Байланысты: 3 тақырып. Педагог тұЛҒасы және оның КӘсіби қҰзыреттілігі жоспар-emirsaba.org
«Функционалдық сауаттылық» ұғымы өткен ғасырдың 60-жылдары ЮНЕСКО құжаттарындапайда болды және кейіннен қолданысқа енді. Функционалдық сауаттылық-білім берудің жеке тұлғаны қалыптастырудағы әлеуметтік бағдарлануы қазіргі тез өзгермелі әлемде функционалдық сауаттылық-оқушының әлеуметтік мәдени,саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмәр бойы білім алуына ықпал ететін базалық фактор.Қорыта айтқанда, функционалдық сауаттылық дегеніміз-адамның өзін қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға мүмкіндігінше жылдам бейімделе білуі мен әрекеттесе алу деңгейінің көрсеткіші.
Білім мазмұнын жаңарту аясында мектеп білім алушыларының функционалдық сауаттылығының дамыту білім берудің басым мақсаттарының бірі ретінде айқындалып отыр.
Функционалдық сауаттылық әр мектеп пәнінің негізінде қалыптасады.Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және оның қалыптасуын тексеру құралы шығармашылық сипаттағы тапсырмалар (зерттеу жұмыстарына бейімделген тапсырмалар;экономикалық,тарихи мазмұндағы тапсырмалар;тәжірибеге бағытталған тапсырмалар т.б.)болып табылады.
Білім алушылардыңоқу жетістігін сырттай бағалау(ОЖСБ)аясында білім алушылардың функционалдық сауаттылығы бағаланады. Функционалдық сауаттылықты тексеруге арналған тест тапсырмалары алғаш рет 2014 жылы ОЖСБ тапсырмаларына қосылды.
Білім алушылардың оқу жетістігін сырттай бағалау аясында функционалдық сауаттылықтың мынадай түрлері бағаланады:оқу сауаттылығы(қазақ тілі,орыс тілі);математикалық сауаттылық;ғылыми-жаратылыстану сауаттылығы(физика,химия,биология,география).
2016-2017 оқу жылында мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттау және ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру форматы өзгерді.Мектеп бітірушілер жоғары оқу орнына түсу үшін міндетті үш пәннің қатарында «Математикалық сауаттылық», «Оқу сауаттылығынан» емтихан тапсырды.
Оқу сауаттылығы-білім алушылардың мәтін мазмұнын түсіне білу және оларға ой жүгірте білу,мәтін мазмұнын өз мақсаттарына жету үшін пайдалана білу,қоғам өмірінде белсенділік таныту мақсатында білімдері мен мүмкіндіктерін дамыту қабілеттері.Оқу жыладамдығы мен мәтінді дәлме дәл түсіну бағаланбайды,мәтінге арналған рефлекция мен ұғым,оқылғанды өмірлік мақсаттарды жүзеге асыруы үшін пайдалануы бағаланады.