Ш бөлім. ТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮДЕРІСТІҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАСЫ
8 тақырып. ТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮДЕРІСТІҢ (ТПҮ) МӘНІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ
Жоспары:
«Мұғалімнің іс-әрекет обьектісі» және «педагогикалық үдеріс» ұғымдары.
Оқыту мен тәрбие үдерісін ажырамас бірлікте қарастыруу идеясы XIX ғасырдың ортасында өмірге келді.Қазіргі кезеңдегі біртұтұтас педагогикалық үдерістің мәні туралы түсінік ғалымдардың XIX-XX ғасырларда арнайы зерттеулерінің нәтижесінде қалыптасты. Ал «педагогикалық үдеріс» ұғымын ғылымға алғаш рет 1904 жылы П.Ф.Каптерев ендірді. «Педагогикалық үдеріс-өзінің табиғатында өзіне-өзі әрекет жасай алатын қоғамдық жеке тұлғаның жан-жақты жетілуі». Ол педагогикалық үдеріс пен тәрбиені үйлесімдікте, яғни педагогикалық үдерісті тұлғаның жан-жақты жетілу үдерісі ретінде қарастырады.
П.Ф.Каптерев педагогикалық үдерісті әртүрлі қфрлар мен құралдардан тұратын біртұтас құбылыс ретінде түсіндіріп, оқыту, білім, тәрбие беру, үйрету, дамыту, бағыт беру, жандандыру, жазалау кезеңдері болатынын атап көрсетті.
Педагогика ғылымында ХХ ғасырдың 20-жылдарында тәрбиенің заңдылықтары зерттеле бастады (Н.К.Гончаров, А.Г.Калашников). Біршама кейін педагогикалық үдерістің құрамдас бөлігі оқыту үдерісі заңдылықтарын В.И.Бабанский, Б.Т.Лихачев, В.А.Сластенин сияқты ғалымдар педагогика әдіснамасы жетістіктеріне сүйеніп, зерделеді.
М.А.Данилов «Педагогикалық үдеріс - көптеген үдерістердің ішкі байланысқан жиынтығы, оның мәні тәрбие арқылы адамның әлеуметтік құнды сапасына айналатындығы» деген анықтама берді. Педагогикалық үдерістің негізгі сипаттамасы оның біртұтастығында. Педагогикалық үдерістің барлық құраушылары бір мақсатқа бірігеді:білім берушілік, дамытушылық, тәрбиелік. Педагогикалық үдерістің тұтастығы және тұлғаны тәрбиелеу, оқыту, дамыту мақсаттарының бірлігімен және нақты оқу-тәрбие үдерісінің барысымен сипатталады.
«Педагогикалық үдеріс» ұғымының даму динамикасын қарастыралық. Ю.К.Бабанский, В.А.Сластенин, Н.А.Сорокиннің «Педагогика» оқулығында педагогикалық үдеріс қандай да біртұтас қасиеттерімен сипатталады: тәрбие, білім беру, оқыту, дамыту үдерістерін өзара органикалық бірлікте қарастырады,оның құрамына кіретін барлық үдерістерді өзара бірлікте қарайды:оқыту мен тәрбие әдістерінің бірін-бірі толықтыруына мүмкіндік береді, түпкі нәтижесі-тұлғаның бәсекеге қабілетті, инновациялық ойлауының дамуына бағытталған тұжырымдаманымектептегі педагтгикалық үдерісте жүзеге асыру;педагогикалық және оқушылар ұжымын тұтас жалпы мектептік ұжымға біріктіреді,тұтасмектеп ұжымы оқушының нәтижеге бағытталып дамуында субъект рөлін атқарады,педагогикалық үдеріске оның тұтастығын қамтамасыз ететін заңдылықтары мен ұстанымдары тән»,-делінді.
Педагогикалық үдерістің белгілері мен сапа-қасиеттері. Ғалымдар тұтас педагогикалық үдерістің бірқаттар қасиеттерін былайша сипаттайды:
1) педагогикалық үдеріс әлеуметтік жүйе, оның өмір сүруі, қызмет істеуі оған қатысушылардың өзара іс-әрекетінің алмасуымен анықталады;
2) ынтымақтастық (тек қана ұстаздармен ғана емес оқушылар бір-бірімен де) оқушы үшін әртүрлі іс-әрекеттердің тәсілдерін тезірек меңгерудің, яғни педагогикалық үдерістегі іс-әрекет субъектісінің қалыптасуының шарттарын бейнелеуді;
3) «ұстаздар-оқушылар» жүйесінің біртұтастығы педагогикалық үдеріс ішіндегі әртүрлі деңгейдегі жүйелердің өзара әрекеттесуі барысындағы мақсат пен нәтижелердің бірлігімен анықталады;
4) педагогикалық үдерістің негізгі интегративтік қасиетін әртүрлі тетіктердің бірлігі деп қарап,ондағы өзара байланысқан жүйелердің оқушылар тұлғасының қалыптасуына әсері іс-әрекет субъектілерінің (ұстаздар мен оқушылардың) қайта құру белсенділігімен сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |