Шаруашылығы. Қаңлылармал шаруашылығымен ( жылқы, қой, сиыр, түйе және ешкі өсірді) және суғармалы егіншілікпен айналысты. Сонымен қатар қосалқы шаруашылық ретінде аң аулап, балық ұстады. Қаңлылар Ұлы Жібек жолын өз бақылауында ұстап, Қытай, Парфия, Рим, Кавказ елдерімен тығыз сауда- саттық жасап тұрған. Қоғамдық құрылысы. Қаңлылардың қоғамдық құрлысында мүлік теңсіздігінің шығуына байланысты Ру басшылары, ақсақалдар мен әскери көсемдер байып, үстем тапқа айнала бастады. Сонымен қатар еңбекші бұқара дәулеттілерге тәуелділікке түсіп, ал соғыста қолға түскен тұтқындар құлға айнала бастады. Қаңлы тайпаларында билік мұрагерлікпен берілді.
Мәдениеті. Қаңлыларда қабырғалы бекіністер мен лайдан салған үйлері бар қала мәдениеті дамыды. Мысалы: Ақтөбе, Көкмардан т.б. көркемдік талғаммен металл, керамикалық ыдыстар жасаған. Ыдыстар айналып тұратын тұғырда таспалау әдісімен жапсырып жасалған. Безендіру және сапасын жақсарту үшін ангобтық қаптама, жылтырату, ойып өрнектеу қолданылған. Темір ұсталығы, қола құю, зергерлік іс дамыған. Сүйектен ою оятын қолөнер де дамыған. Қауыншы және отырар-қаратау мәдениеттері.
Археологиялық ескерткіштер: Мардан- күйік, Қауыншы, Жаушықұм, Жамантоғай, Төребайтұмсық, Алтыасар, Ақтөбе, Қарауылтөбе, Шаштөбе, Қостөбе т.б.
Ғұндар. Б.з.д. 2-1 ғасырда тарихқа “Халықтардың ұлы қоныс аударуын” әкелген ғұндар Қазақстан жеріне Орта Азиядан келді. Тарихи әдебиеттерде олар “хунну, сюнну” деген атпен белгілі. Ғұндар Атилланың басшылығымен Европаны ойрандап, атақты Рим империясын құлатып халықтардың ұлы қоныс аударуына негіз болды. Территориясы: Забайкальеден тибетке дейін, Хуанке өзенінен Шығыс Түркістанға дейін болды. 55 жылы құдіретті ғұн мемлекеті – оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінді. Оңтүстік ғұндар Хань империясына ал Чжи-чжи бастаған солтүстік ғұндар Монғолияның солтүстік-батысына орналасқан Қырғыз нұр көлінің маңына орналасты. Ол қаңлылармен бірігіп үйсіндермен, қытаймен ұзақ соғысып, жеңе алмай өзара жанжалдасып тынды. Ғұндардың Қазақстан жеріне екінші рет қоныс аударуы б.з. 93 жылынан басталды. Олар Сырдария, Арал жағасын, Оңтүстік және Батыс Қазақстанды одан әрі Дунайға дейінгі жерлерді алды.
Ғұндардың алғашқы билеушілерінің бірі – Мөде. Ол б.з.б 202-203 жылдары Саян, алтай және Жоғарғы Енисей тайпаларын бағындырған. Осылайша, ғұн державасының солтүстік шекарасын анықтаған. Б.з.б. 200-188 жж. ғұндар Хань династиясы әскерлерімен соғысып, Баден қаласының маңында оларды жеңіліске ұшыратады. Олардың арасында некеге негізделген бейбіт келісімге қол қойылады.
Б.з.б.174-161 жж. Мөде және оның мұрагері Лаошань юечжи тайпасын жеңіп, Шығыс Түркістандағы ғұндардың батыс шекарасын анықтайды. Б.з.б. 133-71 жж. ғұн тайпалары қытай, үйсін, дунху және енисей динлиндерінің бірлескен күштерінен жеңіліске ұшырайды. Осылайша ғұндардың Орталық Азиядағы саяси үстемдігі дағдарысқа ұшыраған.
Б.з.б. 56-47 жж. ғұндар солтүстік және оңтүстік ғұндар болып екіге бөлінеді. Хуханье- шаньюй бастаған оңтүстік ғұндар Қытай бодандығын мойындаса, Чжи Чжи – шаньюй бастаған солтүстік ғұндар қаңлылар территориясына көшіп кетеді. Б.з.б 42 ж. біріккен қаңлы және ғұн әскерлері үйсіндердің астанасын талқандаған. Ал б.з.б. 37-36 жж. қаңлы-ғұн одағы ыдырап, Талас жазығында Чжи Чжи ордасы пайда болады.
Б.зб. 36 жылы ғұн ордасы қытайлармен талқандалып, Чжи Чжи өлтіріледі.
Б.з. 93 ж. Солтүстік ғұндардың Жетісу мен Шығыс Қазақстан территориясына қоныстануының екінші толқыны басталады. Бұның нәтижесінде ғұндар Жоңғария мен шығыс ТяньШаньдағы гегоманияға жету мақсатында жеңіліске ұшырайды.
Б.з. 437 ж. Аттила басқаруымен ғұн әскерлері Бургун корольдығын жеңілісіске ұшыратады. Б.з. 448-451 жж. Аттиланың Шығыс және Батыс Рим империясына қарсы соғыстары жүріп, ал б.з. 452 ж. Солтүстік Италияға жорық жасайды.
Б.з. 453 ж. Ғұн империясы өзара ішкі қақтығыстар мен сыртқы соғыстардың нәтижесінде ыдырайды.