3 тақырып. Педагог тұЛҒасы және оның КӘсіби қҰзыреттілігі жоспары


ДӘРІС. Жеке тұлға тəрбиенің объектісі, субъектісі ретінде жəне оның дамуы мен қалыптасуының факторы



бет22/106
Дата29.09.2023
өлшемі0,83 Mb.
#111706
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   106
Байланысты:
3 тақырып. Педагог тұЛҒасы және оның КӘсіби қҰзыреттілігі жоспар-emirsaba.org

7 ДӘРІС. Жеке тұлға тəрбиенің объектісі, субъектісі ретінде жəне оның дамуы мен қалыптасуының факторы



  1. Тұлғаның дамыту, тәрбиелеу қалыптастыру әлеуметтендіру ұғымдары және олардың арақатынасы.


  2. Білім алушының жеке тұлғалық дамуындағы жас ерекшелік кезеңдері.



  1. Тұлғаның дамыту, тәрбиелеу қалыптастыру әлеуметтендіру ұғымдары және олардың арақатынасы. Педагогика ғылымында тұлғаны тәрбиелеу, білім беру, оқыту, дамыту, қалыптастыру, әлеуметтендіру, табыстылық, тұлғаның құзіреттілігі т.б. негізгі категориялары мен ұғымдары болып табылады.

Тәрбие үдерісінде тұлғаны дамыту, тәрбиелеу, қалыптастыру, әлеуметтендіру бір бірімен тығыз байланыста дамиды. Даму дегеніміз, ең алдымен адам азасындағы физиологиялық және психологиялық сапалық өзгерістері. Бұл өзгерістер белгілі бір әлеуметтік ортада болады. Адам биологиялық жанды зат ретінде дүниеге келеді де, ол даму үдерісінде әлеуметтік қызметтерді атқару арқылы ғана тұлға болып қалыптасады. Тәрбие әлеуметтік көзқарас тұрғысынан қарағанда қоғам бақылайтын және түзету енгізетін, жастарды мемлекеттік және қоғамдық құрылымдар арқылы басқарып бағыттайтын, қоғамның қазіргі және болашақ өміріне қатысуға мақсаттылықпен даярлау ісі.


Тәрбие туралы түсінікке баланың жеке басының қалыптасуы мен дербес ерекшеліктерін ескерумен іске асырылатын толық қанды және толық құқылы тұлға тәрбиелеуге болады деп тануды талап ететін және педагогикалық үдерістің субъектісі ретінде тұлғаның қоғамдағы жаңа ұстанымы орнығады.
Шығыстың ғұлама ойшылы әл-Фараби “Адамға ең бірінші тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне және қоғамға үлкен апат әкеледі”, - деген тұжырымы қоғам алдында үлкен жауапкершілікті мақсат етіп қояды. ХХІ ғасырдың сұранысы әлемдік білім көшіне ілесе алатын, құзыретті тұлғаның қалыптастыруға бағытталған.
Тұлғаның қалыптасуы ұғымына баланың қоғамда өздігінің өмір сүруге қабілеттілігі, өз тағдырына өзі үкім ете білуі және өзінің қарым-қатынасын түсіне білу қабілетін меңгерген, сонымен бірге құндылық атаулыны тұрақты таңдай алуы жатады. Тұлғаның қалыптасуы – тұлғаның шындықпен өзара әрекеті барысында өзгеріске түсу үдерісі және оның дене құрылысы мен әлеуметтік-психологиялық жаңаруындағы өзгерістердің пайда болуы.
Жеке тұлға дамуы мен қалыптасуында ықпал жасаушы әсерлер екі топқа бөлінеді: ішкі және сыртқы. Қоршаған орта, тәрбие – сыртқы әсерлер. Сыртқы әсерлерінен пайда болған сезімдер мен толғаныстардың жиынтығы – ішкі әсерлерге жатады. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы – осы екі фактордың байланысынан пайда болады.
Тұлғаны әлеуметтендіру біріккен қарым-қатынс іс-әрекет арысында қалыптасады. Педагог кез-келген қызметке кірісу үшін аллын-ала қойылатын талаптарды ескереді. Педагогикалық талапты орындау ғана педагогикалық мақсатты қатынастардың нәтижелі болуын қамтамасыз етіп қоймайды. Балалар ұжымындағы шағын топтардың пікірі мен беретін бағасы және іс-қылықтары да маңызды.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет