3-практика. Wizer. Me сервисінде интерактивті жұмыс парағын жасау



Дата01.05.2023
өлшемі1,57 Mb.
#88634
түріСабақ
Байланысты:
3 Практика Закарьянова АБ


3-практика. Wizer.Me сервисінде интерактивті жұмыс парағын жасау

- Жақын арада болатын сабақтың тақырыбын таңдаңыз.


- Сабақ үшін интерактивті жұмыс парағын жобалап жасаңыз.
- Интерактивті жұмыс парағына атау беріңіз.
- 4 түрлі тапсырма мен оларға қатысты нұсқаулықтар жасаңыз.
- Wizer.Me сервисінде жұмыс парағын жасаңыз
- Жұмыс парағына әр типтегі 4 тапсырманы кіргізіңіз.
- Әр тапсырмаға тапсырманы қалай орындау керектігі туралы түсініктеме беріңіз.
- Интерактивті жұмыс парағын қолдана отырып сабақ өткізіңіз.


Орындау туралы есеп



Сабақ тақырыбы

Электр тізбегі

Сынып

10

Жұмыс парағының атауы

Электр тізбегі

Жұмыс парағына сілтеме

https://app.wizer.me/category/physics/LSMBQJ-elektr-tizbegi

Оқушылардың сабақта тапсырманы орындап отырған фотосуреті немесе тест нәтижелерінің скриншоты





Тапсырмаға қатысты түсініктемелер және нұсқаулық



  1. Wizer.Me сайтында тіркеліңіз.

  2. Өз сабағыңыздың тақырыбы бойынша интерактивті жұмыс парағын жасаңыз.

  3. Өз жұмыс парағыңыздың атауын қосыңыз.

  4. Интерактивті парақта әртүрлі типтегі 4 тапсырманы жасаңыз.

  5. Әр тапсырмаға орындауға қажетті түсініктемелерді қосыңыз. Мүмкіндігінше, тапсырмалардың біріне дауыстық түсіндірме беріңіз

  6. “Assign” батырмасын басыңыз, сілтемені көшіріп алыңыз да, оқушыларға жұмыс парағындағы тапсырмаларды орындау үшін жіберіңіз

  7. Оқушылар тапсырмаларды орындап болғаннан кейін, “Assess” қосымша бетіне өтіңіз де, оқушылардың нәтижелерін қараңыз



Тапсырмаға қойылатын критерийлер


Тапсырма орындалды деп табылады егер:

  • мұғалім интерактивті жұмыс парағын жасап, оның атауын жазып, онда әртүрлі типтегі 4 тапсырманы жасаса;

  • әр тапсырмаға оны қалай орындау керектігі туралы түсіндірме берілген болса;

  • мұғалім сілтемені оқушыларға жіберсе немесе бүкіл сынып үшін интерактивті жұмыс парағын сабақ үстінде қосса;

  • мұғалім оқушылардың жауаптарын алса;

  • мұғалім курстың чатына оқушылардың тапсырманы қалай орындағандағы фотосуретін немесе оқушылардың нәтижелерінің скринін жіберсе




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет