Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін басқарудың жетілмегендігі мен қаржыландырудың жетіспеушілігі. Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының сақталуына бірынғай бақылаудың болмауы өңірлер бойынша білім сапасын айтарлықтай дифференциациялау алғышарттарын жасайды. Бұл жағдай біздің мемлекетіміздің интеллектуалды әлеуетін төмендетеді және елдің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіреді («Ұлттық қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 5–бабы ).
Басқарудың тепе-теңсіздігі білім беруге қолжетімділік бойынша айтарлықтай өңірлік саралауға әкеп соқтырады. Мысалы, мектепке дейінгі білім берумен қамту Алматы облысында 8,7 %-дан Қосатанай облысында 84,3 %-ды құрайды. Техникалық және кәсіптік білім беруде қамту коэффициенті өңірлер бойынша үш еседен артық ерекшеленеді: Жамбыл облысында 2,9 %-дан Павлодарда 8,7 %-ға дейін. 1 оқушыға жұмсалатын шығыс 2 есеге дерлік ерекшеленеді (2007 жылы ОҚО 45,5 мың теңгеден СҚО 88,6 мың теңгеге дейін). Бұл ретте шығыстардың көптігі білім сапасына кепілдік бермейді, оған ҰБТ нәтижелері мен 1 оқушыға кеткен шығынды салыстыру дәлел. Облыстардың рейтингтік баллы 42 көрсеткіш бойынша 2,5 есеге ерекшеленеді.
Қоғамның әл-ауқатының өсуіне байланысты білім беру жүйесіне деген талаптары да өсуде. ЮНЕСКО-ның ұсынымдарына сәйкес орнықты даму үшін білім беруге жұмсалатын шығыстар ЖІӨ - нің 6-7 %-ын құрауы тиіс. Қазақстанның шығыстары ЖІӨ -нің 3,6 % -ынан аспайды.
Қазақстан Республикасында бір оқушыға жұмсалатын шығыстар Қытай Халық Республикасы, Түркия, Ресей Федерациясы сияқты 3 - топтағы елдердің ( Жалпы Ішкі Өнімнің жан басына шаққанда 10 мың АҚШ долларынан кем елдер ) орташа шығысынан да төмен.
Екінші топтағы елдердің қатарындағы – Испания Корольдігі, Корея, Чехия, Израиль ( Жалпы Ішкі Өнім жан басына шаққанда 10 -нан 20 мың АҚШ долларына дейін елдер ) және бірінші топтағы елдердегі – Америка Құрама Штаттары, Жапония, Люксембург, Австралия ( Жалпы Ішкі Өнім жан басына шаққанда 20 мың АҚШ долларынан артық елдер ) шығыстардағы неғұрлым едәуір айырма. Білім беру жүйесіндегі орташа жалақының 2006 жылғы қазандағы 25 мың теңгеден 2007 жылғы қаңтардағы 29 мың теңгеге дейін ұлғаюына қарамастан, ол сол кезеңде республика бойынша орташа жалақының 64 %-ын құраған болатын. Ал 2007 жылғы қараша айында ол біздің республикамыз бойынша орташа жалақыдан 60,5% -ға дейін төмендеді.
Қазақстандық мұғалімнің жалақысының жан басына шаққандағы Жалпы Ішкі Өнімге арақатынасы ЭҚДҰ елдеріндегіден едәуір төмен және Ресей Федерациясымен салыстырғанда аз қалпында қалуда.
Басым бөлігінде объективті әлеуметтік-экономикалық үдерістерге негізделген кейбір теріс құбылыстарды жоюға және инновациялық даму желілерін белгілеуге мүмкіндік береді, олардың негізгілері төмендегідей:
Балаларды мектепке дейінгі білім бағдарламаларымен және мектепалды даярлықты бірізді арттыруды қамтамасыз ету;
Қазіргі білім беру технологияларын, он-лайн режимінде оқытуды кеңінен енгізу;
Дарынды оқушыларды анықтау мен дамытуға көмек көрсету;
Қосымша білім мекемелерін сақтау және дамыту;
Білім беру жүйесін ақпараттандыру;
Педагогика кадрларының біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру;
Білім мекемелерінің іс-әрекетін қаржымен қамтамасыз ету және материалдық-техникалық базасын жетілдіру.
Салауатты өмір салтын насихаттау жөнінде жастармен жұмыс үшін барынша тиімді әдіс-тәсілдер қажет. Педагог кадрлардың біліктілігін арттыруда нысандар, әдістер және мазмұны бойынша туындаған жүйе курстық іс-шаралар сияқты курсаралық кезеңде де педагогтың кәсіби деңгейін арттыруға себепші болады. Курстық іс - шаралар мазмұны педагог қызметкерлердің білім саласындағы мемлекеттік міндеттерді табысты шешуі үшін әрекетті құрал – жабдықтармен жарақтауға бағытталған. Қазіргі жағдайда білім философиясы мен парадигмасының ауысуы, білім жүйесі қызметкерлерінің ақпараттық және компьютерлік технологияларға негізделген үздіксіз оқу қажеттілігін айтады, онсыз оқытудың сапасы мен жеделдігін қамтамасыз ету мүмкін емес. Бүгінгі күні Біліктілікті арттыру институты үшін Республикамызда ғимараттар салу туралы мәселе өзекті болып отыр, олар қазір балабақшаның бір қанатында орналасқан. Аталған мәселе де Бағдарламада көрініс тапқан.
Бүгінгі күні педагог кадрлардың тапшылығы сезілуде. Математика, информатика, физика, орыс тілінде оқытатын бастауыш сынып мұғалімдері, мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілері қажет.
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігімен жасақталған:
«2015 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының білімді дамыту концепциясында» ;
«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 - 2006 жылдарға арналған мемлекеттік Бағдарламасы»;
2030 жылға дейінгі даму стратегиясы білім беру реформалары, білім саласындағы мемлекеттік саясаттың міндеттері, басымдылықтары, негізгі бағыттары, жалпы стратегиясы анықталған.
Білім жалпы ұлттық басымдық болып табылатындығы айтылған; ұзақ уақыт кезеңіне білім беру саясатының негізі анықталған. Маңызды міндет білім мазмұнының орталықтанған білімнен нәтижеге бағытталған білімге өзгеруі.
Мақсаты – адам ресурстарының сапасын арттыру, тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін стратегиялық жоспар басымдықтары негізінде көп деңгйелі білімнің ұлттық жүйесінің модернизациясы.
Міндеттері:
Сапалы білімді көрсетуді қамтамасыз ету тұлғаны жоғары мәдениетке тәрбиелеу, мемлекеттік тілді басым дамыту;
Тұрақты дамудың әлемдік тәжірибесі мен қағидалары негізінде білімнің мазмұны мен құрылымын жаңарту;
БХСЖ (Білімнің Халықаралық Стандарттық Жүктемесі) ұсыныстарына сәйкес кадрлалрды дайындау мен кәсіптік білім беру жүйесін қайта құрылымдау;
Әлемдік білім беру кеңістігімен бірігу.
Бұл бағдарламаның қажеттілігі неден туындады? – адамның жинақтаған білімін жәй игеруден шығу қажеттігін сезіну. Барлық елде осындай қажетілікті сезіну білім саласындағы келесі шараларға әкелді:
білімнің құрылымы, мақсаты, мазмұны және технологиясы түбірімен өзгерді;
білімді, дағдыны механикалық беру басымдылық болып табылмайды.
Өзгерісті жағдайларда жетістікті өзіндік табысқа жететін және дамытатын, идеяларды ұсынатын, ақпараттық – интеллектуалды ресурстарды өзі табатын, пайдаланатын және талдайтын тұлғаның қалыптасуы басымдылық болып табылады.
Осы аталған бағыттарды жүзеге асыру үшін, мемлекет тарапынан қаржы бөлу керек. Білім ордаларына медсенаттар тарту, ірі кәсіпорындар мен фирамалармен келісім шартқа тұру, студенттерді тәжірибе жинау үшін басқа елдерге жіберу, тәжірибие алмасу сынды жұмыстарды атқару керек.