3 Лекция: Қосжақты симметриялы көпклаткалылыр. Жалпақ- plathelminthes, жұмыр – Nemathelminthes Жоспар



бет1/21
Дата06.01.2022
өлшемі1,66 Mb.
#14358
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
432176640973 №3 Лекция. Қосжақты симметриялы көпклаткалылыр. Жалпақ, жұмыр (1)


3 Лекция: Қосжақты симметриялы көпклаткалылыр. Жалпақ- Plathelminthes, жұмыр – Nemathelminthes

Жоспар

  1. Жалпақ құрттар типі – Plathelminthes. Жалпы сипаттама

  2. Кiрпiкшелi құрттар класы, дигенетикалық сорғыштар класс тармағы

  3. Жұмыр құрттар типі – Nemathelminthes

Жалпақ құрттар типі — Plаthelminthes

Жалпы сипаттама

Бұлар денесi жалпақ жапырақ, лента тәрiздi, кейде ұршық пiшіндi төменгi сатыдағы құрттар.  Жалпақ құрттардың iшiнде паразиттiк және өз бетiмен тiршiлiк ететiн түрлерi бар. Өз  бетiмен тiршiлiк ететiн өкiлдерiн тұщы сулардан, теңiз суларынан ылғалды топырақтардан кездестiруге болады. Паразиттiк түрлерi адам мен жануарлардың әртүрлi мүшелерiн мекендейдi. Жалпақ құрттардың көптеген түрлерi паразиттiк тiршiлiк етуге бейiмделген. Олардың  барлығына тән ортақ белгiлерi бар. Ондай белгiлерiне:

1. Барлығьның дене пiшiнi ұршық тәрiздi, жапырақ және таспа тәрiздi болады.

2. Жалпақ құрттардың дене қуысы болмайды. Iшкi мүшелерi борпылдақ ұлпалар - паренхимаға батып жатады.

З. Нерв жүйесi бас нерв түйiндерiнен және екi құрсақ нерв тiзбегiн құрап, олар өзара көлденең нерв тiзбегi арқылы байланысып жатады.

4. Ас қорыту жүйесi атқаратын қызметi мен пiшiнiне қарай айқын жiктелген. Жұтқыншақ пен өңеш. Одан кейiн орналасқан ортаңғы iшек тұйық тармақтармен аяқталады да, олардың ыдырау өнiмдерi ауыздан шығады. Аналь тесігі мен артқы ішегі болмайды. Кейбiр паразиттiк түрлерiнде (сиыр цепенi) ас қорыту мүшелерi мүлде болмайды.

5. Жалпақ құрттардың зәр шығару жүйесi протонефридия деп аталады, протос - қарапайым “нефрос” - бүйрек.

6. Жалпақ құртгардың тыныс алу, қан айналу жүйелерi болмайды. Тыныс алу процесi паразит түрлерiнде анаэробты түрде, ал өз бетiмен тiршiлiк ететiн түрлерiнде бүкiл денесi арқытлы жүзеге асады.

7. Жалпақ құрттардың барлығы қос жынысты — гермафродиттi организмдер.

Дамуы күрделі жағдайда түрленіп дамиды.

Жалпақ құрттар типi: Кiрпiкшелi құрттар (Тuгbеllагiа). Моногенетикалық сорғыштар (Моnоgеnеа), дигенетикалық сорғыштар (Digеnеа) немесе (Тгеmatоdа), таспа құрттар (Сеstodа) деп аталатын кластарға белiнедi.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет