3 І тарау. Желтоқсан оқиғасы бойынша дерек көздері



бет2/10
Дата07.04.2022
өлшемі125 Kb.
#30198
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Қосымша суреттер..............................................................................................................20

Жұмыстың өзектілігі

Қазақ халқы ел болғалы не бір қиыншылықтарды басынан өткергені баршамызға аян. Сонау жоңғар басқыншылығы кездерінен бастап, Кеңес үкіметі орнағаннан кейін де, жергілікті халық екілдерінің шекелері шылқ етіп, жағдайлары жақсарып кете қоймағаны тарихи ақиқат.

Ақтабан шұбырындыда еліміздің ел болып қалуы үшін аянбай күрескен батырларымызды екі-үш ғасыр өткен соң ғана, жариялылықтың арқасында еске алып, еңбектерін елеп ескеріп жатқан жоқпыз ба?!

Кенесары, Наурызбайлардың да орыстардың отарлау саясатына қарсы күрескендерін Президентіміз Н.Ә.Назарбаев "Әділеттің ақ жолы" кітабыңда баса атап өтті. Соған дейін осының орайы келді ме?..

Кеңес өкіметі жылдарыңда да Голощекиннің әпербақан саясатымен жасалған зұлмат ашаршылық кезеңіңде қаншама қаңдастарымыз қырылғаны қырылып, аман қалғандары шыбын жанның қамы үшін беттері ауған жақтарына бытырап кетті. Қасіретті халқымыздың қамынжей, қабырғалары қайысқан Тұрар Рысқұлов, Ахмет Байтұрсынов, Жүсіпбек Аймауытов, Шәкәрім Құдайбердиев, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов т.б. ардақтыда айбарлы ағаларымыз "халық жаулары" атанып, зұлымдықтың құрбаңдарына айналды. Олардың есімдерін тек 50-60 жыл өткен соңғана ауызға алабастадық.

1986-жылы Алматыда болып өткен әйгілі Желтоқсан оқиғасы да халқымыз үшін қайғылы да қаралы күндер болып саналғанымен, тарихымыздың, шежіресіне алтын әріптерімен жазылылуда.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет