3-тақырып.
Қазақстандағы
кеңестік
биліктің
әлеуметтік-
экономикалық және саяси өзгерістерінің ерекшеліктері
1 Ресейдегі ақпан төңкерісі және оның Қазақстанның қоғамдық-саяси
өміріне әсері.
2 Алаш автономиясымен мен Қоқан автономиясының құрылуы және
қызметтері.
3 Тұтас Түркістан идеясының жеңіліс табуы. Т.Рысқұлов пен
М.Сұлтанғалиев. Ұлттық автономиядан таптық автономияға Қырғыз (Қазақ)
АКСР-ның құрылуы.
Негізгі терминдер мен түсініктер: төңкеріс, автономия, декрет, Алаш,
жалпы қазақ съездері, Шура Улема, кеңестер, Үш-жүз, Алаш-Орда үкіметі,
Мұстафа Шоқай, межелену, Орынбор.
Сабақтың мақсаты: 1917 жылы қос революция тұсындағы қоғамдық-
саяси жағдайды талдау. 1917-1924 жылдары құрылған ұлттық –
территориялық межелеу мен одақтас республикалардың құрылу, қызметін,
жойылу себептерін талдау.
Әдістемелік нұсқаулар
Бірінші мәселе бойынша:
- бірінші дүниежүзілік соғыстың Қазақ даласына тигізген зардабын айта
отырып, Ресейдегі дағдарыстың себептеріне тоқталыңыз.
- 1917 жылғы ақпан революциясының әсерімен болған Қазақстандағы
қоғамдық-саяси өмірдегі өзгерістерді баяндайсыз;
-. Ақпан революциясынан кейінгі бағыт алған қос биліктің орнауының
мәнін түсіндіріңіз.
Екінші мәселе бойынша:
- 1917 жылғы ұлт мүддесін ту еткен бірінші және екінші жалпықазақ
съезінің басты шешімдері мен маңыздылығына тоқталыңыз;
- Түркістан (Қоқан) автономиясы мен Алаш автономиясының
құрылуына қандай оқиғалар түрткі болғанын баяндау барысында сәтсіздіктері,
жеңілу себептері мен болашағына талдау жасаңыз.
Үшінші мәселе бойынша:
- «Т. Рысқұловшілдік», «М. Сұлтанғалиевшілдік», «Түрікшілдік» деп
айдар тағылған Шығыс халықтарының ұлттық коммунизмнің жетекшілері:
татар Мирсаид Сұлтанғалиев пен Тұрар Рысқұловтың түрік халықтарын
біріктіру идеясының мазмұны мен мақсаты неде деп ойлайсыз;
- Т. Рысқұловтың Түркістан Түркі Коммунистік партиясы мен Орта Азия
Түркі Социалистік Республикасын құру туралы идеясы мен саяси іс-қимылын
анықтау арқылы большевиктер тарапына неге қолдауға ие болмағандығын
айтыңыз;
- 1919 жылы 10 шілдеде «Қазақ өлкесін басқару жөнінде революциялық
комитет туралы» шешімнің қабылдануы, 1920 жылы 26 тамызда Ленин мен
Калинин қол қойған «Қырғыз (қазақ) АКСР құру тұралы» декрет негізінде
кеңестік таптық мемлекет құрылды. Бұл қазақ мемлекетінің жаңғыруындағы
күрделі кезеңдер және маңызды оқиға екенін айқындап, 1925 жылы 15 сәуірде
Ақмешітте өткен Қазақ АКСР кеңестерінің V съезіндегі маңызды шешімдерді
қорытындылау керек.
Бақылау сұрақтар:
1) 1917 жылғы ақпан төңкерісі Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріне
қандай өзгерістер әкелді?
2) Кеңес өкіметінің Алаш ұлттық автономиясы мен Қоқан
автономиясына қатысты ұстанған саясатын сипаттаңыз.
3) «Түркі социалистік мемлекетін құрушылардың» тағдыры немен
аяқталды?
Әдебиеттер
Оқулықтар
1. Аминов Т.М. Қазақстанның қазіргі заман тарихы. – А., 2016.
2. Қазахстан тарихы (көне дәуірден бүгінге дейін). 5 - томдық. -А., 2000.
3. Қазіргі Қазақстан тарихы. Под ред Б.Ғ. Аяған. - Алматы, 2010.
4. Қазақстан (Қазақ елі) тарихы. 4 кітаптан тұратын оқулық. -Алматы,
Қазақ университеті, 2016.
5. Қазақстан тарихы. Оқу құралы (Құрастырушылар: Берлібаев Б.Т.,
Раджапов А., Байдильдина С.Х., Жұмағұлов М.Д.) - Алматы, 2014.
Дереккөздер мен зерттеулер
1. Нұрпейісов Қ. Алаш һәм Алаш-Орда. – Алматы, 1995.
2. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. – Алматы, 1995.
3. Омарбеков Т. ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихының өзекті мәселелері.
– Алматы, 2001.
4. Шоқай Мұстафа. Түркістанның қилы тағдыры. – Алматы, 1992.
5. Аманжолова Д.А. Казахский автономизм и Россия. История движения
Алаш. – М., 1994.
6. Бекмаханов Е, Қазақстан ХІХ ғасырдың 20 – 40-жылдарында. –
Алматы, 1994.
7. Гуревич Л. Тоталитризм против интеллигенции. - Алматы, 1992.
8. Қозыбаев М.Қ. Ақтаңдақтар ақиқаты. - Алматы, 1992.
9. Абылхожин Ж.Б. Очерки социально-экономической истории
Казахстана. ХХ век. – Алматы, 1997.
10. Әбуев Қ. Қазақстан тарихының «ақтаңдақ» беттерінен. – Алматы,
1994.