3 Лекция: Қосжақты симметриялы көпклаткалылыр. Жалпақ- plathelminthes, жұмыр – Nemathelminthes Жоспар


Жұмыр құрттар немесе алғашқы қуысты құрттар типі – Nemathelminthes немесе Ashelminthes



бет9/21
Дата06.01.2022
өлшемі1,66 Mb.
#14358
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21
Жұмыр құрттар немесе алғашқы қуысты құрттар типі – Nemathelminthes немесе Ashelminthes

Жұмыр құрттардың көптеген түрлері теңіздер мен мұхиттарда, тұщы суларда, топырақта қозғалып өз бетімен тіршілік етсе, біразы өсімдіктер мен жануарлардың, адамның паразиттері. Бұлардың планета биосферасында кездеспейтін ортасы жоқ. Сондықтан бұлар космополиттік топ болып табылады.

Жұмыр құрттардың жалпақ құрттардан айырмашылығы, ішкі мүшелерінің арасында дене қуысының болуы. Бұл қуыстың өзіндік қабырғасы болмағандықтан оны алғашқы қуыс немесе схизоцель деп атайды. Сондықтан кейде жұмыр құрттарды алғашқы қуыстылар деп атайды. Денесінің ішкі қуысындағы сұйық заттың біркелкі қысымда болуы оның дене жұмырлығын тұрақты етеді. Құрттардың денесі жұмыр болып келетіндіктен типтің аталуы да солай.

Типің негізгі сипаты:



  1. денесі бөлшектенбеген (сегменттелген);

  2. зәр шығару жүйесі дамымаған, зәрді денеден тері бездері шығарады немесе протонефридиялы;

  3. қан айналу және тыныс алу жүйесі дамымаған;

  4. ас қорыту жүйесінде артқы ішегі және аналь тесігі дамыған;

  5. нерв жүесі ортогонды;

  6. сезім мүшелері нашар дамыған;

  7. дара жыныстылар, жыныс жүйесінің құрылысы өте қарапайым.

Жұмыр құрттар типі 5 класқа бөлінеді:

Нағыз жұмыр құрттар класы – Nematoda

Аденофореа класс тармағы – Adenophorea

Сецерненттер класс тармағы – Secernentea

Құрсақ кірпікшелілер класы – Gastrotricha

Киноринхалар класы – Kinorhyncha

Түкті құрттар класы – Nematomorpha

Коловраткалар класы -    Rotatoria





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет