3. Сандық талдау әдістерінің жіктелуі



бет23/42
Дата30.11.2022
өлшемі0,54 Mb.
#54006
түріЛекция
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   42
Байланысты:
3. Ñàíäû? òàëäàó ?ä³ñòåð³í³? æ³êòåëó³

Лекция 8
Тақырыбы: Қышқылды-негіздік титрлеу.
1.Әдістің негізі
2. Титрлеу қисықтары
3. Күшті қышқылды күшті негізбен титрлеу қисығы.
1.Әдістің негізі. Қышқылды-негіздік титрлеу әдісі қышқылдық немесе негіздік қасиет көрсететін заттарды анықтаудың сандық әдісі. Бұл әдістің дәлдігі жоғары, анализ методикасы қарапайым, тез орындалады. Бұл әдіспен бірнеше бейорганикалық, жүздеген әртүрлі типті органикалық қышқылдар мен негіздерді және су ерітіндісінде гидролизге ұшырайтын тұздарды анықтайды.Органикалық қосылыстарды көбінесе сусыз еріткіштерде титрлейді.Кейбір заттарды жанама жолмен қышқылды-негіздік титрлеп анықтауға болады,мұнда,мысалы,алмасу реакциясын пайдаланады.Мәселен ионның алмасуының жәрдемімен калий хлоридін немесе натрий хлоридін тұз қышқылының эквиваленттік мөлшеріне көшіруге болады,сөйтіп титрлеу арқылы калийдің немесе натрийдің иондарын анықтайды.
Қышқылдық-негіздік титрлеудің 2 әдісі бар: ацидометрия-негіздерді анықтау және алкалиметрия – қышқылдарды анықтау.
Қышқыл-негіздік титрлеу әдісі сутегі иондарының немесе гидроксоний иондарының гидроксил иондарымен әрекеттесіп, әлсіз диссоциацияланған су молекуласын түзу реакциясына негізделген:
немесе
Қышқыл-негіздік титрлеуде сандық анықтаулар үшін жиі тұз, күкірт қышқылдары, натрий, калий гидроксиді ерітінділерін қолданады. Бұл қышқылдар мен негіздер біріншілік стандартты ерітінділер ретінде қолдануға болмайтындықтан концентрациясы жуық ерітінділер дайындалады, содан кейін олардың нақты концентрациясы біріншілік стандартты ерітінділермен титрлеу жолымен анықталады. Жиі 0,05-0,1 н ерітінділер қолданылады.
Қышқылдардың нақты концентрациясын натрийдің тетрабораты (бура) немесе натрийдің карбонаты бойынша анықтайды. Еріткенде бура сумен әрекеттеседі:

Түзілген метаборатты қышқылмен титрлейді:

Сонымен бураның 1 моліне 2 моль H+ жұмсалады:

Бураның эквивалентінің молярлы массасы тең болады:

Сілтілердің титр анықтау үшін янтарь қышқылын , қымыздық қышқылын бензой қышқылын қолданады. Концентрациясы нақты белгілі ерітінділерді фиксаналдан дайындауға болады.
Қышқыл-негіздік титрлеу барысында жүретін процесстерді жете білу үшін әр түрлі титрлеу жағдайында эквивалентті нүктедегі ортаның реакциясын зерттейді. Қышқыл-негіздік титрлеуде эквивалентті нүкте нейтралды, қышқылдық , сілтіліортаға сәйкес болуы мүмкін.
Титрлеудің келесі түрлерін айырады:

  1. Күшті қышқылды күшті негізбен титрлеу


Эквивалентті нүкте бейтарап ерітіндінің рН – на сәйкес келеді, ол 7-ге тең.

  1. Әлсіз қышқылды күшті негізбен титрлеу


Натрий ацетаты гидролизге ұшырайды, нәтижесінде OH- - иондарының артық мөлшері түзіледі , мұндай жағдайда эквиваленттік нүкте сілтілік ортаға сәйкес болады.

  1. Әлсіз негізді күшті қышқылмен титрлеу


Аммоний хлориді гидролизге ұшырайды, нәтижесінде Н+ - иондарының артық мөлшері түзіледі,мұндай жағдайда эквиваленттік нүкте қышқылдық ортаға сәйкес жатады.
Сонымен, әрекеттесуші қышқылдар мен негіздердің табиғаты тікелей ерітіндінің эквивалентті нүктесінде рН шамасына әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет