3 тақырып. Педагог тұЛҒасы және оның КӘсіби қҰзыреттілігі жоспары


Білім беру парадигмасы және субъект-субъектілі қатынас



бет27/102
Дата29.10.2022
өлшемі289,51 Kb.
#46098
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   102
Білім беру парадигмасы және субъект-субъектілі қатынас. Білім берудің жаңа парадигмасының пайда болуы әлемдік білім кеңістігінде енудегі өркениетті дамудың маңызды жақтарының бірі болып табылады. Тұтас педагогикалық үдерістің қызметі бүгінгі күні білім беру парадигмасына сай ұйымдастырылуды талап етеді. Сондықтан білім беру парадигмасының нақты мәнін зерделеу қажет. Ғылыми зерттеулерде «парадигма» ұғымына әртүрлі анықтама береді.
Білім беру және педагогика сөзінде «парадигма (бейне, үлгі, мысал деген грек сөзінен шыққан) - сол кезеңдегі ғалым дамуының, ғылыми зерттеу стандартының,алынған мәліметтерді,ғылыми зерттеу нәтижелерін бағалау мен жүйелеудің моделі ретңнде қабылданған теориялық және әдіснамалық ереже, тұжырымдамалық схема». Парадигманы ғылыми термин ретінде енгізген Т.Кун, оның ғылымды тану тұжырымдамасында «парадигма танымал болған ғылыми жетістіктер» деп түсіндіріледі, яғни берілген білімдер саласындағы белгілі бір тарихи кезеңдегі ғалымдардың зерттеу практикасы,соларға қарап ұйымдастырылатын негізгі ғылыми жетістіктер (теориялар,әдістер жүйесі);қоғамдағы ғылыми қауымдастықта басым болатын зерттеу әдістерінің, мәселені қою мен оларды шешудің бастапқы тұжырымдамалық сызбасы,моделі.
Педагогикалық үдерісті жаңа парадигмаға сәйкес нәтижеге қарай бағыттау өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады:
-белсенділік пен қатынастың бірлігі,үрдіске қатысушылардың барлық субъектілерінің ұйымдастырылған бірлескен дербес іс-әрекеттері;
-әртүрлі сатыдағы жүйе қызметінің арнайы мамандануы ;
-субъектілердің өзара әрекеттері нәтижесінде пайда болатын әртүрлі қарым-қатынастарының жиынтығы.
Мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттестігі - іс-әрекет субъектісі ретінде. Кәсіби педагогикалық әрекет педагогикалық үдерістің бәр бөлігі болғандықтан, ол мұғалімнің кәсіби дидактикалық құзыреттілігінің негізі болып табылады.
Осыған байланысты,педагогикалық жоғары мектеп алдында педагогикалық міндеттерді өз бетінше шешуге қабілетті кәсіби құзыретті педагог дайындау міндеті тұрғаны айқын. Олар төмендегі педагогикалық міндеттерді шешее алатындай болуы керек:
-Рефлексивті-талдау (тұтас педагогикалық үдерісті, оның элементтерін, туындаған қиындықтарды талдау және қорытынды жасау т.б.);
-жобалау-болжау (тұтас педагогикалық үдерісті құру, жоспарлау, нәтижені және алынған шешімдердің салдарын болжау);
-ұйымдастырушылық-әрекеттік (оқу тәрбие үдерісінің әртүрлі нұсқаларын іске асыру, педагогикалық қызметтің әралуан түрінің сәйкестігі);
-бағалау-ақпараттық (педагогикалық жүйенің даму болашағы туралы ақпарат жинау, өңдеу, сақтау және оны бағалау);
-түзету-реттеу (педагогикалық үдеріс ағымын түзету, қажетті коммуникативтік байланыстар орнату, оларды реттеп отыру және қолдау).
Қазіргі заманғы мұғалімді кәсіби дайындаудың мақсатын, мазмұнын және ұйымдастыру технологиясын жаңа белеске көтеріп,одан әрі жақсартуды талап етіп отыр.
Қазіргі заманғы мұғалімді кәсіби дайындау деп мұғалім бойына уақыт талабына сәйкесті математикалық, тілдік, психологиялық-пелагогикалық және әдістемелік білім мен біліктер қалыптастыруды түсінеміз. Педагогикалық үдеріс-субъектілердің өзара әрекеттерінің нәтижесінде пайда болатын әр түрлі өарым-қатынастардың жиынтығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет