3. Сандық талдау әдістерінің жіктелуі



бет25/42
Дата30.11.2022
өлшемі0,54 Mb.
#54006
түріЛекция
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   42
Лекция 9
Тақырыбы: Қышқылды-негіздік титрлеу.
Жоспар

  1. Әлсіз қышқылды күшті негізбен титрлеу.

  2. Әлсіз негізді күшті қышқылмен титрлеу.



1.Әлсіз қышқылды күшті негізбен титрлеу.
10 мл 0,1н CH3COOH ерітіндісін 0,1н NaOH ерітіндісімен титрлеуді қарастырайық.
Титрлеу басталғанға дейін ерітіндіде тек қана сірке қышқылы болады. Сірке қышқылы әлсіз электролит,сондықтан протондану процессі аз мөлшерде жүреді.Осыған байланысты осы кезеңдегі ерітіндінің рН-ын сірке қышқылының диссоциациялану константасы арқылы есептеу керек.
Диссоциациялану теңдеуі келесі:

Диссоциациялану константасының өрнегі:

Сірке қышқылының диссоциациялану константасы – аз шама, сондықтан:
деп қабылдауға болады.
Екінші жағынан диссоциациялану теңдеуіне сүйене отыра сутек иондарының концентрациясы ацетат иондарының концентрациясына тең деп қарастыруға болады:


;

Эквивалентті нүктеге дейін.Титрлеу барысында ерітіндіде бос сірке қышқылымен қатар осы қышқылдың тұзы түзіледі.Мысалы,10 мл 0,1н ерітіндісіне 9 мл 0,1н NaOH ерітіндісін қосса,онда 9 мл 0,1н натрий ацетаты түзіледі,ал 0,1н ерітіндісінің 1 мл бос күйінде жүреді.Бұл жағдайда ерітіндінің рН мәні натрий ацетаты мен сірке қышқылының күйімен анықталады.
Диссоциациялану константасының өрнегінде келесі белгілеулер енгізейік:
и
Сірке қышқылының диссоциациялану константасынан:
; [H+] = ;

;

Эквиваленттік нүктеде ерітіндідетек қана натрий ацетаты болады,сондықтан ерітіндінің рН-ның мәні осы тұздың гидролизімен анықталады:

Соңғы теңдеуге сүйене отыра :
Екінші жағынан қосарласқан қышқыл мен негіздің константаларының көбейтіндісі судың иондық көбейтіндісіне тең:

;
;

Эквиваленттік нүктеден кейін рН мәні NaOH-тың артық мөлшерімен анықталады.
Егер ерітіндіге 10,01 мл 0,1 н NaOH құйылса:
; ;
Алынған нәтижерер 10-кестеде жинақталған.
Кесте 10.- 10 мл 0,1 н 0,1 н NaOH ерітіндісімен титрлеу нәтижелері.

V(NaOH), мл

, моль/литр

pOH

[], моль/литр

pH

0



11,13

1,3510-3

2,87

5,0



9,26

1,8210-5

4,74

9,0



8,30

2,0010-6

5,70

9,90



7,26

1,8210-7

6,74

9,99



6,26

1,8210-8

7,74

10,0



5,13

1,3510-9

8,87

10,01

5,010-5

4,30

2,0010-10

9,70

10,10

5,010-4

3,30

2,0010-11

10,70

11,00

5,010-3

2,30

2,0010-12

11,70

Осы кестедегі мәліметтер негізінде титрлеу қисығы тұрғызылды (сурет 4)



Сурет 4. - 10 мл 0,1 н 0,1 н NaOH ерітіндісімен титрлеу
Титрлеу қисығын талдау нәтижесіндегі қорытындылар:

  1. Эквиваленттік нүкте сілтілік аймақта( pH=8,87) жатады.

  2. Титрлеу қисығындағы рН секіру интервалы pH=8,0-10,0 аралығында орналасқан.

  3. Реакция барысында түзілетін натрий ацетатың гидролизденуіне байланысты ерітінді сілтілі, сондықтан эквивалентті нүкте бейтараптану нүктесіне сәйкес емес.

  4. Титрлеуге индикатор ретінде pT мәні (9,0) секіру аймағына кіретін фенолфталеинді қолдануға болады. рТ мәндері секіру аймағана кірмейтін метилды сары, метилды қызыл, лакмус сияқты басқа индикаторларды қолдануға болмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет