3 тақырып. Педагог тұЛҒасы және оның КӘсіби қҰзыреттілігі жоспары



бет61/102
Дата29.10.2022
өлшемі289,51 Kb.
#46098
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   102
Оқытудың ғылымилығы. Оқытудың басты мақсаты - білім беру. Оқушылар пәндер арқылы ғылымның негіздерін үйренеді;

  • Оқытудың тәрбиелілігі. Оқу үдерісінде оқушылардың білім алуымен қатар, олардың дүниеге көзқарасы, адамгершілігі қалыптасып, ақыл-ой дамиды;

  • Оқытудың көрнекілігі. Көрнекілік - білудің, танудың, ұғынудың басты құралы ;

  • Оқытудағы саналылық пен белсенділік – оқушылардың оқуға ықыласпен шығармашылықпен қарауы, оқу материалын өмірде қолдана білуі;

  • Оқытудағы жүйелік пен сабақтастық. Оқу материалы оқушылардың жас ерекшеліктеріне, дүниетаным қабілеттеріне лайықты бір-бірімен сабақтас, бірте-бірте күрделендіру принципімен құрылады. Бұл принциптер оқу бағдарламасын жасау жүйесін, оқушылардың тиісті іс-әрекеттерін айқындайды;

  • Оқытудың түсініктілігі. Оқу материалы оқушылардың қабілетіне, ұғынуына лайықты болуы тиіс ;

  • Оқушылардың білімді терең және тиянақты меңгеруі – оқу үдерісінде оқушылардың алған білімін одан әрі дамытып, жетілдіруі;

  • Жеке оқушылардың ерекшеліктеріне сәйкес қарым-қатынас. Жеке адамдардың өздеріне тән ерекшеліктері оқушылармен дербес қарым-қатынас жүргізуді талап етеді.

    Дидактикалық принциптер оқу-тәрбие жұмыстарының заңды жүйесін көрсетеді, оқытуда табысқа жетудің қажетті шарты болып табылады.
    7.4. Дидактикалық негізгі категориялары. Категориялар – (грекше kategoria – түйіп айту) . Философияда - шындық көріністері мен танымның маңызды, жалпыға ортақ қасиеттері мен қатынастарын бейнелейтін , мейлінше жалпылама және іргелі ұғымдар олар адам ойлауының жалпы заңдылықтарын білдіреді.
    Оқыту - тәжірибелі ұстаз бен оқушының арасындағы нәтижесінде белгілі білімдер , іскерліктер , дағдылар тәжірибені және өз мінез-құлқын , тұлғалық қасиеттерін қалыптастыратын бір мақсатқа бағытталған белсенді өзара әрекет үдерісі. Дидактиканың негізгі категориялары : білім беру, оқыту, оұу, оқыту ұсатнымдары, оқыту үдерісі, мақсаты, міндеттері, мазмұны, түрлері, әдістері , құралдары , нәтижесі.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   102




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет