Педагогикалық процесс – бұл арнайы ұйымдастырылған, білім алу, білік пен тәжірибені меңгерумен және тұлғаның психологиялық, денелік дамуымен мақсатты бағытталған педагогтар мен білім алушылардың өзара іс-әрекеті.
Педагогикады қарастырылатын ұғымдар
Қарым-қатынас
Қатысымға түсетін адамның мінез-құлық, эмоционалды-ерікті, танымдық және мотивациялық аймағындағы өзгерістерге қол жеткізу мақсатын басшылыққа алатын және ықпал етудің әртүрлі шарттарының көмегімен жүзеге асатын іс-әрекет процесінде адамның өзара әсерлесуі.
Тұлға
Әлеуметтік адам, қарым-қатынас өнімі. Адам өмірге тұлға болып келмейді, өмір барысында тұлға болып қалыптасады.
Іс-әрекет
Адам қажеттілігімен қызығушылығын қанағаттандыру мен тәжірибе жүзінде іске асыруға бағыттталған іс -әрекет жиынтығы.
№
категория
анықтамасы
1
Білім беру оқыту мен тәрбиелеу процесінің нәтижесі. Білім беру, ең алдымен,- әлеуметтік құбылыс - мемлекеттің, қоғамның, тұлға қызығушылығының мақсатты тәрбиелеу және оқыту процесі.
2
Оқыту сабақ беру мен оқудың екі жақты процесі. Сабақ беру – бұл танымдық процестердің қасиетін, біліктілігін, білімін беру
3
Тәрбие жалпы категория ретінде тарихи және мәдени тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа беру процесі болып табылады.
Педагогикалық ғылымдар жүйесі
Педагогиканың оқу пәні ретіндегі мазмұны білім берудің мақсатымен белгіленеді.
Педагогика тарихы
Адам тәрбиесінің қоғамдық құбылыс ретінде дамуын зерттейді.
Жалпы педагогика
Адамдарға білім берудегі жалпы заңдылықтарды зерттейді.
Жас ерекшелік педагогикасы
Оқу-тәрбие мекемелерінің типтерін немесе жас ерекшелік топтарды анықтайды.
Әлеуметтік педагогика
Тұлғаны әлеуметтендіру үрдісінің заңдылықтарын зерттейді.
Педагогиканың арнайы салалары
Түзету педагогикасы арнайы педагогика ретінде ерекшеленеді.
Сурдопедагогика
Естімейтін-сөйлемейтін, нашар еститіндерді оқыту мен тәрбиелеу
Тифлопедагогика
Көзі көрмейтіндерді және нашар көретіндерді оқыту мен тәрбиелеу
Олигофренопедагогика
Ақыл-ойы кеміс балаларды оқыту және тәрбиелеу
Логопедия
Тілінің кемістігі бар балаларды оқыту және тәрбиелеу
Этнопедагогика және салыстырмалы педагогика
Этнопедагогика әртүрлі халықтардың педагогикалық көқарас ерекшеліктерін зерттейді.
Салыстырмалы педагогика
Әртүрлі елдердегі оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтарын зерттейді.
Пәндік дидактика
Оқытудың жалпы заңдылықтарын білім беруде қолдану.
Жеке әдістеме
Нақты оқу пәндерін зерттеу.
Педагогиканың басқа да ғылыми салалары
Әскери, спорттық, кәсіби т.б.
Педагогика курсының мазмұнына жалпы сипаттама
Педагогика курсының мазмұны бағдарламада, оқулықтарда жинақталған.
1
Негізгі курс
Педагогиканың жалпы негіздері, дидактика, тәрбие теориясы, мектептану.
2
Арнайы курстар
Педагогиканың маңызды мәселелерін тереңдетіп оқыту.
3
Практикумдар
Болашақ мұғалімдердің балалармен жұмысын ұйымдастыру іскерлігі мен дағдысын құрастыру.
Педагогика курсының мазмұнын қалыптастыру принциптері
Білім беру мазмұнын қалыптастыру принциптерінің ішіндегі негізгілеріне төмендегілер жатады.
1
Ғылымилығы
Педагогикалық білімдердің ғылыми негіздеріне сүйену.
2
Бірізділік
Оқу материалын логикалық ретпен ұсыну.
3
Тарихилық
Педагогиканың даму тарихын ескеру.
4
Жүйелілік
Оқу материалын бір-бірімен байланыстыру.
Педагогика курсының мазмұнын қалыптастыру принциптері
Педагогика курсының мазмұнын қалыптастыру принциптерінің ішіндегі негізгілеріне төмендегілер жатады.
1
Өмірмен байланыстылық
Оқу материалын күнделікті өмірмен байланыстыру.
2
Жас ерекшелік мҥмкіндіктеріне сәйкестігі
Оқу материалын білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкестендіру.
3
Түсініктілік
Оқу материалын түсінікті және қолжетімді етіп ұсыну.