I НҰСҚА Зайсан көлін ертеде монғолша Хуно-Хуто-Нор – «Қоңыраулы көл» деп атапты. Бұл атау алыстан көк толқынның қоңырауша сылдырлап естілуіне байланысты айтылған болар.
Зайсан көлі, әсіресе жаздыгүні өте әдемі болады. Ол жаздың тымық күнінде шексіз теңізге ұқсайды. Көл өте үлкен, жағалай біткен көк құрақ.
Құсы көп, әсіресе жазғытұрым қаз қаптап кетеді. Жұмыртқаларын қамыс құраққа салады. Қайықпен аралап жүріп қаптап алуға болатын. Қамыстарда шағала, үйрек, қаз, бірқазан, әупілдектер, суында құндыз, ондатрлар мекен етеді. Мұнда шабақ балық көп, одан кейін шортан, қарабалық, сазан, алабұға. Міне, Зайсан көлі бұрын осындай еді. (90 сөз )
1. Екінші абзацта не туралы айтылған? A)Көлді мекендейтін жәндіктер туралы B)Көлдегі балықтар туралы
C)Көлдің көлемі туралы D)Көл атауы туралы E)Қамысты құрақтағы құстар туралы
2. Көлдің «Қоңыраулы көл» аталуының себебі неде? A)Көлде жүзген құс үнінің жағымдылығына байланысты. B)Көлдің әдемілігіне байланысты
C)Көк толқындардың жылдамдығына байланысты D)Көлден шыққан ерекше дыбысқа байланысты E)Көл толқындарының бұйралығына байланысты
1.,Айдостың туфлиі жыртылып қалды. Ертесі сабаққа киіп баратын туфли табыла қоймады. Ауылдағылар ауданға себепсіз бара бермейді. Әкесі жыртылған туфлиінің табанын алып, басқа табаны тозған аяқ киімге тігіп берді. Көзге қораш көрінеді. Оны қарап тұрған әкесі жоқ. «Тамаша емес пе?» деп қояды.
2.Ертесіне еріксіз әлгі аяқ киіммен мектепке барды. Галош секілді бірдеме өзі. Әшейінде партаның үстімен жүгіріп жүретін Айдос осы жолы тыныш отырды. Сұрағандарға «ауырып отырмын» дей салды. Аяғына бәрі қарап отырғандай. Партаның астына тығып әлектенді. Мұғалімдер сабақ сұрайды, бұл дайын емеспін дей салады. Олар да журналға тиісті бағаларын қонжитып жатыр.Тақтаға да шықпады. Өзін қор санады. Тамағына өксік тығылды. 4 сабақ біткенше орнынан тапжылмай отырды.
3.Сабақ аяқталысымен мектептен жүгіре шықты. Еңіреп жылап үйге келді.Үйге кірсе, жаңа туфли әкеліп қойыпты. (113 сөз)
3. 2-бөлімде қандай жағдай туралы айтылды? 1.Айдос келеңсіз жағдайға тап болды. 2. Сыныптастарының барлығы Айдостың аяқ киіміне күлді. 3. Айдос бүгінгі сабағын әдеттегідей оқыды. A)Үшінші B)Бірінші C)Екінші D)Барлығы теріс E)Барлығы дұрыс
4. 1-бөлім бойынша Айдос қандай әрекетке ыза болды? A)Әкесі Айдостың пікірін сұрамағанына B)Ертең сабаққа баратынына
C)Ауданға баратын адамның болмағанына D)Әкесінің басқа табан тігіп бергеніне
E)Туфлиінің жыртылғанына
5.Қандай мақал-мәтел Айдостың қылығына сәйкес келеді? A)Базарда бәрі бар, ақшасыз ешкім бермейді. B)Қалауын тапса қар жанар.
C)Қырсыққан жігіт мал таппас. D)Өтірік айтқаннан өлген артық.
E)Жылай-жылай жар қазсаң, күле-күле су ішерсің.
6. Айдос неліктен жылап жіберді? A)Туфлисіз қалғанына ренжіп. B)Бүгін басынан өткен жағдайға төзгеніне.
C)Жаңа туфли әпергеніне қуанып. D)Ата-анасына сенбегеніне ренжіп.
E)Сабақты айтпай, тисті баға алғанына
Түһ, түн неткен қараңғы еді! Жұлдыздар да шілде ортасындағыдай шүпірлей қапты. Анау – темірқазық, анау – жетіқарақшы. Анау – ақбоз, көкбоз... Анау... Апырау, ат құлағының арасынан қылаңытқан күлдей бозаң шоғыр Үркер ғой! Жарықтық, бұдан ұсақ, бұдан солғын жұлдыз жоқ шығар. Бірақ, соған қарамастан, қаншама самала шырақтар самғаған түнгі аспанда оны көзің бірден шалып тұр-ау! Оның сиқыры неде екен? Әлде жұп ажыратпай бірге туып, бірге бататынынан ба? Жұлдыз екеш жұлдыз да неғұрлым саны аз, неғұрлым жарығы солғын болған сайын жиі тұрмаса, көзге түсе алмайтындарын білген ғой! Өздері неткен ыңғайтөк еді! Жаздың жаңбырлы, құрғақ, қыстың жайлы, жайсыз боларын жұрт осы Үркерге қарап біле қояды. Бәрін алдын ала осы бір шөкім солғын шырақтар сезіп қоятындай. Бәлкім, мынау бірін-бірі иықтап, бірін-бірі төбеден нұқып жатқан әумесер дүниеде аз халықтарға да осы Үркер мінез керек шығар! Бәлкім, олар мынау ұйтқымасы көп аласапыран дүниеде тек Үркердей тығыз тұрып, дауыл мен боранды Үркердей алдын ала біліп, алдын ала ыңғайға аунап отыра алса ғана, аман қала алатын шығар...
Жолға шыққанда Үркердің маңдайынан туғанын жақсылыққа жорымаушы ма еді! «Үміт артсаң, Үркерге қара!» деуші еді ғой. Желтоқсанда да Үркердің ат құлағынан асып көтерілмегені алдағы қыстың жайлылығы шығар. Алдыңда жақсылықтан асқан бақыт бар дейсің бе!
Үркердің қарсы алдыңнан туғаны маңдайынан ашылайын дегені ме екен?!
Не де болса үміт бар ғой. Қаршадай Ералы көз көрмеген алыс жолға сол үмітпен аттанды ғой. Бұрын қайда аттап басса да, үрей анталап тұрмаушы ма еді. Жоңғар қайтер екен, қалмақ қайтер екен, башқұрт қайтер екен деп қаралай қылпылдап бітуші едік қой. Енді, не де болса, бір үміт бар емес пе.
Ендеше, мынау Үркер де жақсылығымен туған шығар. Тек бұның, тек мынау талайды көріп, талай тауға басын соққан көнтері жұртының алдынан ылғи осылай үміт шырағы туып тұрғандай!
7.Мәтіннің тақырыбы қандай? A)Үміт шырағы B)Жұлдыз сыры C)Ырымшыл халық D)Дала аспаны E)Жақсылық нышаны
8.«Не де болса үміт бар ғой. Қаршадай Ералы көз көрмеген алыс жолға сол үмітпен аттанды ғой» деп кейіпкердің қандай қасиетін көрсетіп тұр? A)Тәуекелшілдігін B)Сабырлылығын C)Ұстамдылығын D)Жігерлілігін E)Мақсатшылдығын
9. Мәтіннің бірінші азатжолы қандай үлгіде жазылған? A)Әңгімелеу B)Баяндау C)Суреттеу D)Пайымдау E)Сипаттау
10. Мәтін мазмұнына сәйкес «Бәлкім, мынау бірін-бірі иықтап, бірін-бірі төбеден нұқып жатқан әумесер дүниеде аз халықтарға да осы Үркер мінез керек шығар!» деу арқылы автор қандай нәрсеге назар аудартады? A)Шынайылыққа B)Сабырлыққа C)Болжампаздыққа D)Сенімділікке E)Турашылдыққа