№3 СӨж а2 деңгейі бойынша СӨЖ тапсырмасы: Ұсынылған тақырыптардың біріне таныстырылым (презентация)



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата30.11.2022
өлшемі203,41 Kb.
#53880
түріПрезентация
1   2   3   4
Байланысты:
№3 СӨЖ тапсырмасы

Дайындық кезеңі: 
А. Тақырып таңдау (тақырып өзекті әрі, қайшы пікір туғызатындай болуы 
керек). 
Б. Мақсатын нақтылау. 
В. Қатысушыларды таңдау. 
Г. Модераторды (жүргізуші) таңдау. 
Д. Тақырыпты қатысушыларға алдын ала беру. 
Е. Өткізілетін орынды дайындау (қатысушыларға шеңбер құрып отыру 
ұсынылады). 
Тақырыпты талқылау кезеңі 
Тақырыпты талқылау барысында келесі жағдайлар орын алмау керек: 


- қатысушылардың тең құқығын бұзу; 
- бір-бірін үгіттеу; 
- біреудің көзқарасын дәлелсіз жоққа шығару; 
- жүргізушінің өз пікірін білдіруі. 
Бұл кезеңде жүргізуші дөңгелек үстел тақырыбын хабарлап
қатысушыларды анықтайды, талқыланатын мәселемен қысқаша түрде 
таныстырады. Қатысушылар «проблемалық тұстарды» айқындап, бірінші 
кезектегі сұрақтарға жауап іздеп талқыланатын тақырыптың мағынасын толық 
түсінуге тырысады. Тақырыптың даулы тұстары анықталып, мәселенің шешімін 
табуға кедергі келтіретін мәселелер сөз болады. Әрбір қатысушы өзінің жеке 
көзқарасын ортаға салып нақты дәлел келтіреді. 
Қорытынды кезеңі: 
А. Дөңгелек үстел мақсаты мен міндетін еске түсіру. 
Б. 
Талқыланған мәселе бойынша қатысушылардың қорытынды 
пікірлерін тыңдау. 
В. 
Барлық қатысушылардың ортақ немесе соған жақын жалпы 
ұстанымдарын қалыптастыру. 
Г. Талқылау барысында жеткілікті деңгейде қамтылмаған мәселеге 
қатысушылардың назарын аударып, барлық қатысушыларға алғыс білдіру. 
Дөңгелек үстелдің кейбір өзіндік ерекшелігіне назар аударған жөн. 
Біріншіден, ақпараттың жандануы. Дискуссия үстінде қатысушылар жалпы 
көзқарасты емес, өзінің жекелей пайымын айтады. Ол өз бетімен аяқ астынан 
ойға оралып, ақырына дейін түйінделмеуі де мүмкін. Сондықтан, осындай 
ақпаратқа байыппен қарап, оның ішіндегі ең құндысын, ең сенімдісін басқа 
дискутанттардың пікірімен салыстыра отыра, шұғыл түрде қолданып, көрсете 
білу керек. 
Екіншіден, аталған семинар-сабақтың көп дауыстылығын (полифония- 
лығы) атап өтуіміз қажет. Дөңгелек үстел кезінде іскерлік шу бой көрсетіп
көп дауыстылық орын алады. Ол өз кезегінде шығармашылық пен өрелік 
ахуалдың, тақырыпқа қызығушылықтың орнауына өз көмегін тигізеді. Осы көп 
дауыстың ішіндегі ең «бастысына» назар аудару керек. Сол арқылы осы негізде 
өз ойын білдірем дегендердің барлығына өз пікірлерін айтып шығуына мүмкіндік 
беру қажет. Тап осы жағдай дөңгелек үстелдің ерекшелігі болып табылады. 
Сонымен дөңгелек үстел – өрелі оқушылардың семинар-сабақ үстінде өзара 
ақпараттық қарым-қатынас жасау процесі, онда тек ақпарат алмасу ғана емес, 
өзінің жеке позициясын қорғау мен өзгенің пікірін мойындау, жоққа шығару, 
бейімдей түзету де орын алады. Осылайша қажетті жаңа ақпараттық кеңістік 
пайда болып, жүргізуші ұстаздар тарапынан жаңартпашылық нұсқаулар мен 
шешімдер қабылданады. Дөңгелек үстел дәстүрлі сабақтардан көп ерекшеленеді, 
атап айтқанда қайталау сабақтарынан бөлектенеді. Дискуссия кезінде 
дискустант әуелі «өзі үшін», содан кейін «өзгелер үшін» түйіндеулер іздестіріп, 
сол арқылы өз ойын өзгелерге мойындатады. Сонымен дөңгелек үстелдің негізі – 
ақпарат пен қарым-қатынас жасау болып табылады. 
Дөңгелек үстелде төмендегідей ережелерді ұстанған жөн: 
- біреудің сөзін бөлуге болмайды; 


- басқаның пікірін сыйлау керек: келіспеушілікті сөз, мимика, ишара, 
интонация арқылы білдіруге болмайды; 
- берілген уақыт шеңберінен аспау керек; 
- бірнеше рет сөйлеген жағдайда бұрын айтылған ойды қайталамай, оны 
ары қарай жалғастыру керек; 
- туындаған сұрақтарды дөңгелек үстел соңында ғана қоюға болады. 
Дәңгелек үстелдің қатысушысы төмендегідей тілдік формулаларды 
қолдануына болады: 
бұл мәселе жөнінде мен... айтар едім; 
менің ойышша (пікірімше)...; 
менің байқауымша,... 
менің есебімше,...; 
...деген жалпы пікірге қосыла отырып,...; 
...деген дәңгелек үстел қатысушыларының ойымен келісуге болады, 
алайда...; 
мен мәселенің мына тұсына көңіл аудару керек деп санаймын...; 
менің көзқарасым бойынша, мәселе тереңде жатқан сияқты; 
мен... пікірін басшылыққа ала отырып, ... деп санаймын; 
менің негізгі ойым...; 
менімше, бұл мәселенің шешімі - ... 
мен... деген ... сөздеріне сүйене отырып, ... деп есептеймін; 
... қарағанда, біз басқа жолмен жүруіміз керек сияқты...; 
... деп бекер айтылмаған шығар, сол себепті...; 
... деген пікірмен келісу қиын, біріншіден..., екіншіден..., үшіншіден...; 
... деп ойымды қорытамын; 
... деген тұжырым жасағым келеді; 
менің сөзімнің тобықтай түйіні...; 
осылайша,... деген қорытынды жасаймын; 
сонымен, мен ойымды ... деп қорытындылаймын. 
 
 
В1 деңгейі бойынша 
 
№ 3 СӨЖ: «Өнер көкке жеткізер». Театрға саяхат. Эссе жазу
(эссе көлемі (200-250 сөз) болуы керек; жұмыс А4 форматында 14 шрифтпен
басылуы тиіс) .
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет