3 тақырып. Педагог тұЛҒасы және оның КӘсіби қҰзыреттілігі жоспары



бет57/102
Дата29.10.2022
өлшемі289,51 Kb.
#46098
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   102
Отбасының қызметтері, типтері
Отбасы құрамын анықтау;
Құрамы толық, толық емес, бір балалы, көп балалы, ата- анасы ажырасқан отбасылар;
Тұрмысы мен тұратын үй жағдайы, қаражатпен қамтамасыз етілуі, отбасының тәрбиелік ықпалы: күшті, тұрақсыз, нашар, теріс.
Отбасындағы қарым қатынас сипаты:
Отбасы мүшелерінің қарым қатынасы үйлесімді, тіл табысатын, тұрақсыз, сырт көзге дұрыс көрінгенмен де қайшылыққа толы, моральдық қыры төмен.
Отбасы мен бала арасындағы қарым- қатынас көз жұмушылық, қомқорлық таныту, тең қатынас құру, тұйық қатынас құру, немқұрайлы қатынас орнату, балаға шеттен тыс өбектеу, өз жауапкершілігіне жүктелген қатынас, өз еркіне берілу, бақылаусыз қалдыру.
Баланың отбасындағы ұстанымы (педагогикалық тұрғыдан дұрыс, отбасы мүшелері теріс баланың жеке басын жоғары қояды, екі адамның арасындағы дау жанжал арқылы баланы өз жағына тарту, өз жағына тарту, өз бетімен жүруі, оған ешкім назар аудармауы, беделді отбасы мүшесінен қорқу, өзіне сенімсіз, ата-анасымен ашық сөйлескісі келмейді.
Отбасындағы баланың өзін- өзі сезінуі :
«Мен отбасына керекпін, олар мені жақсы көреді, мен де оларды жақсы көремін».
«Мен отбасына керекпін, олар мені жақсы көреді, мен үшін өмір сүреді».
«Мен керекпін, бірақ мені ешкім жақсы көрмейді, ал мен олармен барлық жан тәніммен жақындасқым келеді».
«Мен оларға керек емеспін, олар мені жақсы көрмейді, сондықтан мені де мазаламандар».
Баланың ата анасына қатынасы:
Отбасылық қарым-қатынас маңызды, ата-аналары беделді, балаға немқұрайлы қарайды; баланың көңілінде үлкен күйзеліс бар; отбасы мүшесінің біреуіне жақын болғысы келеді.
Ата-аналар мен жасөспірімдердің арасындағы қайшылықтарды жеңуі үшін ата-аналармен педагогикалық жұмыстар жүргізудің маңызы зор. Ол жұмыс бірнеше кезендерден тұрады.
Ата-аналарға педагогикалық тәрбие беру кезеңдері;
Диагностикалық отбасындағы шешілмеген мәселерді, ата-ананың құндылық бағдарын және мәдени деңгейін анықтау.
Консультатция жүргізу мектепте ата-аналардың түрлі сұрақтарына жауап беру түрлерін ұйымдастыру.
Мониторинг кезеңі, ата-аналардың тілегінің қаншалықты жүзеге асқанын, жүргізілген педагогикалық жұмыстардың ата-анаға пайда келтіргенің бақылау және жетілдіру.
Отбасын әлеуметтік педагогикалық тұрғыдан ағарту кезеңі.
Ата-ананың баламен қарым-қатынасын реттеу үшін оларды балалармен бірге үйірмелік, спорттық т.б жұмыстарға қамту.
Ата-ананың баламен қарым қатынасын дамыту үшін баламен отбасында мәдени қарым қатынас орнату жайлы әңгіме өткізу;
Ата-ана мен балалардың бірімен бірінің сыйластығын арттыру мәдинетін қалыптастыру.
Бала,ата ана және мектептің өзара құқықтық әрекеттестігі.
Бала мен үлкендердің өз құқықтарын білуін қамтамасыз ету :
«Мектеп өмірінің кодексін» жасап, оны талқылауға ата аналарды кеңінен араластыру.
Осы бағдарламаны жүргізу үшін сынып жетекшісі ата аналармен түрлі сабақ формаларын; әңгіме, дәріс, іскерлік ойындар өткізеді. Мектепте педагогтар арасында өз бастамаларымен арнайы топ құрып, бұл жұмысты қызықты етіп өткізуге болады. Алдыңғы қатарлы тәжірбиені талдау барысында, оны жетілдіріп, барлық педагогтардың ортақ тәжірбиесіне айналдырған абзал.
Отбасында ата-аналар мен бала арасындағы қайшылықтарды болдырмау мақсатында мектеп пен отбасы арасындағы қарым-қатынас пен ынтымақтастықты арттыру көзделеді. Ата- аналармен педагогикалық сабақ жүргізу барысында олармен ынтымақтыстықты арттыру үшін сауалнама жүгізіп, алдағы жұмыстардың бағытын анықтауға болады.
Ата-аналар жиналысын өткізу тақырыптары:
«Сіздің баланыздың туған күні», «Біз айтатын өнегелі сөздер, «Біз балаларды туған елін сүюге үйретемізбе?», «Осы заманға адамның өміріндегі күрделі және өткір мәселелер», «Қазіргі заман адамдарының өмірлік құндылықтары», «Өмірдің адамгершілік заңы», «Экологиялық зардаптар» т.б.
Отбасын түрлі ұйымдар мен арнайы мамандармен байланыстыру.
Үкімет құрамдарымен байланыстыру; денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, еңбекке орналастыру орталығы, спорт және мәдениет комитеті, тәртіп бұзушылықтың алдын алу бөлімі, кәлеметке толмаған балалар инспекциясы.
Отбасында көмектесетін орындар: қиын балаларды қалпына келтіру орталықтары, балалр үйі, психологиялық медициналық қызмет, отбасымен жұмыс атқаратын орталық, наркологиялық т.б
Басқа саланың мамандарымен кездестіру: дәрігер, қосымша білім беру жүйесінің педагогтары т.б
Түрлі отбасылармен әлеуметтік педагогикалық жұмыс: ата-ананың қарауынсыз қалған балаларды анықтау; олардың тұрмыстық жағдайын және тәрбиесіне назар аудару; оларды тәрбиеге алған адамдарға көмек көрсету шараларын қарастыру; олардың құқын қорғау; құқықтарымен таныстыру.
Көп балалы отбасылар: мектеп тарапынан бала тәрбиесіне және материалдық көмек беруге көмектесу, отбасындағы бос уақытты өткізге кеңес беру, еңбекке баулу, құқықтарымен таныстыру:
Толық емес отбасылар: қосымша көмек алу жағдайын қарастыру, психологиялық педагогикалық консультация ұйымдастыру, тәртіп бұзудың алдына алу, тәрбиеге практикалық жағына көмек беру, заңмен қаруландыру.
Күрделі отбасылармен жұмыс жасау: отбасы мәселелерінің дамуын зерттеу, оларға психологиялық және педагогикалық көмек көрсету, құқықтық заңдармен таныстыру.
Отбасындағы тәрбие жұмысын ұйымдастыру.
Тәрбие жұмыстарын жоспарлауға ата аналардың қатысуы.
Мектептегі, сыныптағы тәрбие жұмысын жобалауда, жоспарлауда және оларды құруда ата аналармен ынтымақтастықта жұмыс атқару негізгі орын алады.
Қоғамның сұранысына сәйкес «оқушы мұғалім ата-ана» өзара бірлестік жүйелі түрде жұмыс жоспарын құру арқылы іс әрекеттерді ұйымдастыру арқылы тәрбиенің алдына қойған мақсат, міндеттер, негізгі қағидалары орындалады. Мектептегі, сыныптағы тәрбие жұмысын жоспарлауда мектептік ата-аналар комитеті, сыныптағы ата-аналар комиетінің идеялары басшылыққа алынады. Қазіргі танда мектептерде тәрбие жұмысын жетілдіруде ата-аналардың ықпалын ерекше атауға болады. Себебі, тәрбие жұмысын жобалауда, жобалауда, жоспарлауда ата-ана өз балаларының білімді, білікті, шығармашыл, интеллектуалды тұлға болып қалыптасуын бірінші шарттардың қатарына қояды.
Мектеп басшылары, мұғалімдері мен сынып жетекшілері, әлеуметтік педагог, психолог т.б оқушылармен және оның ата-аналарымен педагогикалық дәріс, ғылыми практикалық конференция, ата-аналар жиналысын, треннинг, диспут т.б жұмыстардың түрлерін бірлесе жүргізеді.
Педагогикалық дәріс мақсаты ата-аналардың назарын бүгінгі отбасы мәселелеріне аудару. Мұндай дәрістер ата-аналарға тәрбие теориясынан жүйелі білім берді.
Балалармен жаппай педагогикалық оқуды сыныптардан бастаған жөн, оның себебі мектептегі оқу қызметімен қаруландырудың негіздері осы кезеңде басталды. Оны мектеп директоры, оқу және тәрбие ісінің меңгерушілері, сыныптан тыс және мектен тыс жұмысты ұйымдастырушылар жүргізеді. Мектептегі параллель сыныптарды біріктіріп өткізуге болады.
Көптеген мектептерде Педагогикалық білім университтері ата аналармен күрделі жұмыс формаларын ұйымдастырады. Тәрбие теориясынан дәрістер оқылып, семинар сабақтар жүргізіледі.
Ата-аналарды мектеп өмірінің қырын түсіну үшін бала тәрбиесі жөніндегі жылдық қортынды конференцияға қатыстыру ұйымдастырылады.
Онда отбасында шешімін таппай келе жатқан мәселелер қаралады. Ең маңызды тақырыптын бірі отбасында баланы еңбекке тәрбиелеу т.б
Сынып жетекші отбасымен педагогикалық және психологиялық тұрғыдан байланыс орнатуы тиіс.
Бірінші ереже. Мектеп пен сынып жетекшісінің ата-анамен байланыс орнатудағы басты қадамы ата ананың беделін көтеретін іс шараларды белгілеу. Ешқашан сынып жетекшісі ата-анаға сын ескертпе жасап, өзін одан жоғары ұстауына жол бермеуі керек. Сынып жетекшісі мен ата-ана арасындағы түсінікті байланыс қана біріне бірінің арасындағы сенімін, құрметін арттырып, өзара тәжірбие алмастыруға мүмкіндік береді. Ең бастысы сынып жетекшісі мен ата- ананың түсіністік қарым қатынасы оқушыны жауапкершілікке, қойылған талапты орындауға, азаматтық борышын өтеуге дайындайды.
Екінші ереже. Ата-ананың тәрбиелік мүмкіндігіне сенім арту, педагогикалық мәдениетін көтеруге және тәрбие ісіне белсенді араласуына қолдау көрсету. Ата-ана психологиялық тұрғыдан бала тәрбиелеу талаптарына үнемі дайын болуын есте ұстауы қажет.
Үшінші ереже. Отбасының ішкі өміріне араласпау. Сынып жетекшісі ресми адам болғандықтан, отбасының ішкі дүниесінен хабардар болуы мүмкін. Кәсіби білікті сынып жетекшісі үнемі отбасында пайда болған мәселені шешуге келуі тиіс. Оның мейірімділігі мен жақсылығы жүректен шығуы тиіс.
Төртінші ереже. Отбасында баланың жағымды жақтарын бала тәрбиесіне негіз етіп, оны жетістікке қол жеткізуге тәрбиелеу. Баланың мінез құлқын тәрбиелеу өте қиын болғанымен де,кездесетін қайшылықлықтарды шеше білу және педагогикалық ситуациялардың дұрыс таба білу өте маңызды.
Мұғалімнің отбасымен байланыс орнату ең маңызды мәселе. Осыған орай, мұғалім отбасы мүшелерімен танысқан жөн. Ерекше назар адаратын мәселенің бірі ата-аналардың үнемі жұмыста болуы. Сондықтан мұғалімнің кез келген уақытта ескертусіз ата-ананың үйіне келуі, түрлі ынғайсыздық тудыруы мүмкін. Сол себепті мұғалімді ата-ана өз уақытының ыңғайына қарай отбасына шақыру тиіс. Мұғалім отбасына келетін уақытын алдын-ала белгілеп, оқушының жетістігімен кемшілігін педагогикалық тұрғыдан дұрыс көрсетіп, психологиялық жағынан шебер жеткізе білу тиіс. Отбасы тәрбиесін дұрыс жолға қою үшін ғылыми көпшілікке арналған әдебиеттерді пайдаланудың маңызы зор. Дегенмен де ата-ана сынып жетекшісінің айтқан пікірін өз баласының жағымды қырларын және бала тәрбиесінде жіберілген кемшіліктерін мұқият қабылдайды. Пікірлесу барысында кейбір отбасылардың жағымды тәрбиесінен хабардар болады.
Ата-аналармен байланыс орнатудың тағы бір түрі, оларға педагогикалық тапсырма жүктеу. Мектеп үйірмелерін жүргізу, техникалық үйірмеге қатысу, түрлі көмек көрсету т.б жұмыстарға да араласа алады.
Мектепті материалдық базасын нығайтуға, шаруашылық жұмыстарын жүргізуге көмектесу, кабинеттерді жабдықтауға, мектептің айналасын көгаландыруға т.б істерге көмектеседі. Әр ата ананың мектепке көмектесе алатынын сауалнама арқылы анықтауға болады.
Осы бағдарламаны жүргізу үшін сынып жетекшісі ата аналармен түрлі сабақ формаларын: әңгіме, дәріс, іскерлік ойындар өткізеді. Мектепте педагогтар арасынан өз бастамаларымен арнайы топ құрып, бұл жұмысты қызықты етіп өткізуге болады. Алдыңғы қатарлы тәжірбиені талдау барысында, оны жетілдіріп, барлық педагогтардың ортақ тәжірбиесіне айналдырған абзал.
Отбасында ата-аналар мен бала арасындағы қайшылықтар болдырмау мақсатында мектеп пен отбасындағы қарым-қатынас пен ынтымақтастықты арттыру көзделеді. Ата-аналармен педагогикалық сабақ жүргізу барысында олармен ынтымақтастықты арттыру үшін сауалнама жүргізіп, алдағы жұмыстардың бағытын анықтауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет