3 тақырып. Педагог тұЛҒасы және оның КӘсіби қҰзыреттілігі жоспары



бет53/102
Дата29.10.2022
өлшемі289,51 Kb.
#46098
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   102
Іскерлік ойындар-заттық және әлеуметтік мазмұндағы кәсіби іс-әрекетті, белгілі бір тәжірбиеге тән қарым-қатынасты модельдеу формасы. Ойын арқылы адамның белгілі бір типті тәжірбиелік әрекет жасауын ұйымдастыруға байланысты және қатысушылардың мақсатына орай, ойынның мынадай түрлері ажыратылады: оқу, зерттеу, басқару, аттестациялық.
Әлеуметтік тәрбие үшін іскерлік ойынның мынадай сипаттарын ескеруге болады:
-ойын арқылы шынайы өмірде қол жеткізе алмайтын мәселеге қол жеткізіп, сонан кейін оны шынайы өмірде қолдануға болады;
-ойын арқылы адам жаңа идеяны белгілі бір іс-әрекет, іс-қимыл арқылы жылдам игеруге ұмтылады.
-ойында қиял элементі болғандықтан, ол адамның жасырын қабілетін ашуға мүмкіндік береді;
-өзге адамның рөлін орындау арқылы, сол адам үшін ненің маңызды екенін және оның жеке басына тән түрткісін түсінуіне көмектеседі.
Тәрбиеленуші іскерлік ойынның танымдық мазмұнымен танысу арқылы өзге қатысушылармен өзара әрекеттесуге, белгіленген нұсқаға сәйкес бірігіп қызмет атқаруға және оны шешуге дайындалады, өз шешімімен бірге, ортақ шешім қабылдауға дағдыланды. Түрлі жағдаяттық мәселелер қатысушыларды бірігіп әрекет етуге, ортақ пікірге сай шешім қабылдауға жаттықтырады.
Ұжымдық шығармашылық істер технологиясы. Аталған технология оқушының бойындағы шығармашылық дамуды көздейтін замануи технологияларға жатады. Замануи технологиялар қазіргі танда кеніннен қолдану аясында. Қоғамның сұранысына байланысты, сыни тұрғыда ойлау технологиясы, миға шабуыл технологиясы, интербелсенді әдістер, ІР технологиясы т.б. тұлғаның шығармашылық дамуына ықпал ететін әдістер мен тәсілдерді жинақтаған. Ұжымдық шығармашылық істер технологиясы болғандықтан, тапқырлық, белсенділік, табыстылық, төзімділік, көпшіл, мейірімділік қарым-қатынастар жеке тұлғаның бойында да және де ұжымда да қалыптасады.
Қазіргі дамыған коғамда коммуникациялар ақпарат тасқынын меңгеруге үлкен мүмкіндіктер ашып отыр. Біріккен ұлттар ұйымның шешімімен "XXI ғасыр - ақпараттындыру ғасыры"-деп аталуы да қоғамдағы ғылыми-техникалық прогрестің негізгі ақпараттандыру екеніне тоқаталады. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Интеллектуалды ұлт-2020" ұлттық бағдарламасының негізгі басты бағыты қоғамды ақпараттандыру деп атауы да болашақ ұрпақтың алдына үлкен міндеттерді жүктейді. Елбасы атап көрсеткендей "Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқаи сай мүдделі жаңа білім беру өте-мөте қажет" деуі де қоғамды ақпараттандыру оқушыларға ақпараттық білім негіздерін, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын меңгерту болып табылады. Ақпараттық технологияларға электрондық есептеуіш техника,оқу-тәрбие үдерісінде компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге негізделген компьютерлік технологиясы жатады. Ара қашықтықтан білім оқытатын технологиялар әр түрлі оқушыларға үздіксіз білім беру жүйесінің бір формасы ретінде білім алуға мол мүмкіндіктер жасайды. Ақпараттық технология коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы оқу мен тәрбиені жетілдіруді көздейді. Интерактивті технологияларды пайдалу арқылы бірлесе отырып іс-әрекет жасауға, мультимедиялық проектор және ACTIVstudio, ACTIVtablet, ACTIV wandуказкас, ACTIVslate, Флипчарт программаларын тәрбиелік іс-шараларда тәрбие және сынып сағаттарында, конференция, диспут, дөнгел үстелдерде пайдалану арқылы оқушылардың ақпараттық жүйелер бойынша білімдік деңгейлері кеңейеді.
Мультимедиялық технологиялар да тәрбие шарасын іске асыруда негізгі орын алады. Қазіргі танда мектептерде өте жиі қолданылатын технологиялардың бірі. Тәрбиелік іс-шараларда аудио технология, проектор, телевизор, магнитофон т.б. пайдалана отырып, оқушының танымдық деңгейін дамытуға ықпал етеді.
SMART технологиясы әлемдік деңгейде заманауи тұрғыда, жаңашылдықпен іске асып отырған технологиялардың бірі. Тәрбие жұмысында көптеген іс-әрекеттер презентациялар, слайд шоу, дыбыстық жүйелерді пайдалана отырып, қашықтықтан тапсырма беру, интербелсенді әдістерді пайдалану арқылы іске асады. Бұл технологияның ерекшелігі оқушы кез-келген уақытта электронды жүйе арқылы өзінің білім көздеріне қолжетімділігі арқылы білік, білім, дағдысын жетілдіре алады, білім қорынының молаюына ықпал етеді. Замануи байланыстарға SMART технологиясы кез-келген шараларға байланысты материалдарды еркін пайдалана отырып, өте қызықты өткізуге жағдай туғызады.
Тәрбиелік іс-шараларда кейс технологиясы тәрбиелік іс шараларда әр түрлі кездесетін жағдаяттардан, әртүрлі пікір таластардан шығудың жолдарын анықтайтын, өз көзқарастарын, дағдыларын, ойлауды, пікір талас тудыра отырып, одан шығу жолдарын, жағдаяттарды шешуге негізделген сұрақтар мен тапсырмалардың жинақталуын қалыптастырады. Кейс (case) ағылшын тілінен ааударғанда "жағдай" "жағдаят" деген мағынаны береді. Оқушының өмір сүру кеңістігіде әр түрлі жағдаяттардың туындайтыны белгілі. Кейс технологиясын тәрбиелік іс-шараларда қолдануда жағдаяттардан мұғалім шығудың жолдарын нақты айқындайтын әдіс-тәсілдерді, талдауларды, мәселелерді шешуде алгоритмдік реттілікті құра білуі керек.
Жаңашылдық үлгіде тәрбиелік шараларды іске асыруда ақпараттық технологияның негізгі ғаламтор жүйесінде смартфон немесе компьютер арқылы Whatsappты пайдалану өзекті болғанын көреміз. XXI ғасырдың басында бұл жүйені әлемнің 57 пайызы пайдаланып отыр. Адамның санасын қалыптастыруда ақпараттық жүйенің негізгі орын алатынын көріп отырмыз.
Қарым-қатынас технологиясы. Педагогикалық үдерісті жүзеге асыру үшін педагогикалық міндетті шешуді көздеу керек. Біріншіден, педагогикалық міндетті шешуге екі субьект (педагог пен тәрбиеленуші) қатысады. Екіншіден, көзделеген міндетті жүзеге асырумен бірге тәрбиеші өз ісіне сырт көзбен қарап, өз ісін бағалай білуі тиіс. Үшіншіден, педагогикалық міндет үнемі оқыту міндетімен диалектикалық тұрғыдан тығыз байланысты болғандықтан, тәрбиеленушінің оқу міндетін шешуімен байланысты. Педагогикалық міндет педагог басшылығымен, оқушының іс-әрекетін белсендірумен жүзеге асады.
Тәрбие технологиясы әлемдік тәжірбиені негізе алатын болсақ тәрбие технологиясы тұлғаны дамыту, әлеуметтендіру, бейімдеу, сыни тұрғыда ойлау, өзара қарым қатынаста әдеп негіздерін сақтау іс әрекеттерін қамти отырып, тұғаның рухани құндылықтарын қалыптастыруға негізделген педагогикалық оқу-тәрбие үрдістің жетістігін қамтамасыз ететін іс-әрекет болып табылады.
Маманның педагогикалық шеберліктің төрт құрамды бөлігін ажыратуға болады: оқушылардың жеке және ұжымдық қызметін ұйымдастыру шеберлігі; оларды сендіру шеберлігі; білім және іс-әрекет тәжірбиесін меңгерту шеберлігі; педагогикалық техниканы меңгеру шеберлігі. Педагогикалық қызметте осылардың бәрі тығыз байланыста болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет