3-модуль. Акт құралдары 1



Pdf көрінісі
бет24/33
Дата21.03.2023
өлшемі1,62 Mb.
#75640
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   33
3-модуль. АКТ құралдары
38 
https://quizizz.com/ 
 
QUIZIZZ 
 
Quizizz Kahoot-ке өте ұқсас оқушыларды бағалаудың интернет 
құралы болып табылады, бірақ кейбір айырмашылықтары бар. 
Біріншіден, сыныпта викторинаны іске қосқан кезде оқушылар өз 
қарқынымен қозғала отырып, сұрақтарға жауап береді және осы 
орайда олар басқа қатысушылардың жауап беру жылдамдығына 
тәуелді болмайды. 
Екіншіден, Quizz-да құрастырылған викторинаны орындауды 
жоспарлап қоюға болады, яғни оны үй жұмысы ретінде ұсынуға 
болады. Kahoot-та осы опцияны өзінің функционалына қосты. 
Үшіншіден, «уақыт» параметрін алып тастау мүмкіндігі бар, сонда 
оқушы өтіп бара жатқан уақыт туралы емес, берілген сұрақ 
төңірегінде асықпай ойлана алады. Сондай-ақ бұл сұраққа жауап беру 
кезінде оқулықтың параграфын, оқулықтағы параграфты, кітаптың
тарауын не болмаса қажетті ақпаратты гугл жүйесінен тауып алуға 
мүмкіндік береді. 
Бұл құралдың көмегімен мыналарды жүзеге асыруға болады: 
• оқу және үйреу үдерісін қолдау; 
• ойындар мен викториналар өткізу; 
• жарыстар ұйымдастыру; 
• тест жүргізу; 
• үй жұмысын жүргізу; 
• әр оқушының нәтижелерін бақылау; 
• әр оқушыға автоматты түрде кері байланыс беру. 


#шебердіңқолыалтын 
3-модуль. АКТ құралдары
39 
 
https://wizer.me/ 
 
WIZER.ME 
 
Wizer.me тегін, қолдануға оңай, тапсырмалар мен жаттығулары 
бар, соның ішінде бейнеролик негізінде әзірленген, интерактивті 
жұмыс парақтарын жылдам жасауға арналған жылдам құрал. 
Интерактивті жұмыс парағы (ИЖП) дегеніміз мұғалімнің 
бұлттық сервистер мен веб-құралдардың көмегімен білім 
алушылардың оқу қызметін ұйымдастырудың сандық құралы. 
Wizer қашықтан оқытуда оқушылардың үй жұмыстарын 
орындау, сыныпта компьютер мен интерактивтік тақтада тиімді 
жұмыс істеу мақсатында интерактивті жұмыс парақтарын 
құрастыруға және қолдануға мүмкіндік береді. 
Wizer-де интерактивті тапсырмаларды бірнеше жолмен 
құрастыруға болады. 
• ашық жауабы бар сұрақ; 
• жауапты таңдау мүмкіндігі бар умен сұрақ (балама тест); 
• бейнероликке, суретке комментарий жазу; 
• сәйкестік тестілері; 
• сәйкестендіру/реттілікті анықтау тапсырмалары; 
• кестені толтыру; 
• мәтіндегі бос орындарды толтыру; 
• суретке түсініктеме толтыру; 
• бос орындарды толтыруды көздейтін сандық диктант. 
Бейнероликтер мен суреттерді орналастыруға және оларға 
жазбалар немесе оқушыларға арналған тапсырмаларды бекітуге 
болады. 
Wizer-де жасалатын барлық дүниені оқушылар Google Класста 
қолдана алады. Не болмаса оқушыларға сілтеме жібере салуға болады. 
Бұл қызметтің үлкен артықшылығы — жұмыс парағына енгізуге 
болатын суреттер және бейнероликтермен жұмыс істеуге арналған 
үлкен мүмкіндіктер. 
Сервис платформасында дидактикалық материалды құрастыру 
бойынша педагогтердің бірлескен қашықтан жұмысын ұйымдастыру 
мүмкіндігі бар. 


#шебердіңқолыалтын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет