2 билет
Ғылым салалары, ғылыми зерттеулердің жіктелуі (10 балл)
Ғылыми зерттеу – ғылыми әдіс-тәсілдерді қолдану (10 балл)
Ғылыми білім ұғымы, ойлар және ғылыми болжамдар (10 балл)
Оқу үрдісін жетілдіруде оқушылардың ғылыми – зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру жолдары (10 балл)
1. Ғылым – бұл табиғат, қоғам және ойлау туралы жаңа білімдерді алуға бағытталған зерттеу ортасы.қазіргі таңда, ғылымның дамуы ғылыми еңбек бөлінуі және бірігуімен, ғылыми мекемелердің пайда болуымен, экспериментті және зертханалық құралдармен тығыз байланысты. Ғылымның жіктелуі – белгілі бір принциптерге сүйенген өзара байланыстың анықтылығы мен осы байланыстың логикалық қорытындысы.материалды өмірдің әр түрлі ғылыми объектлерді зерттеуіне байланысты ғылым әр түрлі түрлерге бөлінеді.
Ғылым салалары
физико-математикалық ғылым, химиялық ғылым, биологиялық ғылым, техникалық ғылым, ауылшаруашылық ғылым, экономикалық ғылым, философиялық ғылым, заңды ғылым, педогогикалық ғылым, медициналық ғылым, фармацевттік ғылым
Ғылыми зерттеулер мына түрлерге жіктеледі:
1) қоғамдық өндіріске байланысы жағынан
2) қаржыландыру көздеріне байланысты
3) мақсатына байланысты
4) халық шаруашылығына қажеттілігіне байланысты
5) зерттеу ұзақтығына байланысты
қоғамдық өндіріске байланысы жағынан ғылыми жұмыстар мына жұмыстарға жіктеледі: жаңа технологиялық үрдістер, машиналар, құрылыстар, өндірістің тиімділігінің артуы, еңбек шартының жақсаруы, жеке адамның тұлға болып дамуы және т. Б. Қаржыландыру көздеріне байланысты ғылыми зерттеулер:
- мемлекеттік бюджетті
- өндірісті-келісімдік
- қаржыландырылмайтын деген сияқты бөлінеді
2. Әрбір ғылымның зерттеу пәнімен қатар зерттеу әдістері де болады. Методология дегеніміз – білім алу үшін ғылымда қолданылатын тәсілдер, ережелер және қағидалар жиынтығы.мемлекет пен құқық теориясының зерттеу әдістері екі үлкен топтан құралады:
- жалпы ғылымдық зерттеу әдістері
- жеке ғылымдық зерттеу әдістері.
Жалпы ғылымдық зерттеу әдістері – барлық ғылымдармен қолданылатын жалпы зерттеу әдістері, барлығына ортақ қағидалар. Оларға анықталған философиялық бағыттарды жатқызуымызға болады. Қазіргі кезеңде жалпы ғылыми зерттеулер материализм мен диалектикаға сүйенеді.
Жеке ғылыми зерттеу әдістері дегеніміз – нақты білім алу үшін қолданылатын ережелер, тәсілдер, әдістер жиынтығы. Олар зерттеу процессінің деңгейі мен бағытына байланысты көптүрлі болады.
- нақты-әлеуметтік тәсілдернегізінен ғылыми ақпарат жинау кезінде қолданылады. Оларға жататындар: бағдарлау – мемлекет пен құқық теориясында бағдарлау обьектілеріне құқықтық практика мен мемлекеттік мекемелер жатады. Сұрау, анкета жүргізу, сұхбаттасу, сараптама және т.б. Әдістер арқылы субъектілердің мемлекеттік-құқықтық аймақтағы нақты әрекеті туралы мәлімет жинауға болады.
Мемлекет пен құқық теориясында қолданылатын негізгі әдістердің бірі – логикалық әдіс. Логика – ойлау тәсілдері мен әдістері туралы ғылым. Заң ғылымының зерттеу процесінде анализ және синтез тәсілдері де қолданылады. Анализ – теориялық және тәжірибелік зерттеу процесінде күрделі обьектілерді талдау, құрамды бөліктерден жіктеп ажырату.
Ғылыми зерттеудің негізгі әдістері: бақылау, эксперимент, модельдеу болып табылады. Зерттеу әдістерін таңдау зерттеу объектісі мен нысанының ерекшелігіне және қойылған мақсаттарға негізделген.
Нақты әдістерді жүзеге асыру мүмкіндігімен байланысты шектеулер зерттеу нысанын жаңадан анықтауға және мақсаттарды қайта қарастыруға мәжбүрлейді.
Әдіс – бір нәрсені орындау әдісі, фактілер мен тұжырымдамалармен реттелген жұмыс, мәліметтерлі жинаудың, өңдеудің және сараптаудың принцибі мен әдістері, сонымен қатар объектіге әсер ету принципі.
3. Білім - ғылыми шындықтар жүйесі. Білім - объективтік дүниені бейнелейтін адам баласының мол тәжірибесі. Білім арқылы жеке адам табиғаттың және қоғам құбылыстарының объективтік жақтарын зерттейді, түсінеді, ұғады. Ғылым – бұл табиғат, қоғам және ойлау туралы жаңа білімдерді алуға бағытталған зерттеу ортасы. Ғылыми білім кез келген жағдайда адамның дүниетамыны анықтай бермейді. Білім адам үшін субъективті мән алуы, яғни оның көзқарастары, сенімдері, идеал құруының негізі болуы керек. Ғылыми білім тұлға дамуының және оның дүниетанымы қалыптасуының үлкен тірегі. Міне, осының нәтежесінде білім әр адамның көзқарасына, сеніміне айналады.
4. «оқу жұмысының үш жағы үш мәселеге тіреледі: бірі мұғалімге, бірі құралға, бірі ақшаға» осы үшеуі бірдей тең болса, оқу қисаймай, ауытқымай түзу жүреді. Ол үшеуі тең болмағанда оқу жұмысы аумалы жүк сияқты орнықсыз» - деген екен. Үлкен ағартушы, ірі ғалым қоғам қайраткері ахмет байтұрсынұлы
Дарындылық пен шығармашылықты дамытудың түрлі жолдарының ішінде баланың өзіндік зерттеу тәжірибесі әлдеқайда тиімді болып табылады. Зерттеушілік, ізденушілік – бала табиғатына тән құбылыс. Белсенділікке оның жеке дамуына, өзіндік көзқарасының қалыптасуына игі ықпал етеді.
Ғылыми зерттеу – ғылыми әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, белгілі бір объект жөнінде жаңа білім қалыптастырумен аяқталатын жүйелі және арнайы мақсатқа көзделген объектілермен танысу. Оның негізінде адам әрекетінің ең қиын түрі – ғалымның танымқызметі. Танымдық әрекет оқушы үшін еске түсіру (репродуктивті) мен өзгерту (шығармашылық) бағытында болуы мүмкін. Оқушының өзгерту таным әрекеті зерттеу деп аталатын тәсіл арқылы жүзеге асырылады. Интеллектуалдық және шығармашылық қабілеті жоғары балалардың өз бетімен білім алу мүмкіндігі болуы тиіс. Яғни мұндай оқытуды бала өзі анықтайды, өзі басқарады, өзі жүзеге асырады.
Оқушылар қоршаған ортамен таныса отырып, өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйінде емес өзі ашады.
Зерттеу тәртібі мен зерттеу әрекетінің әдіснамалық негізі әрекетте жатыр. Сондықтан оқушының зерттеу әрекеті, зерттеу тәртібі күрделі кіріктілірген білім болып табылады.
Зерттеу – дарынды балаларды оқытудың негізі. Онсыз баланың потенциалдық қабілетін ашу, дамыту мүмкін емес.
Дарынды оқушының ізденушілік қасиетін қалыптасрыу зерттеуге оқытудың түрлі формалары мен әдістері арқылы жүзеге асырылады.
Биік танымдық қабілет, тұрмыс-тіршіліктің сырын ұғуға талпыныс баланың ерте жасынан туындайды екен. Сондықтан оқушыны ізденушілікке баулу бастауыш сыныптан басталуы тиіс.өйткені бастауыш сынып оқушысының түрлі сөздіктер мен қызықты әдебиеттерді іздеп табуға, оқып, танысуға деген құштарлығын білеміз.
Ғылыми зерттеу жұмысының кезеңдері
Ұсынылған тақырыптарды өз қызығушылығына қарай таңдау.
Таңдаған тақырыбын секция жұмысында талдау немесе жетекшісінен кеңес алу.
Жетекші ұсынған әдебиеттерге талдау жасау.
Танысқан материалдар мен тақырыпқа сәйкес жоспар жасау.
Теориялық материалдар негізінде зерттеу жұмысын бастау.
Жұмысты рәсімдеу және секцияның қорытынды конференциясында (7-10 минут) баяндама жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |