Қоғамдық ұйымдар , әсіресе партиялар.Олар азаматтарды өз партиясының бағдарламаларымен таныстырады , партия мен мемлекеттің қатынасы жөнінде мағлұмат береді.
Діни ұйымдар.Олар мынау дұрыс,мынау бұрыс деген түсінік тудырып,бағыт беріп,адамдарға саяси сана мен өзін-өзі ұстаудың негізгі ұлт-өнегесін жасайды.
Ақпарат құралдары:баспасөз,радио,телеидар.
Бизнес әлемі. Дамыған капиталистік елдердің саяси өміріне саудагерлік пен бәсекелестік едәуір әсер етеді.
Академиялық қауым.
САЯСИ МӘДЕНИЕТТІҢ ҚҮРЫЛЫМЫ КОГНИТИВТІК БАҒЫТТАР БАҒАЛАУ-НОРМАТИВТІК БАҒЫТТАР МІНЕЗ –ҚҰЛЫҚТЫҚ БАҒЫТТАР САЯСИ ДӘСТҮРЛЕР
САЯСИ ӘДЕТТЕР
САЯСИ МІНЕЗ –
ҚҰЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ
САЯСИ САНА
САЯСИ САНА-СЕЗІМ БАҒАЛАУ. -
САЯСИ ТАНУ
САЯСИ БІЛІМ
САЯСИ МӘДЕНИЕТТІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ
Танымдық қызметі - қоғам мен саясаттың дамуын айқындайтын заңдылықтар мен принциптерді танып –білуге, субъектті саяси салада табысты жұмыс істеуге керекті біліммен, қоғамды басқарудың әдіс – тәсілдерімен қаруландыру.
Реттеушілік қызметі – саяси жүйенің қалыпты жұмысын, дамуын, саналы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, әлеуметтік – таптық, ұлттық қатынастарды реттеу.
Тәрбиелік қызметі - әркімді қоғамдық – саяси қызметке әрекетке, саяси белсенділікке ынталандыру, табандылыққа, кемшілікке, төзімділікке, қоғам алдында жауапкершілікке баулу.
Біріктірушілік қызметі – қазіргі өмір сүріп отырған саяси жүйені қолдау арқылы әлеуметтік топтар, талаптарды біріктіру, бұқараны мемлекет пен қоғам жұмыстарын басқаруға жұмылдыру.