№3 сабаққа таратылатын материал Тақырыбы: Бұлшықет жиырылу физиологиясы. Нерв-бұлшықет аппаратының қызметінің бұзылуының физиологиялық механизмдері
Тақырыптың негізгі сұрақтары: 1.Қаңқа және тегіс бұлшықеттердің физиологиясы, олардың функциялары.
2.Бұлшықеттердің негізгі қасиеттері.
3. Бұлшық ет жиырылуы механизмдері. ПД, саркоплазмалық ретикулум, Са иондары, АТФ рөлі.
4.Электромиография, динамометрия, медицинадағы маңызы.
5. Нерв-бұлшықет аппаратының қызметінің бұзылуының физиологиялық механизмдері (миастения).
Практикалық жұмыстарды орындау №1 –жұмыс. Жеке бұлшықеттік жиырылу қисығын тіркеу тәсілі. Жеке бұлшықеттік жиырылу – бұл бұлшықеттің жеке табалдырықтық немесе табалдырықтан жоғарғы әсерге жауап беру реакциясы.Жеке жиырылу кезінде бұлшықетке келесі тітіркендіргіш әсер етсе,онда пайда болған жиырылулар жинақталады.Егер 2-тітіркендіргіш бұлшықеттің босаңсу кезеңінде әсер етсе, онда жинақталу толық емес, ал жиырылу кезеңінде әсер етсе, онда жинақталу толық деп аталады.
Жүйкесіз m.gastrocnemii репаратын дайындалады.Препаратты тізе буынының қапшығы және ахиллов сіңірі арқылы миографқа бектеді. Дайын шынылы раманы оңға жылжытып, ілмекпен бекітеді. Раманың осындай қалпында миограф перосы сол жағынан 0,5см және төменнен 1см қашықтықта закопченный пластинаға жанасу керек.
Ток көзінің кілтін және фаль-аппарат контактын тұйықтайды. Фаль-аппараттың контактын қолмен босатып, бұлшықеттің жиырылу күшінің жеткіліктігін тексереді. Егер жиырылу әлсіз болса, онда атцушкаларды жақындатады. Қозғалыстағы пластинка жанасуды тоқтатқан және бұлшықетті тітіркендірген кездегі уақытты орнату үшін оны ұстап тұрған ілмекті босатады; рамканы қолмен ұстай отырып, жанасуға босатылған штифтті баяу жақындату қажет және осы қалыпта кілтті босатады: бұлшықет жиырылады. Дайын шыныға жанасу тоқтаған кездегі бұлшықеттің тітіркену уақытының мәнін тік сызықпен бейнелейді. Миографтың перосын абайлап тартады және раманы алғашқы орнына қойып,ілмекті босатып, кілтті тұйықтап, тек содан кейін ғана пероны жібереді. Ол бұрынғы қалпында: пластинаның сол жағынан 0,5см және төменнен 1см қашықтықта болу керек. Ілмекті көтеріп, раманы қозғалысқа келтіреді,бұлшықет жиырылады, миограф перосы әйнекте жиырылған жеке бұлшықеттің теріс қаратылған қисығын сызады. Миографты жылжытып, уақытты белгілейді. Бұл үшін рама мен пластинканы тағы да оңға жылжытып, ілмекті жібереді.Пластинканың сол жағынан 0,5см жоғарыда алынған жазбаға электрокамертонның төменгі аяғына пероны орналастырады. Кілтті тұйықтайды. Камертон теңселе бастайды да, перо таспада тік сызықтар бейнелейді. Раманы қозғалысқа келтіре отырып, ілмекті көтереді.Жеке жиырылудың қисығы негізінде камертон синусоиданы жазады, әрбір тісшесі 1/100 секундқа тең. Латентті периодта неше тісше, қысқарту периодында қанша тісше және босаңсу периодында қанша тісше бар екенін есептейді.
Жұмысты бейнелеуге ұсыныстар: сурет дәптеріңізге жеке бұлшықеттік жиырылу, толық және толық емес жинақталу қисығын салыңыз. Дара бұлшықеттік амплитудасын, толық және толық емес амплитудасымен салыстырыңыз.
№2 –жұмыс. Динамометрия