3. Сандық талдау әдістерінің жіктелуі


Анализ дұрыстығы:сенімділік шекарасы



бет12/42
Дата04.10.2022
өлшемі0,57 Mb.
#41338
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   42
5. Анализ дұрыстығы:сенімділік шекарасы.
Орташаны, немесе басқа сөзбен айтқанда, ең жақсы мәнді, аналитикалық анықтаудың нәтижесі ретінде таңдайды. Бұл жағдайда осы таңдалған мән мен ақиқат мән бір-бірімен қаншалықты сәйкесетіндігі, анализ қаншалықты дұрыс екендігі, өте маңызды. Практика жүзінде аналитикалық әдістердің дұрыстығын тексеру үшін стандартты үлгілерді қолданады.Бірақ реалды үлгілер стандартты үлгілерден құрам бойынша айрықша болады, сондықтан анализ дұрысығы дәл анықталмайды. Анализ дұрысығын анықтаудың тағы бір жолы, ол өлшемдердің қайталанғыштығын есептеу.
Сенімділік шекарасы: t-таралуы. Жүйелі қате болмаған жағдайда әдістің дұрыстығын математикалық статистика арқылы бағалайды. Қай шекарада орташаның мәні ақиқат мәнге сәйкес келетіндігін болжамдау өте маңызды. Мұндай болжамның ықтималдығы 100%-тен аспайды. Әрқашанда қауіптілік үлесіαнемесе болжам сенімділігі (100-100α) беріледі. Белгілі бір ықтималдық үшін болжамдалынған шекті сенімділік шекарасы дейді. Сенімділік шекарасы t-таралуымен анықталады. Бұл қисық бойынша
t-константасының мәнін анықтайды.
Сенімділік шекарасын өрнектеу үшін таңдаманың стандартты ауытқуын s және кесте бойынша (кесте 4) t мәнін табады. t-константасы қауіптілік үлесі (α) және өлшеулер санына n тәуелді. Болжам сенімділігі Р=(100-100α ) кездейсоқ шаманың берілген интервалға түсу ықтималдығын көрсетеді.
Сенімділік шекарасын келесі формула арқылы есептейді:

Мысал. Қауіптілік үлесі=0,100.n=10, орташа Х=56,06%, стандартты ауытқу s=0,21%, t=1,833.
n=10( 4-кестеден) t=1,833 сенімділік шекарасы тең болады:
Кесте 4 - Сенімділік шекарасын есептеу мәндері.

Өлшеулер саны
n



Еркіндік дәрежесі
n-1

Тәуекелдің үлесі
(сенімділік ықтималдылығы,%)



0,10 (90%)

0,05(95%)

0,01 (99%)

2

1

6,314

12,706

63,657

3

2

2,920

4,403

9,925

4

3

2,353

3,182

5,841

5

4

2,132

2,776

4,604

6

5

2,015

2,571

4,032

7

6

1,943

2,447

3,707

8

7

1,895

2,365

3,449

9

8

1,860

2,306

3,355

10

9

1,833

2,262

3,250


Іс жүзінде сенімділік ықтималдығын әдетте алдын-ала белгілейді және осы сенімділік аралықтарына сәйкес шекараларды анықтайды. Сонымен бірге, берілген аралықтың шекараларындағы сенімділік ықтималдығын анықтау сияқты кері амал да болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет