3 тақырып. Педагог тұЛҒасы және оның КӘсіби қҰзыреттілігі жоспары


Дидактикалық құзіреттілік-мұғалімнің кәсіби-педагогикаклық құзіреттілігінің компоненті



бет66/102
Дата29.10.2022
өлшемі289,51 Kb.
#46098
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   102
7.8.Дидактикалық құзіреттілік-мұғалімнің кәсіби-педагогикаклық құзіреттілігінің компоненті. Болашақ мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзіреттілігінің “педагогтың жеке бас сапалары мен оның психологиялық –педагогикалық және теориялық білімнің, кәсіби және дидактикалық құзіреттілігінің үйлесімділігі, тұлғалық кәсіби сапаларын үздіксіз дамыта білу қасиеті”деп айқындалуы оқытылатын пәннің ғылыми негіздерін, мазмұнын, оларды оқытудың ортақ және кейбір пәндердің жеке ерекшелігіне байланысты әдістемелерін, оқытуда қолданылатын технологияларды толық меңгеруімен, сабақ үдерісінде дидактикалық талаптарды (оқытудың ұстанымдары мен заңдылықтарын, оқыту формаларын,құралдарын, нәтижені бағалау әдістерін т.б) жүзеге асыруға қажетті білім, білік, қабілет,дағдысы және тәжірибесінің болуымен анықталатын кәсіби сапасы деп нақтыланған бастауыш сынып мұғалімінің дидактикалық құзіреттілігінің анықтамасмының негізінде ұсынылады.
Жоғары оқу орындарында оқып жүрген болашақ мұғалімдердің дидақтикалық дайындағы ондағы оқыту үдерісінің тиімді ұйымдастырылуымен тығыз байланысты .
Дидактикалық даярлық-кәсіби-педагогикалық даярлықтың негізгі және маңызды саласы.Мұғалімдердің дидактикалық даярлығына олардың оқыту үдерісінің теориясы мен практикасы бойынша игерген білімдері, педагогикалық қызметке деген ынтасы мен мүмкіңдіктері жатады.
Дидактикалық қабілеттілік-оқу материалын оқушылар жеңіл түсінетіндей , қарапайым меңгерілетіндей етіп жеткізе білу, яғни оқу-тәрбие үдерісін тиімді құра білу.
Дидактикалық біліктілікті біз мұғалімнің білім беру, оқыту қызметін орындаудағы , әртүрлі дидактикаклық міндеттерді шешудегі түрлі әдіс-тәсілдерді меңгеру деп қарастырамыз.
Оқушылардың оқу-танымдық қызметін ұйымдастыру туралы психологиялық-педагогикалық ережелерді негізге ала отырып,біз бастауыш сынып мұғалімінің “білімді және іс-әрекет амалдарын меңгеру үдерісін басқару» түсінігінің мазмұнын айқындайтын дидактикалық біліктілігін төмендегіше анықтадық: оқу материалын меңгеру мақсатын қоя білу; меңгеру үдерісінде оң ынта туғыза білу; оқу материалын нәтижелі игеруді, қабылдауды ұйымдастыра білу; өтілген материалдарды ой-елегінен өткізуді қамтамасыз ете білу; алған білімді қолдану және қорытындылау білігі мен дағдысын қалыптастыра білу; білімді меңгеру барысын үнемі бақылауда ұстай білу; меңгеру үдерісіне түзету жасай білу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет