1-топ. Орал, Торғай көтерілісі жетекшілері
2-топ. Маңғыстау көтерілісі жетекшілері
3-топ. Көтерілісті басқан жазалаушы отряд басшылары
Дескрипторы:
-Тұлға өмір сүрген дәуірді сипаттайды;
- Тұлғаның өмір сүрген ортасын анықтайды;
-Қоғамда алатын орнын, тұлға ретіндегі іс–әрекетін талдайды;
-Адами қасиеті мен ерекшеліктерін анықтайды;
-Тұлғаға тарихи баға беріп, қорытындылайды;
-Тұлға туралы пікірі мен көзқарасын ұсынады
Қосымша-2
2-тапсырма. Білімді жинақтау жұмысы
Тапсырма шарты: Пікірталаста топтар өз ойларын дәлелдеу үшін жеткілікті дәйектер келтіріп, пікірталас ұйымдастырады. Қарсы топтың дәйектерін теріске шығарады. Екі топтың спикерлерінің қайсысы көп дерек келтіріп, әрі тарихи ұғымдарды қолданып мазмұнды сөйлеп, қарсылас топтың мүшелерін өз жағына тарта алса, сол топ жеңімпаз болады.
Тақырыбы:«XIX ғасырдың 60-70 жылдарындағы ұлт-азаттық көтерілістердегі халық талаптарының сабақтастығы неден көрінді?»
1-тапсырма. Пікір – сайыс. Әр топтан қабілеті жоғары оқушылар шығып, өз пікірлерін қорғайды. (Дайындыққа уақыт беру.)
1 – топтың резолюциясы: «XIX ғасырдың 60-70 жылдарындағы Орал, Торғай, Маңғыстау ұлт-азаттық көтерілістердегі халық талаптарының сабақтастығы болды».
2 – топтың резолюциясы: «XIX ғасырдың 60-70 жылдарындағы Орал, Торғай, Маңғыстау ұлт-азаттық көтерілістердегі халық талаптарының сабақтастығы болған жоқ».
Дескрипторы:
-Жауап құрылымын сауатты құра алады;
-Дәйекпен дәлелдеп, жауапты дұрыс береді
Достарыңызбен бөлісу: |