3-тақырып. Қазақстандағы кеңестік биліктің



Pdf көрінісі
Дата24.02.2022
өлшемі166,18 Kb.
#26355


3-тақырып. 

Қазақстандағы 

кеңестік 

биліктің 

әлеуметтік-

экономикалық және саяси өзгерістерінің ерекшеліктері 

 

1  Ресейдегі  ақпан  төңкерісі  және  оның  Қазақстанның  қоғамдық-саяси 

өміріне әсері. 

2  Алаш  автономиясымен  мен  Қоқан  автономиясының  құрылуы  және 

қызметтері.  

3  Тұтас  Түркістан  идеясының  жеңіліс  табуы.  Т.Рысқұлов  пен 

М.Сұлтанғалиев. Ұлттық автономиядан таптық автономияға Қырғыз (Қазақ) 

АКСР-ның құрылуы. 

   

Негізгі  терминдер  мен  түсініктер:  төңкеріс,  автономия,  декрет,  Алаш, 



жалпы  қазақ  съездері,  Шура  Улема,  кеңестер,  Үш-жүз,  Алаш-Орда  үкіметі, 

Мұстафа Шоқай, межелену, Орынбор. 

  

Сабақтың  мақсаты:  1917  жылы    қос  революция  тұсындағы  қоғамдық-



саяси  жағдайды  талдау.  1917-1924  жылдары  құрылған  ұлттық  – 

территориялық  межелеу    мен  одақтас  республикалардың  құрылу,  қызметін, 

жойылу себептерін талдау. 

  

Әдістемелік нұсқаулар  



  

Бірінші мәселе бойынша: 

- бірінші дүниежүзілік соғыстың Қазақ даласына тигізген зардабын айта 

отырып,  Ресейдегі дағдарыстың себептеріне тоқталыңыз. 

-  1917  жылғы  ақпан  революциясының  әсерімен  болған  Қазақстандағы 

қоғамдық-саяси өмірдегі өзгерістерді баяндайсыз; 

-. Ақпан революциясынан кейінгі бағыт алған қос биліктің орнауының 

мәнін түсіндіріңіз.  

Екінші мәселе бойынша: 

-  1917  жылғы  ұлт  мүддесін  ту  еткен  бірінші  және  екінші  жалпықазақ 

съезінің басты шешімдері мен маңыздылығына тоқталыңыз;  

-  Түркістан  (Қоқан)  автономиясы  мен  Алаш  автономиясының 

құрылуына қандай оқиғалар түрткі болғанын баяндау барысында сәтсіздіктері, 

жеңілу себептері мен болашағына талдау жасаңыз.  



Үшінші мәселе бойынша: 

-  «Т.  Рысқұловшілдік»,  «М.  Сұлтанғалиевшілдік»,  «Түрікшілдік»  деп 

айдар  тағылған  Шығыс  халықтарының  ұлттық  коммунизмнің  жетекшілері: 

татар  Мирсаид  Сұлтанғалиев  пен  Тұрар  Рысқұловтың  түрік  халықтарын 

біріктіру идеясының мазмұны мен мақсаты неде деп ойлайсыз

- Т. Рысқұловтың Түркістан Түркі Коммунистік партиясы мен Орта Азия 

Түркі Социалистік Республикасын құру туралы идеясы мен саяси іс-қимылын 

анықтау  арқылы  большевиктер  тарапына  неге  қолдауға  ие  болмағандығын 

айтыңыз; 



 - 1919 жылы 10 шілдеде «Қазақ өлкесін басқару жөнінде революциялық 

комитет туралы» шешімнің қабылдануы,  1920 жылы 26 тамызда Ленин мен 

Калинин  қол  қойған  «Қырғыз  (қазақ)  АКСР  құру  тұралы»  декрет  негізінде 

кеңестік таптық мемлекет құрылды. Бұл қазақ мемлекетінің жаңғыруындағы 

күрделі кезеңдер және маңызды оқиға екенін айқындап, 1925 жылы 15 сәуірде 

Ақмешітте өткен Қазақ АКСР кеңестерінің V съезіндегі маңызды шешімдерді 

қорытындылау керек. 

 

Бақылау сұрақтар: 

1)  1917  жылғы  ақпан  төңкерісі  Қазақстанның  қоғамдық-саяси  өміріне 

қандай өзгерістер әкелді? 

2)  Кеңес  өкіметінің  Алаш  ұлттық  автономиясы  мен  Қоқан 

автономиясына қатысты ұстанған саясатын сипаттаңыз. 

3)  «Түркі  социалистік  мемлекетін  құрушылардың»  тағдыры  немен 

аяқталды? 

 

Әдебиеттер 

 

Оқулықтар 

1. Аминов Т.М. Қазақстанның қазіргі заман  тарихы. – А., 2016. 

2. Қазахстан тарихы (көне дәуірден бүгінге дейін). 5 - томдық. -А., 2000. 

3. Қазіргі Қазақстан тарихы. Под ред Б.Ғ. Аяған. - Алматы, 2010. 

4. Қазақстан (Қазақ елі) тарихы. 4 кітаптан тұратын оқулық. -Алматы, 

Қазақ университеті, 2016. 

5.  Қазақстан  тарихы.  Оқу  құралы  (Құрастырушылар:  Берлібаев  Б.Т., 

Раджапов А., Байдильдина С.Х., Жұмағұлов М.Д.) - Алматы, 2014. 

 

Дереккөздер мен зерттеулер 

1. Нұрпейісов Қ. Алаш һәм Алаш-Орда. – Алматы, 1995. 

2. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. – Алматы, 1995. 

3. Омарбеков Т. ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихының өзекті мәселелері. 

– Алматы, 2001.  

4. Шоқай Мұстафа. Түркістанның қилы тағдыры. – Алматы, 1992. 

5. Аманжолова Д.А. Казахский автономизм и Россия. История движения 

Алаш. – М., 1994. 

6.  Бекмаханов  Е,  Қазақстан  ХІХ  ғасырдың  20  –  40-жылдарында.  – 

Алматы, 1994. 

7. Гуревич Л. Тоталитризм против интеллигенции. - Алматы, 1992. 

8. Қозыбаев М.Қ. Ақтаңдақтар ақиқаты. - Алматы, 1992. 

9.  Абылхожин  Ж.Б.  Очерки  социально-экономической  истории 

Казахстана. ХХ век. – Алматы, 1997. 

 10.  Әбуев  Қ.  Қазақстан  тарихының  «ақтаңдақ»  беттерінен.  –  Алматы, 

1994.  


 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет