9.Кейбір гемоглобинопатияларда гемоглобиннің альфа- және бета-тізбектерінде амин қышқылдарының алмасуы жүреді. Олардың қайсысы Нb S (орақтәрізді жасушалық анемияға) тән?
глу-лиз
ала-сер
мет-гис
гли-сер
глу-вал
10. Күрделі нәруыздарға жататындар:
А. Фосфопротеиндер;
Б. Нуклеопротендтер;
В. Гликопротеиндер;
Г. Склеропротеиндер;
Д. Хромопротеиндер.
Сәйкес комбинацияны табыңыз:
А - 1,2,3,4
Б - 1,2,3,5
В - 1,3,4,6
Г - 2,3,4,5
Д - 2,3,4,6
3.Жағдайлық есептерді шешу
Жағдайлық есептер:
1.Науқас әйел әлсіздікті, басы айналатынын, естен танып қалатынын, ұйқышылдығын, асқа тәбетінің жоқтығын байқайды. Ол асқазан жарасы ауруына шалдыққан. Қарау барысында өңі бозарғаны, астениялық дене бітімі анықталды. Басқа шағымы жоқ.
Зертханалық мәліметтер:
Қан сарысуындағы темір – төмендеген.
Қан сарысуының темір байланыстырушы қабілеті (трансферрин) – жоғарылаған.
Қан сарысуындағы ферритин – төмендеген.
1)Организмдегі трансферррин мен ферритиннің ролін сипаттаңыз, олардың диагностикалық ролі. 2) Гемоглобин қандай нәруызға жататынын көрсетіңіз, оның құрылысы, гемнің рационалды аты, гемоглобиннің ролі.
3)Темір қандай нәруыздар мен ферменттердің құрамында болады? Осы нәруыздар мен ферменттердің негізгі қызметі.
2.Синовиальды сұйықтық буын беткейінің үйкелісін азайтатыны белгілі. Ревматизм және артрит кезінде оның тұтқырлығы белгілі бір заттың деполимерленуі нәтижесінен төмендейді.
1)Осы затты атаңыз. Ол қандай қосылыстарға жатады?
2)Оның құрылысы мен қасиеттерін сипаттаңыз.
3)Бұл қосылыс тағы да қандай биологиялық қызметтерді атқарады?
3. Ентігу, бас айналу, жүрек соғысының жиілеуі және аяқ-қолдарының ауыруы салдарынан ауруханаға түскен Африка елдерінің біріндегі студенттің қанынан қан анализі кезінде орақ тәрізді қызыл қан жасушалары табылған. Бұл аурудың даму себебін түсіндіріңіз.
4.Ауруда тромб түзуге бейімділік бар. Гликозамингликандардың қандай өкілін тромбоздарды емдеу және алдын алу үшін қолдануға болады?
1)Осы ГАГ-ң формуласын жазыңыз.
2)Оның маңызын сипаттаңыз.
5.27 жастағы ер адамның бауыры мен миында патологиялық өзгерістер анықталған. Оның қан плазмасындағы мыстың мөлшері күрт төмендеген, ал зәрінде артқан. Вильсон ауруы диагнозы қойылды.
1.Осы диагнозды растау үшін қан сарысуынан қандай нәруыз-ферменттің активтілігін анықтау керек?
2.Бұл нәруыз қай класқа жатады, оның рөлі қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |