының бірлігі күні – Қазақстанда жыл сайын тойланатын мереке. Мереке 1996 жылдан бастап тойланады. 1995 жылдың 18 қазанында Қазақстан президенті жарлығы бойынша 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні деп жарияланды. «Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Сондықтан да Қазақстан халқы 1 мамыр ынтымақ пен бірлік күнін тойлайды. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мерекенің орны ерекше. Жыл сайын атаулы мерекеге Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі, еліміздегі ұлтаралық татулық, ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін.

  • Балалар, шаршадыңыздар ма? Олай болса кішігірім сергіту сәтін өткізсек.

Сергіту сәті: https://youtu.be/uiV7y3MTG9c (2 минут)

  • Шаршағанымыз басылса тағы бір топтық жұмыс жасап жіберейік, мен сіздерге ақ беттер таратып беремін, сіздер бүгінгі тақырыпқа кластер жасайсыздар. Бәріміз болған соң әр топ қорғайды. (10 минут)

  • Жарайсыздар оқушылар! Сабақтың аяғы да тақап қалыпты, сндықтан алдарыңызда тұрған стикерлерге бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жазып, тақтада ілініп тұрған Қазақстан картасына жапсырсаңыздар.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет