3 тақырып. Педагог тұЛҒасы және оның КӘсіби қҰзыреттілігі жоспары


«Мәңгілік ел» иеясының ұстанымдары



бет34/102
Дата29.10.2022
өлшемі289,51 Kb.
#46098
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   102
3. «Мәңгілік ел» иеясының ұстанымдары. Мәңгілік ел жалпыұлттық идеясының үздіксіз білім беру жүйесінде іске асуына байланысты атқарылып отырған шаралар тарихымыздың өткені, бүгінгіні, болашағын сабақтастыра отырып жүргізу мәселесі басты бағыт болып табылады. Мәңгілік ел ұлттық идеясының даму мен қалыптасуына тоқталатын болсақ сақ, ғұн, түркі елінің батырлары Құлтегін, Тоныкөк батырлардың ерен ерліктерінен бастау алатын, Түркі қағанаты тұсындағы түркі жұртының қайталанбас даналығы мен көрегендігінен көре білуге болады.
Қоғамның алдында тұрған негізгі мұрат бабаларымыз армандаған мәңгілік ел идеясын дамыта отырып іске асыру. Мәңгілік ен идеясының негізгі көрсеткіші еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігін сақтау, бабаларымыз аманаттаған ұлы даланы ұрпағына аманаттау, сол ұлы даланы мекен етіп отырған халықты бәсекеге қабілетті, әлемдік техникалық прогресс көшіне ілесе алатын, рухы биік зиялы ұрпақты қалыптастыру болып табылады. Идеяны іске асыруда отбасында бастау алған тәрбиелік құндылықтар үздіксіз білім беру жүйесінде табысты нәтижеге жетуі керек. Ұлттық көзқарасты қалыптастыратын тарихтан басқа, рухани көркем туындылар ұлттық мүддені алдыңғы қатарға шығарып, ұлттық танымға қызмет етуі тиіс.
4 Тұлғаның интеллектуалды даму деңгейі – оның дүниетанымының қалыптасу көрсеткіші. ХХІ ғасырда орнықты дамуды жалғастыру, 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам, бәсекеге қабілетті интелектуалды ұлтты құруды көздейді.
«Интеллектуалды ұлт - 2020» мемлекеттік бағдарламасы интеллектуалды ұлтты қалыптастырудың индикаторы болып табылатын ұлттық экономикамызды дамыту, халықтың әл ауқаты, медицинамен және тұрғын үймен, жұмыспен қамтамасыз етілуі, білімге қол жетерлігі т.б. жобада нақты ашып көрсетіп беріп отыр.
Бүгінгі студент жастар мен болашақ маманның алдында қоғамның демократияландыру мен ырықтадырудың орнықты процесін, түрлі әлеуметтік, этностық және діни топтардың келісімі мен қамтамасыз етуге бағыттайтын және қоғамда рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға нақты тапсырмаларды ұсынады.
«Интеллектуалды ұлт-2020» атты ұлттық жобаның басты идеясы - Қазақстандағы бәсекеге қабілетті адам капиталы жоғары деңгейдегі елге айналдыру бағытымен байланысты. Осыған орай адамның интеллектуалды әлеуетін дамытудың қажеттілігі мен адами капиталының құндылығы өркениетті қоғамның базалық құрамы ретінде өзектендірілуде. Мәселенің маңыздылығы Н.А.Назарбаевтың «Бізге ұлттық инттелектінің діңін құру қажет, бізге халықаралық деңгейде бәсекеге түсе алатын эрудициялы адамдар керек», деп атап көрсеткен тұжырымдарымен тікелей байланысты.
Адам капиталы ұғымы ХХ ғасырдың 60 жылдарында пайда болған экономикалық категория.Адам капиталының сапасы өндірісте болсын, елдің дамуында болсын шешуші фактор болып табылады. Әр елдің экономикалық тұрғыдан дамуы оның жер асты байлықтарымен, пайдалы қазбаларымен, материалдық құндылықтарымен емес, керісінше адамардың білім мен іскерліктер сапасына байланысты бағалануда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет