3 практикалық сабақ Тақырыбы: Нәруыздар және протеомика



бет1/5
Дата29.09.2023
өлшемі29,2 Kb.
#111720
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
3- САБАҚ


3 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ
1.Тақырыбы: Нәруыздар және протеомика. Күрделі нәруыздар: гликопротеиндер, хромопротеиндер. Құрамы, құрылысы, қасиеттері, өкілдері, рөлі.


2. Мақсаты:
Студенттерде күрделі нәруыздардың өкілдері, хромопротеиндер мен гликопротеиндердің химиялық қасиеттері және маңызы туралы білімдерді қалыптастыру.


3. Оқыту міндеттері:
Сабақтың соңында студент қабілетті болады:
1.Күрделі нәруыздардың жеке өкілдерінің: гликопротеиндер мен хромопротеиндердің құрылысы мен рөлін сипаттауға.
2. Биохимияның басқа тақырыптарын талдағанда глико-, хромопротеиндердің құрылысы мен рөлі туралы алған білімдерін қолдануға.
3. Медицинада қолданылатын күрделі нәруыздардың жеке өкілдерінің және олардың простетикалық тобының маңызын сипаттауға.
4. Күрделі нәруыздардың кластары: фосфо-,липо-, металлопротеиндерді өз бетінше оқып-білуге.

4.Әдебиеттер, соның ішінде электронды қор:


Міндетті:
1. Биохимия: Оқулық Е.С. Северин ред. (қазақ тіліне аударған және жауапты редакторы А.Ж.Сейтембетова), Мәскеу, 2014. – 43-53, 662-670 беттер.
2. Harvey, A.Richard Biochemistry [Текст] / Lippincott’s illustrated Reviews.- Sixth edition.- New Delhi, Philadelphia, Wolters Kluwer Health, 2014.- 25-29 p., 157-161 p.
Қосымша:
1.Физиологическая и патологическая роль белков. Учебное пособие. Шарипов К.О., Булыгин К.А., Жакыпбекова С.С., Жетписбай Д.Ш., ИП "Ақнұр", 2017 – стр.138-190 Электронды ресурстар:
1. Нәруыздардың жіктелуі. Күрделі нәруыздар. https://youtu.be/Ln93SQO2c28
2. Нәруыздар. 1-бөлім. https://youtu.be/XREkWu-m-TE
3. Нәруыздар. 2-бөлім. https://youtu.be/o71H4O7UKYE


5. Сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар:
1)Гликопротеиндердің құрылысы туралы түсінік. Гликопротеиндердің жіктелуі. Нағыз гликопротеиндердің протеогликандардан айырмашылықтары.
2)Нағыз гликопротеиндердің құрылысы, олардың химиялық қасиеттері, өкілдері, маңызы.
3)Протеогликандар, құрамы, құрылысы, өкілдері, маңызы.
4)Гликозамингликандардың түрлері (гиалурон қышқылы, хондроитинсульфат, гепарин). ГАГ-тардың құрылысы және ролі.
5)Хромопротеиндер – құрылысы, жіктелуі.
6)Гемоглобин – құрылысы және рөлі (үш тілде). Гемоглобиннің жасқа байланысты түр ерекшеліктері.
7)Миоглобин-құрылысы және ролі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет